МҰСЫЛМАНДАРДЫ АРТТА ҚАЛДЫРЫП ОТЫРҒАН ҮШ КЕСЕЛ (Білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік)
МҰСЫЛМАНДАРДЫ АРТТА ҚАЛДЫРЫП ОТЫРҒАН ҮШ КЕСЕЛ (Білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік)
29.10.2020 09:26
1410
0

Туған жерге деген сүйіспеншілік елді көркейтуге, білім іздеген жастардың талабына қолдау білдіруді де ұқтырады. Осы себепті Ислам дінінде ең жақсы садақа ілім жолындағыларға берілген садақа екендігі айтылған. Тарихта әлі күнге дейін мұсылман елдерінде жекелеген қайырымдылық қорлар арқылы студент жастарға шәкіртақы беріліп отырады.

Бұл сол елдің болашағына жасалған қамқорлық екені сөзсіз. Өйткені, бір тағылымды кеңесте «Бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле, білімге көңіл бөл» делінген. Соңғы ғасырлардағы ірі ғұламалардың: «Мұсылмандарды артта қалдырып отырған үш кесел: білімсіздік, өзара алауыздық, кедейлік» деп атап көрсеткендей, бүгінгі күнгі көзі ашық, көкірегі ояу мұсылмандардың елге деген жанашырлығы жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, сондай-ақ ұлтжандылық пен мұсылмандық тәліммен де сусындауында жатыр.

Ислам діні әр нәрсенің бір зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу керектігін ұқтырған. Білімділер білімін басқаларға үйрету арқылы білімінің зекетін берсе, дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болумен, қайыр садақа, зекеттерін беру арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай жасауға міндеттелген.  

 

0 пікір