КӨЗ ЖАСАУРАТАТЫН ӘҢГІМЕЛЕР...
КӨЗ ЖАСАУРАТАТЫН ӘҢГІМЕЛЕР...
24.01.2020 10:49
1521
0

1. Бүгін күйеуіме «Мен сені жақсы көремін» деп хат жазып, қателесіп хатымды әкеме жіберіппін. Бірнеше минуттан соң «Мен де сені жақсы көремін. Әкең» деген хабарлама келді. Қатты толқыдым. Ол екеуміз сирек хабарласамыз. Мұндай ыстық сөздерді бір-бірімізге аз айтады екенбіз. Өзімді сондай бақытты сезіндім. 

2. Бүгін әуежайда қыздары шығарып салып тұрған әйелдің жанына отырып қалыппын. Бір-бірін қайта-қайта құшақтап, айналып, толғанып тұр. Алабөтен ыстық қоштасуға куә болдым. Таң қалып қарадым. Менің оларды бағып отырғанымды қыздарының бірі байқап қалды да: «Бірде әкеміз осылай ұшақпен ұшып кетті. Сол ұшақ жарылып, әкемізден айырылып қалдық. Ет жақыныңа жылы сөздер айтып, оларға көңіл мен уақыт бөлудің қандай маңызды екенін осыдан соң түсіндік». Айтарға сөз таппадым. Тесіліп қарағаныма ұялдым.

3. Інім бөлмеге кіргенін сездім. Оған қарамастан «шық, бар менің бөлмемнен» деп зекідім. Үндемей тұрғанын сезіп, артыма бұрылып қарасам, анам әкелген шиені жуып, ыдысқа салып, маған әкеліп тұр екен. Қатты ұялдым. Дөрекі сөйлеймін деп жасытып алады екенбіз. Енді олай істемеймін деп іштей уәде бердім.

4. Жасым 22-де. Жуырда мен бала көтере алмайтынымды білідм. Бұрын ана болғым келмейді деп бейпіл сөйлей беретінмін. Енді нәресте көтерген өзімнің қатарластарымды көргенде жылай берем. Менің қолымнан енді ештеңе келмейді. Сөзге абай болу керек екен. Не деген ақымақ едім.

Шынар Әбілда

 

0 пікір