ЛӘЙЛӘНІ ОЙЛАЙМЫН ДЕП…
ЛӘЙЛӘНІ ОЙЛАЙМЫН ДЕП…
20.06.2022 16:20
350
0

Бір күні мешітте Мәжнүн намаз оқып тұрған бір кісінің алдынан байқаусызда кесіп өтіп кетеді. Әлгі адам намазын бітіре сала Мәжнүнге жақындап;

– Әй Мәжнүн! Көрмеймісің, намаз оқып тұрғанымда неге алдымнан кесіп өтесің, – дейді. Сонда Мәжнүн:

– Әй достым! Ләйләні ойлаймын деп сені көрмей қалыппын. Ал сен болсаң Ұлы Алланы ойлап тұрғанда мені қалай көріп қалдың, – деген екен.

Иә, шын мәнінде момын кісі намазда Алла Тағаланың алдында жан-дүниесімен беріле отырып, өзінің әлсіз құл екендігін түсініп, намазда оқып тұрған Құран аяттары мен зікірлерінің мағынасына терең бойлаған жөн. Бұл халді Ислам дінінде «хушуғпен оқылған намаз» деп айтылады. Мұндай намаз – құлшылықтың абзалы, амалдардың ең құрметтісі, дейді ислам ғалымдары.

Алла Тағала мүминдерді сипаттағанда, ең алдымен олардың намазды хушуғпен оқитынын атап өтіп: «Мүминдер мұратына жетті, сондай намазда хушуғпен тұратындар», – деді (Мүминун сүресі, 1-2 аяттар). Сонда ғана момын мұсылман жасаған құлшылығы мен иманның ләззатын сезе алатын болады.

 

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

0 пікір