Мен де сен де жәннатқа кіретін секілдіміз
Мен де сен де жәннатқа кіретін секілдіміз
09.11.2016 11:40
2884
0

Шайыр Имран ибн Хаттанның әйелі өте сұлу болған екен. Ал шайыр ажарсыз кісі екен. Бір күні әйелі күйеуіне: «Мен де сен де жәннатқа кіретін секілдіміз» дейді. Шайыр таңырқап: «Қалайша?» деп сұрайды. Әйелі: «Себебі мен тәрізді сұлу жан саған нәсіп болып, шүкірлік еттің. Ал маған сен секілді жан бұйырды. Сынақтан мінсіз өтіп, сабырлық көрсеттім. Шүкірлік етуші де сабыр етуші де жәннатқа кіреді» деген екен. 

P/S: Бұйырған жақсылыққа шүкір етіп, бұйырмағанға сабыр етейік...

Бауыржан Алиулының ФБ-дағы парақшасынан

0 пікір