«Күнәнің өрті жүрегімде әлі...»
«Күнәнің өрті жүрегімде әлі...»
01.08.2019 11:24
276
0

Үлкен бір ақсақалдан біреу сұрапты:

- Ақсақал, бұрындары жасап әлі де өкінетін қатеңіз болды ма?

- Ия, деді ақсақал, - кезінде үлкен қате жасаған едім, ол жүрегімді отыз жылдан астам күйдіріп келеді. Ол қатемді есіме алған сайын өзіме жер таппай қаламын.

Бәрі аң-таң:

- Қандай қате еді ол? Соншалықты не жасаған едіңіз?

- Отыз жыл бұрын қаламызда үлкен өрт шыққан. Жанған базардың ішінде менің де кішкентай дүкенім болатын. Ол кезде мен қала сыртында едім. Елдерден барлық көршілерімнің дүкендері жанып, тек менің ғана дүкенім аман қалғанын естідім. Қуанып «шүкірлер болсын!» деп, құдайға шүкір еттім. Бірақ бірден жәбірленген басқа мұсылман бауырларымды ұмытып, жеке басымның қамын ойлағаным үшін ұялдым. Дереу тәубе келтіріп, өкінгенімнің белгісі ретінде дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге тараттым. Алайда уақыт өткенімен, сол кездегі бір мезеттік өзімшілдік жүрегімде дақ болып қала берді, сол күнәнің өрті жүрегімде әлі де жанып тұр, - деді.

 

0 пікір