Менің патшалығым көзімді ашқан кезде бітті, ал сенікі...
Менің патшалығым көзімді ашқан кезде бітті, ал сенікі...
02.12.2019 11:39
1773
0

Халифа Харун Рашид бір күні Бәхлүл Дана хазреттерімен көріскісі, хикметті, даналық сөздерін тыңдағысы келеді. Адамдарына оны тауып, алып келуін бұйырады. Іздеуге кеткендер оны мазаратта ұйықтап жатқан күйінде тауып алады.

 Оятқан кезде:

 «Сендер не істедіңдер! Мені патшалық мансабынан түсірдіңдер. Енді мен не істеймін?» деді.

Патшаның қызметшілері бұл сөздерін айтып берген кезде, халифа мұның сырын түсіне алмады, алдына келген кезде сұрады:

− Ей Бәхлүл! Бұл не тірлік? Сен қай патшалықтан түсірілдің?

Түсімде қандай тамаша патша едім. Зәулім сарайларым, әскерлерім бар еді. Салтанат пен шаттық ішінде едім, алайда сенің адамдарың мені оятты және тағымнан түсірді.

− Жарайды, бірақ Бәхлүл, түстегі патшалыққа мән беруге бола ма? Қара, көзіңді ашқан кезіңде бәрі біткенін көрдің.

− Менің патшалығым көзімді ашқан кезде бітті, ал сенікі көзіңді жұмған кезіңде бітеді. Арадағы айырмашылық неде? Оның үстіне мен көзімді ашқанымда өмірге келдім. Ал сен көздеріңді жұмғаныңда салтанатыңнан айрыласың және өкінішің басталады, сұраққа тартыласың. Ал енді айтшы, қайбіріміздің патшалығымызға мән берілуі керек?

 

Харун Рашид айтатын сөз таба алмады.

0 пікір