Мына бір есепті қараңыз
Мына бір есепті қараңыз
19.05.2015 13:42
7516
0

                                                                                   

Бір әйел өз қаласында қазыға барып шағым жасапты: «Менің туған бауырым қайтыс болды. Оның артында бақандай алты жүз алтын дирхам мұра қалды. Сол ақшадан маған бар болғаны бір дирхам тиді. Туысқандарыма осының дұрыс еместігін түсінірсеңіз», - деді мұңайып. Сонда қазы сәл ғана ойланды да былай деді: «Бәлкім, сенің марқұм бауырыңның артында бір әйелі, бір анасы, екі баласы және он екі бауыры қалған шығар. Солай емес пе?»

-  Иә, дәл солай!, - деді таң қалған әйел.

-  Олай болса, сенің алатын ақың осы. Олар саған қиянат жасап жатқан жоқ, - деді де мынадай есепті түсіндіріп берді: - Тыңдаңыз, сіздің бауырыңыздан қалған мұраның сегізден бір бөлігі әйеліне тиесілі. Ол 75 дирхам болады. Ал балаларының әрқайсысына үштен бір бөліктен тиеді. Ол 400 дирхамды құрайды. Анасына алтыдан бір бөлігі беріледі. Ол 100 дирхам болады. Содан қалған 25 дирхам он екі бауыры мен бір қарындасына бөлінеді. Сонда ер азаматтардың әрқайсысына 2 дирхамнан тиеді де, сізге қолыңыздағы бір дирхам бұйырады. Әйел риза болып кері қайтады.

Міне, ИСЛАМ!

Міне, ЕСЕП!

Міне, ӘДІЛЕТ!

 

  Ғибратнама 

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін

 

0 пікір