Көне грек даналарының ақыл-ойлары
Көне грек даналарының ақыл-ойлары
03.07.2019 10:56
674
0

Жаратылыстың ең көнесi - Құдай, өйткенi оны ешкiм тумаған.

Еңәсем нәрсе - ғалам, өйткенi оны Құдай жаратқан.

Барлығынан үлкенi – кеңiстiк, өйткенi ол бәрiн құшып тұр.

Барлығынан тез – ақыл, өйткенi ол бәрiн орап алады.

Барлығынан күштi – болмай қоймайтын iс, өйткенi ол бәрiне билiк етедi.

Барлығынан ақылды – уақыт, өйткенi ол барлығын ашады.

Фалес

Гомер

 (шамамен біздің эрамызға дейінгі VIII ғасыр) 

Айыптыны Құдай табады.

* * *

Бәріне уақыт бар: жұмысқа да, сұхбатқа да, демалысқа да.

* * *

Тіл – жұмсақ.

* * *

Болған оқиғаны ғана ой елегінен өткізетін адам – ақымақ.

* * *

Әйелді үнсіздік әсемдей түседі.

* * *

Әсемдік ұзақ тұрмайды.

* * *

Бітірген ісіңнің рахаты-ай.

* * *

Сен – маған, мен – саған.

Гесиод 

(біздің эрамызға дейінгі 700-ші жылдар)

Бұл өмірде жақсы әйелден артық ештеңе жоқ.

* * *

Достары ауысып тұратын адамнан ештеңе күтпе.

* * *

Өз уақытына билік ете алатын адам – шын ұлы адам.

* * *

Шабан ойлайтын адам өз қиындықтарымен өмір бойы күреседі.

* * *

Жұмыстың қай түрі болмасын  айып емес, жұмыс істемей бос жатқан айып.

* * *

Халықтың көбісі ауызға алып жүрген сөздер түбірімен ұмыт болып кетпейді.

Периандр

 (біздің эрамызға дейінгі 660-585-ші жылдар)

Егер де сен еріксіз бір жарамсыз істі орындауға уәде берген болсаң, оны орындамай қоя сал.

* * *

Билікші өз билігін тастап кетуге неге қорқады? Өйткені безу де қауіпті, құлау да қауіпті.

* * *

Ынта-ықылас мұратқа жеткiзер. 

Солон

 (біздің эрамызға дейінгі 640-559-шы жылдар)

Құдайға – құрмет жаса, ата-анаға – абырой әкел.

* * *

Билікке барсаң қу адамдарды қызметке қойма, өйткені олардың жасаған қателіктері үшін сені айыптайды.

* * *

Барлық істе шама болсын.

* * *

Жүзін жер жасырғанша адамды бақытты деп санауға болмайды.

* * *

Досты асықпай таңда, таңдадың ба – алмастыра берме.

* * *

Артық нәрсені жоғалту уайымы мен керек нәрсені жоғалту уайымы бірдей.

* * *

Мұң әкелуі мүмкін рахаттан қашуға тырыс.

* * *

Досқа да жиі бара берме, ол сенен тойынып теріс айналуы мүмкін.

* * *

Кім көп кісіге қорқынышты болса, өзі де көп адамнан қорықсын.

* * *

Үкім шығармас бұрын екі жаққа бірдей құлақ түр.

* * *

Жақсы нәрсе оңай келмейді.

* * *

Заңдар өрмекшінің торы сияқты: оған әлсіздер мен жеңілдер түссе олар шырмап қалады, мықтылар түссе, сетінеп кетеді.

* * *

Тең көру ұрысты болдырмауға себеп.

* * *

Берген кеңесің жағымды ғана болмасын, дұрыс болсын.

* * *

Бағынуды үйренбей тұрып билік басына барма.

* * *

Досыңа кінә тақсаң оңашада тақ, мақтауды елдің көзінше жаса.

* * *

Үнсіздік сөзді салмақты етеді, ал үнсіздікті уақытында пайдалана білу салмақты етеді.

* * *

Байлықтан тойыну туады, тойыну – бұлғаққа ұшыратады.

* * *

Барлық адамдардан абай бол, жарқын жүзде жасырынған қара ниет те болады, тәтті сөздің астары қандай, білмейсің…

Архилок 

(біздің эрамызға дейінгі VII ғасырдың 2-ші жартысы)

Жанның жігері сізге берілген теңдессіз сыйлық. Ол болса, ештеңе де қорқынышты емес.

Питтак 

(біздің эрамызға дейінгі 570-ші жылдары қайтыс болған)

Адамға жақсы болу қиын.                                    

* * *

Қатердің келетінін алдын-ала болжау – ақылдының ісі, келіп қалған кезде оны жеңу – ержүректік.

* * *

Өз бақытыңды жасыра жүрсең көз тимейді, бірақ жасырамын деп мүсіркеу туғызба.

* * *

Досың жайлы ғана емес, дұшпаның жайлы да жаман сөз айтпа.

* * *

Біреуді кемшілігі үшін сөгерде, өзің де соның орнында болудан қорық.

* * *

Шындыққа, сенімге, тәжірибеге, икемділікке, жолдастыққа, ынтаға ұмтыл.

* * *

Болмай қоймайтын iске Құдай да қарсы келмейдi.

* * *

Адамды билiк сынайды.

* * *

Жақсы деп iстеген iсiн жақсы iстегендi айтамыз.

* * *

- Не нұрлы?

- Уақыт.

- Не жасырын?

- Болашақ.

- Не сенiмдi?

- Жер.

- Не сенiмсiз?

- Теңiз.

* * *

Бiр iстi ойға ала сала жария етпе, орындалмай қалса күлкiге қаласың.

* * *

Аманатты қайтар.

* * *

Арды биiк қоюға әдеттен.

* * *

Өзiңе қолайсыз iске кiрiспе.

* * *

Адамға күш табиғатынан берiледi, отанға қызмет ету ниетi – сана мен рухтан, ал байлық, көп адамдарға - қарапайым бiр себеппен келе қалады.

* * *

Бақытсыздықты жеңе алмаған адам бақытсызырақ.

* * *

Жаулардың арасындағы егеске төрелiк айту достардың арасындағы егеске төрелiк айтудан дұрыс, өйткенi достардың арасында төрешi болсаң, олардың бiреуi сенiмен жауығады, ал жаулардың арасында төрелiк айтсаң, оның бiреуiмен достасасың.

* * *

Нашар жаққа қарай болып жатқан өзгерiстерге қасқайып төзуден қиын iс жоқ.

* * *

Не тәттi? Үмiт тәттi.

* * *

Мүмкiн емеске ұмтылу мен өзгенiң қасiретiне бейтарап болу тек жаны ауру адамның ғана iсi.

* * *

Адамға қандай iс жағымды? “Дүние жинау”.

* * *

Өмiрдi саған өмiр сүруге аз қалғандай әрi көп күн бардай етiп өлше; ал достарыңды саған жамандықпен жауап беруi мүмкiн секiлдi сүй, өйткенi адамдардың көбi өшпендi.

* * *

Iстi бастауға асықпа, бастадың ба, мықты бол.

* * *

Сөйлеген кезде асықпа, асығыстық - ақымақтық.

* * *

Саналылықты сүй.

* * *

Лайықсызды байлығы үшiн мақтама.

* * *

Күшпен алма, ақылмен ал.

* * *

Жақсылық көрсең, Құдайдан деп ойла.

* * *

Жастықтан қарттыққа ақылды ғана ал, одан басқа сенiмдi байлық жоқ.

* * *

Көпшiлiк – жамандық

Фалес 

(біздің эрамызға дейінгі 625-547-ші жылдар)

Тәннің рахаты – денсаулықта, ақылдың рахаты – білімде.

* * *

Үш нәрсе үшін тағдырға ризамын: біріншіден, мал емес, адам болғаным үшін, екіншіден, әйел емес, еркек болғаным үшін, үшіншіден, жауыз емес, эллин болғаным үшін.

* * *

Көп сөз айтқан адамды ақылды деуге болмайды.

* * *

Сырт көзге ғана жақсы болып көрініп, ішің сасық болмасын.

* * *

Сырт келбетті әдемілеу аз, рухани бастауларың да әдемі болсын.

* * *

Достарды бірге жүргенде де, жоқ кезінде де ұмытпа.

* * *

Саған сенген адамдардан теріс айналма.

* * *

Ең қиыны - өзіңді тану, ең жеңілі - өзгелерге ақыл айту.

* * *

Біреу туралы өсек айтатын адамды үйіңнен қу.

* * *

Барлық адамдар үшін ортақ нәрсе не? «Үміт, өйткені ол ештеңесі жоқ адамда да бар».

* * *

Не жеңiл? - «Басқаларға кеңес беру».

* * *

Жаратылыстың ең көнесi - Құдай, өйткенi оны ешкiм тумаған.

Ең әсем нәрсе - ғалам, өйткенi оны Құдай жаратқан.

Барлығынан үлкенi – кеңiстiк, өйткенi ол бәрiн құшып тұр.

Барлығынан тез – ақыл, өйткенi ол бәрiн орап алады.

Барлығынан күштi – болмай қоймайтын iс, өйткенi ол бәрiне билiк етедi.

Барлығынан ақылды – уақыт, өйткенi ол барлығын ашады.

* * *

Өмiр мен өлiмнiң айырмашылығы жоқ дейтiн Фалес. “Онда сен неге өлмейсiң?” дегенге: “Нақ солай болғаны үшiн” деп жауап беретiн.

* * *

Күн мен түннiң қайсысы бұрын пайда болды? – деп сұрағанда: “Түн күннен бiр күн бұрын пайда болды” деп жауап беретiн.

* * *

Тән рахаты - денсаулықта, жан рахаты - бiлiмде.

* * *

Бiреу одан: Құдайдан жарамсыз iстi жасырып қалуға бола ма? деп сұрағанда: “Жарамсыз iс түгiлi, ерсi ойыңды да жасырып қала алмайсың” деп жауап бердi.

* * *

Одан “жер бетiнде не қиын?” деп сұрағанда: “өзiңдi тану” деп жауап бердi. Не жеңiл? “Ақыл айту жеңiл”. Не жағымды? “Сәттiлiк”. Бақытсыздықты қалайша көтеру жеңiл? “Жауыңа одан да бетер екенiн көргенде”. Қандай өмiр жақсы? “Өзгелер жасаса айыптайтынды өзiмiз жасамаған өмiр жақсы”. Кiм бақытты? “Тәнi сау, жаны сергек, тәрбиеге  көнетiн адам бақытты”.

* * *

Достарың жайлы бетiне де, сыртынан да айтып отыр.

* * *

Адамның бетiне ғана емес, сыртынан да жақсы сөз айт.

* * *

Арам жолмен байыма, саған сенген адамды сатпа.

* * *

Ата-анаңа қалай қарасаң, балаларыңнан соны күт.

* * *

“Нiл өзенiнiң кемерiнен асуы – желдiң қарсы келiп, ағысты тежеуiнен болады” дейтiн ол.

Биант

 (біздің эрамызға дейінгі 590-530-шы жылдар)

Әуелі ойлаймын, кейін әрекет етемін.

* * *

Өз достарыңның арасындағы даудан гөрi, жауларыңның арасындағы дауға араласқан жақсы, өйткенi біріншісінде достарыңның бiрi - жауыңа, ал екіншісінде жауларыңның бiрi - досыңа айналатыны сөзсiз.                                

* * *

Кiм мейлiнше көп мазасызданып, көп еңбек етедi? - дегенде “Жоғары қызметте өз орнын сақтап қалуға тырысатын адам” деп жауап беріпті. 

* * *

Күшпен емес, сендіру арқылы бағындыр.

Феогнид 

(біздің эрамызға дейінгі 585-525-ші жылдар)

Ойыңа келген нәрсені екі-үш рет ойланып ал.

Анахарсис

 (біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Қауіпсіз кеме – жағаға шығарылып тасталған кеме.

* * *

Жаман адам көмір сияқты: күйдірмесе де қарасын жұқтырады.

* * *

Бағасыз көп достан бір бағалы дос артық.

* * *

Бірінші көзе шөлді басады, екіншісі – көңіл көтереді, үшіншісі – рахаттандырады, төртіншісі – ессіздікке апарады.

* * *

Өмір шыбығында үш шоқ болады: рахат шоғы, мастық шоғы, жиіркеніш шоғы.

* * *

Маскүнем болып кетпеу үшін маскүнемнің барлық нашар қасиеттері мен қимылдарын көз алдыңа келтір.

* * *

Ойындарда бірін-бірі ұру мен жұлқуға бәсекелесіп жатқандарды жабыла марапаттайтыны несі?

* * *

Кеменің тақтайы төрт елі, демек, кемеге мінгендер өлімнен төрт-ақ елі жерде тұр.

* * *

Жайлап бастап, ұрттап ішетіндердің тоя келе көземен ішетіні несі?

* * *

Тіліңді, нәпсіңді, көзіңді бағындыр.

* * *

Адамдағы әрі жақсы, әрі жаман не? “Тіл”.

* * *

Базар - адамдар бірін-бірі алдап-арбауға, тонауға арналған орын.

Мисон 

(біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Істі сөзіне қарап бағалама, сөзді ісіне қарап бағала. Өйткені іс сөзбен әдемілеу үшін жасалмайды, сөз – жақсы іске қызмет етеді.

Клеобул

 (біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Аз айтып, көп тыңда.

* * *

Бақытты кезде өзіңе өте сенімді бола кетпе, қиындықта сеніміңді жоғалтпа.

* * *

Ізгі адам әділетсіздіктен қашады, кесірлі әділетсіздікке жақын жүреді.

* * *

Ұят нәрседен қаш.

* * *

Ақшаңды керексіз нәрсеге жұмсап қойсаң, керектіңді аз аласың.

* * *

Пасық ашкөздікке берілгеннен жаза алған дұрыс, өйткені жазадан бір-ақ рет ренжисің, ал біріншісі өмір бойы ренжітеді.

* * *

Тілің ойыңның алдын орап кетпесін.

 * * *

Өлгендер туралы жақсы сөз айт, я болмаса ештеңе айтпа.

* * *

Жақсы басқаруды алдымен үйіңнен баста.

* * *

Адамдар көңiлдерiн музаға аз бөледi де, бос мейрамдарға көп бөледi. Бiрақ, осының бәрiнiң мөлшерi бар, содан аспаңдар. Жақсылық жайлы ойлап, жақсылық жасағандарды ұмытпаңдар.

* * *

Тәндi жаттықтырып тұру керек.

* * *

Қыздарыңды жасы жағынан қыз кезiнде, ақылы жағынан әйел дәрежесiне жеткiзiп ұзатыңдар. 

* * *

Достарыңа достықты берiк ету үшiн, дұшпандарыңа оларды достық жағдайға жеткiзу үшiн қызмет ет, достардың өсек сөздерiнен, дұшпандардың зұлым әрекеттерiнен құтылуға осы жәрдем етедi.

* * *

Үйден шыққан кiсi, не үшiн бара жатырмын деп, үйге қайтып келе жатқан кiсi не алып қайттым деп ойласын.

* * *

Айтқаннан тыңдағаның көп болсын.

* * *

Бiлiмдi сүй.

* * *

Сөйлеген сөзiң әсем болсын.

* * *

Жақсылықты өзiңе тарт, жамандықты керi итер.

* * *

Жалған сөзден аулақ бол.

* * *

Рахаттануды билей бiл.

* * *

Күшпен шешiм шығарма.

* * *

Балаларыңды тәрбиеле.

* * *

Дұшпандасудан қаш.

* * *

Бөтен адамдардың көзiнше әйелiңмен аймаласпа және ұрыспа: бiрiншiсi – топастықтың белгiсi, екiншiсi – құтыру.

* * *

Мас болып қалған құлды жазалама: өзiңдi әуре етесiң.

* * *

Өзiңе тең әйел ал, үстем болса, оның туыстары саған үстемдiк етедi.

* * *

Күлкiге ұшырап тұрғандардың үстiнен күлме, жауласасың.

* * *

Бақыт қонғанда үстем болып, бақытсыздыққа ұшырағанда қорланба.

* * *

Тағдырдың салғанын бекзаттықпен көтер.

* * *

Өлшеп iстеген жақсы.

* * *

Атқарған iсiңдi тек ақшаға жасауға әдеттенбе, табыстың өзi-ақ табыс үшiн әрекеттенедi.

* * *

Тыныш басқарғысы келген билiкшi өзiн қалқандармен емес жалпылай махаббатпен қорғайтын болсын

* * *

Тыныштық - тамаша, асығыстық - ағаттық, пайдакүнемдiк – оңбағандық

* * *

Бақытты шақта шектен шықпа, бақытсыздықта саналы бол.

* * *

Бақытсыздық сәттерiнде достарыңнан айныма.

* * *

Келiсiмдi орында.

* * *

Құпияны ашпа.

* * *

Жасаған iсi үшiн ғана емес, жаман iстi жоспарлағаны үшiн де жазала.

* * *

Барлығы - жiгерде.

* * *

Билiгiн берiк ету үшiн барлық көрнектi адамдарды жоқ ету тұңғиыққа түсiредi.

Хилон 

(біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Кепiлдiктен соң төлем де келедi.  

* * *

Адамның биiк қасиетiнiң бiрi – талқылаулар арқылы болашақты болжай бiлу.

* * *

Не қиын дегенге ол: “Сыр сақтау, жан-рахатынан бас тарту, ренiшке төзу қиын” деп жауап берiптi.

* * *

Тiлiңе сақ бол, әсiресе дастархан үстiнде.

* * *

Сенi өз жақындарыңның жамандағанын естiгiң келмесе - жақыныңды жамандама.

* * *

Достарға бақытты сәттерiнде емес, қиындық кездерiнде асығыңқыра.

* * *

Кәрiлiктi қадiрле.

* * *

Өзiңдi өзiң сақта.

* * *

Арам табыстан, дүниеңнiң кемiгенi жақсы: бiр рет жоғалту мәңгi жоғалтудан дұрыс.

* * *

Өзгенiң бақытсыздығына күлме.

* * *

Күштi болсаң сенi қорыққаннан емес құрметтегеннен сыйлайтын жағдайда бол.

* * *

Жақсы басшы болуды өз үйiңнен баста.

* * *

Ойыңа келгеннiң бәрiн айтуға әдеттенбе.

* * *

Ашуыңды бағындыруды үйрен.

* * *

Бал ашқандарды ызаландырма, үндемей қабылда.

* * *

Қолың жетпеске ұмтылма.

* * *

Жолда асықпа.

* * *

Сөйлеген кезде қолыңды сермеме, ол – ақылсыздықтың белгiсi.

* * *

Заңға бағын.

* * *

Тыныштық сәттi пайдалан.

* * *

Алтынның да сынақ тасы бар, ал алтын арқылы жақсылық пен жамандықтың арасы сыналады.

Алкей 

(біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Адамды адам ететiн ақша! Әлi ешқашан жарлы-жақыбай лайықты да қадiрлi болған емес.

Эзоп

 (біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр)

Дөрекі күштен гөрі мейірім арқылы көп нәрсеге қол жеткізесің.

* * *

Ризашылық білдіре жүру де жанның ізгілігінің белгісі.

* * *

Олай етуін күтпеген адамдарымыздың келтірген реніші өте ауыр тиеді.

* * *

Жамандықтың ірісі түгілі, ұсағын да жасамаған жақсы.

* * *

Жұмыс адамдарға рахат әкелуі тиіс.

* * *

Жолы болған адамды күндеме, онымен бірге қуан, ал егер сенің жолың болса, сөйтіп біреу күншілдік танытса, онда ол өзіне жамандық жасайды.

* * *

Бір-біріне байланыссыз екі іспен бірдей айналысқан адам олардың біреуінде жеңіліс табады.

* * *

Іспен дәлелдеуге болатын нәрсеге сөзіңді әуре етпе.

* * *

Шын дос бақытсыздықта танылады.

* * *

Қайғы басқанда, жан-жағыңдағы сенен де жағдайы нашар адамдарға қарап, шүкіршілік ет.

* * *

Сені жақсы білетін ортада мақтанба, күлкіге ұшырайсың.

* * *

Мейіріммен қара күшпен алғаннан көбірек аласың.

* * *

Ылғи жаз болып тұрмайды.

* * *

Ескі достарын тез ұмытатын адаммен достасып әуре болма, ол сені де жаңа достармен ауыстыруға асығады.

* * *

Ересек жасқа келгенде де үйренуге ұялма, кеш болса да үйренген жақсы.

* * *

Сені жазғырмайтындай етіп өмір сүру – жетілудің дәл өзі.

* * *

Бір қарлығаш ұшып келгенінен көктем шықпайды.

* * *

Есек арыстанның терісін жамылса да, айғайынан танылып қалады. 

* * *

Сендірудің күштеуден әсерлі болатын кезі жиі.

Ксенофан

 (біздің эрамызға дейінгі 570-480-ші жылдар)

Біз барлығымыз жер мен судан жаралғанбыз.

* * *

Адамдардағы ең абыройсыз және ұятты қасиеттер – ұрлық, нәпсіқұмарлық және бірін-бірі алдау.

* * *

Өгіздер, аттар мен арыстандар да адамдар секілді өнер туындыларын жасай алатын болса, онда Құдайдың суретін олардың әрқайсысы өздеріне ұқсатып салған болар еді.

* * *

Ақылды мойындау үшін соған жетерлік ақыл керек.

Гераклит

 (біздің эрамызға дейінгі 554-483-ші жылдар)

Өлмейтіндер - өледі, өлетіндер - өлмейді: бірінің өлімімен бірі өмір сүреді, бірінің өмірімен бірі өледі.

* * *

Сұхбатты жүргізгенде әрбір қатысушы өзінің білмейтінін көбірек үйренетіндей етіп жүргізу керек.

* * *

Біздің көзімізге ең әдемі маймылдың өзі көріксіз.

* * *

Егер бақыт тән рахаты десек, онда шалғында тоя жайылып жүрген өгізден бақытты ешкім болмағаны.

* * *

Егер күтпеген нәрсені күтпеген болсаң, онда асыл қазына мен таптырмайтын нәрсені таба алмайсың.

* * *

Аңдардың өзі адамдармен тұрғанда жуасиды, онда кейде адамдар неге бір-біріне аңша қарайды?

* * *

Алтын іздеушілер көп-ақ, табатындар некен саяқ.

* * *

Көп білу де ақыл қоса бермейді.

* * *

Халық заңды өзінің қорғаны ретінде қорғауы керек.

* * *

Адамның дегені ылғи бола берсе, одан оларға жақсырақ болып кетпес еді.

* * *

Өте жақсы адам мен үшін он мың адамға тең.

* * *

Шындық қашан болса да өтірікшілер мен жалған куәлардың түбіне жетеді.

* * *

Тыңдап отырып түсінбейтіндер туралы “қатысып отырып, жоқпен бірдейлер” деуге болады.

* * *

Әркімнің Құдайы – ақыл.

* * *

Көзбен көріп, құлақпен естіп, зерттеуге болатын нәрсені дұрыс көремін. 

* * *

Барлығы арқылы барлығына билік ететін білімге жету – ақылдың шыңы.

* * *

Бұлғақты өрт секілді тез сөндіру керек.

* * *

Өзін жоғары бағалау – талма кесел.

Пифагор

(біздің эрамызға дейінгі VI ғасыр мен V ғасырдың басы)

Бiлiм ақылды алмастыра алмайды.

* * *

Азап көргенше ақиқаттың досы  бол, бiрақ төзуге болмайтындыққа дейiн оның қорғаушысы болма.                                                             

* * *

Өткен күндегi бар iстерiңдi таразыламай, ұйқыға жатпа.

* * *

Балаларыңның көз жасы көп төгілмесін, сонда сенің қабіріңнің басында жылауға көбірек қалады.

* * *

Ері бос уақыттарында өзінің қасында болуын қалайтын әйел жағымдылықты, рахатты, назды басқа жердегіден де асыратын болсын.

* * *

Ашулы кезде сөйлемей-ақ қою, әрекет те  етпеу керек.

* * *

Екі іс адамды Құдайға ұқсатады: қоғам игілігі үшін қызмет және шыншылдық.

* * *

Ұлы іс істе, ұлы іс жасауға уәде берме.

* * *

Қай халықтың болсын мінезін тану үшін оның тілін үйрен.

* * *

Қыран бола аламын десең, ұзақ торғайлардың ортасында бірінші болма.

* * *

Өмір ойын-сауық ордасы сияқты, онда ақымақтар да жақсы орынға жайғасып алады.

* * *

Өмір ойын сияқты: біреулер онда сайысу үшін келеді, біреулер – саудаласу үшін, ал, ең бақыттылары қарап тұру үшін келеді.

* * *

Жаныңа жақын адам ізде, жалғыз адам бақытты бола алмайды.

* * *

“Бар”, “жоқ” деген сөздер өте қысқа болғанымен, олар адамды ең байсалды ойларға жетелейді.

* * *

Жағымпаздық сөздер картинадағы мылтық секілді, қарауға болғанымен, пайдалануға жарамсыз.

* * *

Үндеме, сөйлей қалсаң үндемеуден жақсырақ бір нәрсе айт.

* * *

Ұят нәрсені кісі көзінше де, құпия түрде де жасама. Сенің бірінші ережең өзіңе деген құрмет болсын.

* * *

Өзіңді ұлы адам санама, ол - күн батып бар жатқандағы көлеңкеге малданғанмен бірдей.

* * *

Ар-ожданы кем адамға билік беру ақымаққа қару ұстатқанмен бірдей.

* * *

Өмір бойы бір ғана санаға сен, сол ғана сенің ақылды қорғаушың.

* * *

Ренішті қанмен жума, уақыт атты ұмыту өзеніне жу.

* * *

Кемшіліктеріңді сөзбен бүркемелеме, қайта айыбыңды өзің ашып емде.

* * *

Бос сөзді айту тасты босқа лақтыра салумен бірдей, біреуге тиіп кетуі мүмкін.

* * *

Таңертең тұрғанда: “не жасауым керек?” де, түнде жатарда: “не жасадым?” деп сұра.

* * *

Маскүнем бола бастаған кісі түзелгісі келсе ішкен кездегі қимылдарын көз алдына келтірсін.

* * *

Жансыз мүсінді түрі сұлуландырады, адамды ісі сұлуландырады.

* * *

Адамгершілігі жоқ адам көзіңе мақтап, сыртыңнан жамандайды.

* * *

Мақтаншақтардың мінезі әсемделген ойыншық қару сияқты, ішкі мазмұны сыртына сай келмейді.

* * *

Сен туралы не ойласа да әділетті деп санағаныңды жаса. Жамандауға да мақтауға да бірдей селқос қарай біл.

* * *

Қалжың сөз де тұз сияқты, шамадан асып кеткенде дәмді бұзады.

* * *

Мынадай ырымдарды ұстан:

отты пышақпен тiлме, аруақтарды шошытасың;

таразыны аттап өтпе, өйтсең теңдiк пен әдiлеттiлiктен аттағаның;

астық егiлген жерге отырма, ол – ертеңгi азығың;

жүректi жеме, жаныңды тауқымет пен құмарлыққа ұшыратасың;

жүкке жүк қоспа, оны азайтуға көмектес;

төсектi жинап қой;

Құдайдың суретi бар сақина тақпа;

күнге қарап дәрет сындырма;

қолыңды абайлап ұсын;

шатыр астында қарлығаш ұстама;

имек тырнақтыларды қолдан тамақтандырма;

тырнақ пен шаш алғанда оларды дәрет сындыратын жерге тастама;

пышақтың ұшын өзiңнен әрi ұста;

шекарадан өткенде артыңа қарама;

өмiрмен қоштасарда өкiнiп, оның рахаттарын аңсама.

* * *

Құдайды араға салып қарғанба.

* * *

Үлкендердi құрметте, өйткенi өткен алдағыдан құрметтiрек: шығыс – батыстан, өмiрдiң басы – соңынан, туу - өлуден.

* * *

Құдайды бәрiнен биiк қой, адамдардан ақылдысы мен ержүрегiн биiк тұт, ең биiкте – ата-анаң болсын.

* * *

Сұхбатта достар дұшпанға айналатындай емес, дұшпан досқа айналатындай мiнез ұстан.

* * *

Меншiгiңе бола менменсiме.

* * *

Заңға қызмет ет, заңсыздықпен күрес.

* * *

Адамдарға зиян келтiрмесе үй жануарлары мен үй құстарына тиме.

* * *

Қарқылдап күле бермеу мен ылғи тұнжырап отырмау - қарапайымдылық пен әдептілік белгiсi.

* * *

Семiздiктен аулақ бол, шаршағанда демал, жадыңды жаттықтыр, ашумен көп сөйлеп кетпе, балгердiң де сөзiне құлақ қой.

* * *

Адамның жаны үш бөлiкке бөлiнедi: ақыл, сана және құмарлық.  Ақыл мен құмарлық басқа жануарларда да кездеседi, ал сана адамда ғана бар.

* * *

Сана - өлмейдi, басқалары - өлiмге бас иедi.

* * *

Жаны мейiрiмге толы адам бақытты, бiрақ жан ұдайы тыныштықта болмайды және бiркелкi ағыспен ақпайды.

* * *

Тұз – күн мен теңiзден туады, шындықты есте сақтау үшiн тұзды алдыңа қой.

* * *

Әйел еркекпен жақындасқан соң қашан тазарады? Әйел өз ерiмен жақындасса – бiрден тазарады, өзгемен жақындасса ешқашан тазармайды.

Парменид

 (біздің эрамызға дейінгі 540-470-ші жылдар)

Уақыт бәрін ағызып алып кетеді: келбет те, мінез де, тағдыр тауқыметтері де өзгереді.

* * *

Өмірде керек нәрсе ғана қалады.

Эсхил

 (біздің эрамызға дейінгі 525-456-шы жылдар)

Барлық тирандарға тән бір кесел бар, ол – досқа сенімсіздікпен қарау.

* * *

Егер әділеттілікке күш қосылса осы екеуінің одағынан күшті не бар?!

* * *

Ақылды сөздер ақылды жүрекке тоқтаусыз жетеді.

* * *

Бақытты адамның бақытсызға ақыл айтуы оңай.

* * *

Білімі мол кісі емес, білімі пайдалы кісі ақылды.

* * *

Ешкім күндемеген кісі де мүсіркеуге лайық. 

* * *

Сұхбатта асықпаған, дауыс көтеріп сөйлемеген жөн. Жүзің мен көзің сұхбаттасыңнан теріс үйірілмесін.

* * *

Менің көңіл-күйім болмаса, оның басқаларға қатысы қанша?

Пиндар 

(б.э. дейінгі шамамен 518-442 немесе 438-ші жылдар)

Мемлекеттің негізінде әділеттілік тұруы тиіс.

* * *

Ұрыс пен күндеуге бейімділік адамның қуыс кеуде екеніне дәлел.

Анаксагор 

(біздің эрамызға дейінгі 500-428-ші жылдар)

Барлық нәрседе барлық нәрсенің бір бөлшегі бар.

Софокл 

(біздің эрамызға дейінгі 496-406-шы жылдар)

Бір үзім нан тауып жеуден өткен ауру жоқ.

* * *

Ұлы істер бірден жасалмайды.

* * *

Уақыт барлық жасырын нәрсені ашады, барлық белгілі нәрсені ұмыттырады.

* * *

Жаудың сыйынан абайла.

* * *

Қарапайым болып әділ болған, ақылды болып өтірікші болғаннан жақсы.

* * *

Естіп ал, бірақ үндеме.

* * *

Бiр нәрсенi түсiну үшiн, оны жасау керек.                                                

* * *

Көп сөйлеу мен көп айту әр түрлi нәрселер.

* * *

Бақыт еркiндiксiз мәнiнен айырылады, ал борыш пен мiндетсiз еркiндiк те сондай. Күнделiктi мiндеттер - адам борышының теңiзiне жиналатын тамшылар.

* * *

Өз Отанының қайғы-қасiретi туралы бiр рет айтуға адамгершiлiк құқық алу үшiн, оны нығайтатын он iс жасау керек.    

Кратет

 (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр)

Барлық жағы әсем жеміс болмағаны секілді, кемшіліксіз де адам болмайды.

* * *

Әскербасы мен есек бағушының арасында айырма жоқ екенін білгенше философиямен айналыса бер.

* * *

Жағымпаздармен өзін қоршатып алған адам, көп қасқырдың ортасындағы жалғыз бұзау сияқты.

Зенон 

(біздің эрамызға дейінгі 490-430-шы жылдар)

Екi құлақ пен бiр тiл көп тыңдап, аз сөйлеу үшiн берiлген.

* * *

Жігер тілекке қарсы нәрсе және ол саналы қозу.

* * *

Дос деген кім? – деген сұраққа ол «Мен» деп жауап беріпті.

* * *

Қорқыныш деген жамандықты күту.

* * *

Рахатқа берiле бермей философияға ден қою кiсiнiң жастайынан iзгiлiкке бет алғанын көрсетедi.

* * *

Сөздiң бағасы бес белгiмен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегенiмiз – айтылған сөздiң қатесiздiгi, оған тәрбие арқылы жетедi. Айқындық дегенiмiз – ойдың мазмұнын дұрыс бере бiлу. Қысқалық деп мәселенi түсiндiруге немесе ойды жеткiзуге керек сөздi ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздiң айтылар жерi мен мерзiмiн абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.

* * *

Жаны барлардың бiрi саналы, бiрi санасыз.

* * *

Заттардың кейбiрi – игiлiк үшiн, кейбiрi – игiлiк үшiн емес. Игiлiк үшiн жаратылған заттардың өзiнiң кейбiрi – жамандық, кейбiрi – парықсыз.

* * *

Адамның түпкi мақсаты – табиғатпен келiсiмде өмiр сүру, ол – iзгiлiкпен келiсiмде өмiр сүру деген сөз: табиғаттың өзi бiздi iзгiлiкпен келiсiмде өмiр сүруге үндейдi.

* * *

Ізгілік негізгі және қосалқы болып екіге бөлінеді. Негізгілері – саналылық, ерлік, әділдік, дұрыс ойлаушылық. Олардың түрлері – кеңпейілділік, ұстамдылық, табандылық, тәуекелшілдік, ізгі ниет.

Кемшіліктің де негізгі және қосалқы түрлері болады: мысалы, санасыздық, қорқақтық, әділетсіздік, бетімен кетушілік, бұлар – бастапқы.

* * *

Жан  сегіз бөліктен тұрады: бұл бес сезім, сөйлеу бөлігі, ойлау бөлігі және туындау бөлігі. Адасу ойдың ауытқуын туғызады, содан құмарлық туады, ол жан-дүниенің тұрақсыздығының белгісі. Ынтықтық Зенон бойынша – санасыздық пен табиғатпен үндестікті бұзу немесе артық талап.

* * *

Басты ынтықтықтар төртке бөлінеді: қайғы, қорқыныш, қалау мен рахаттану.

Қайғыру жанның санасыз қысымға түсуі. Оның түрлері – аяушылық, күншілдік, қызғаныш, бәсекелестік, сағыныш, қобалжу, үмітсіздік, қайғы, абыржу.

* * *

Қалау дегеніміз – санасыз қозу. Оған қажу, жауласу, қиқарлық, ашу, махаббат, жек көру, долдану жатады.

* * *

Рахат алу деп затқа болған санасыз қозуды айтады. Оған сүйсіну, табалау, бейбастақтық, былжырау жатады.

* * *

Өмір үш түрлі болады: ойша, әрекетті және саналы.

Геродот 

(біздің эрамызға дейінгі 490-425-ші жылдар)

Киімін шешкен әйел ұятын да бірге шешеді.

* * *

Егер қарсы пікір айтылмаса, онда қалай таңдайсың?

* * *

Шешімге келмей тұрып абайшыл бол, бастаған соң мүдірме.

* * *

Саған жаны ашығаннан гөрі сені күндегені дұрыс.

* * *

Әрекет етуге бейім адамдар жетістікке тезірек жетеді, ылғи өлшеп-пішумен кешеуілдете берген адам жетістікке жетуі қиын.

Горгий 

(біздің эрамызға дейінгі 483-375-ші жылдар)

Сөз – ұлы билеуші, ол қорқынышты тоқтатады және мұңды қайтарады, шаттық әкеледі, жанашырлықты күшейтеді.

* * *

Күлкі – байсалдылықты сынайтын жалғыз құрал, байсалдылық – күлкіні сынайды.

Протагор

 (біздің эрамызға дейінгі 480-410-шы жылдар)

 

Жаттығусыз өнер жетілмейді.

* * *

Жаттығу жақсы табиғи дарыннан да озатын кезі бар.

* * *

Болуы мүмкін және келіп қалған жамандықты болуы мүмкін және келген жақсылыққа айналдырған кісі шын ақылды.

* * *

Барлық заттың өлшемі – адам, тіршілік етушінің болуы, тіршілік етпеушінің болмауы.

Еврипид

 (біздің эрамызға дейінгі 480-406-шы жылдар)

Бізге өмір қымбат, бірақ одан да қымбат нәрсе бар, ол – сананың шыншылдығы.

* * *

Сен өз өміріңді бағалағаның секілді, өзгелер де өз өмірін бағалайтынын біл.

* * *

Сөздің тереңіне үңілу өзге ілімдерден кейін емес, сол арқылы да жеңіске жетуге болады.

* * *

Адамның еркін болуынан қымбат ештеңе жоқ.

* * *

Байқамай жасаған ағаттықты бетіне басу, мәжбүрліктен жасаған жақсылықты бетіне басумен бірдей.

* * *

Екі кісі сөйлескенде біреуі ашуланса, кім көне кетсе, сол ақылдырақ.

* * *

Жылы жүзді адам тезірек бағындырады.

* * *

Байлығы мен күші болып, достарды ұмытқан адам – санасыз.

* * *

Жаман әйелден өткен жамандық жоқ, жақсы әйелден артық игілік жоқ.

* * *

Сатқын қолдан келген сыйдан жақсылық күтпе.

* * *

Алтынның шын я жасанды екенін адам белгілеріне қарап ажырата алады, ал оңбағанды жақсы адамнан ажыратар оның тәнінде ешбір белгі болмайды.

* * *

Титтей шоқты өртке айналдыратын - тіл.

* * *

Сый-сияпат жасағанды Құдай да жақсы көреді.

Филолай 

(біздің эрамызға дейінгі 470-ші жылдар)

Барлық тануға болатын нәрселердің саны бар, онсыз оны түсіну де, тану да мүмкін емес.

* * *

Ғалам жаратылғанда табиғат шекті мен шексіздің байланысынан тұрған, сондықтан ғаламдық тәртіп пен барлық заттар да шекті мен шексіздіктің байланысынан тұрады.

* * *

Діни зерттеушілер мен болжаушылар жан мен тән кейбір жасаған қылмыстары үшін біріктірілген деседі.

Сократ

 (біздің эрамызға дейінгі 470/469-399-шы жылдар)

Достық пиғылсыз адамдардың арасы ешқашан жақындаспайды.

* * *

Байлық пен атақтылық абырой қоспайды.

* * *

Неке – жамандық, бірақ – керек жамандық.

* * *

Киімің әсем болсын, бірақ кербез болма.

* * *

Қызыққыш болсаң көп білесің.

* * *

Егер адам өз денсаулығын өзі бақылайтын болса, онда ешбір дәрігер оның кеселдері туралы өзінен артық  білмейді.

* * *

Бір ғана игілік бар, ол – білім, бір ғана жамандық бар, ол – надандық.

* * *

Үйленсең де, үйленбесең де өкінесің.

* * *

Ештеңеге қарамай үйлен. Егер әйелің жақсы болса – ерекше оқиға, жаман болса философ боласың.

* * *

Жаман адам ешқандай пайда іздемей-ақ біреуге жамандық жасай салады.

* * *

Керекті заттан керексіз зат көп.

* * *

Рахат іздеген адам өзінің тәні мен жанын бүлдірмеуі мүмкін емес.

* * *

Сөзбен ұрғанға түзелмегенді таяқпен ұрып түзете алмайсың.

* * *

Әсемдік – онша ұзақ билік құрмайтын ханым.

* * *

Әлемді жылжытамын деген кісі өзі жылжысын.

* * *

Еркектің жек көруімен салыстырғанда әйелдің махаббатынан көбірек қорқу керек, ол – жағымды болғандықтан қауіптірек у.

* * *

Адамдардың аузында жанып тұрған шоқты сақтау құпияны сақтаудан оңай.

* * *

Иә мен олардан ақылдырақпын, өйткенi өзiмнiң ештеңе бiлмейтiнiмдi бiлемiн, ал олар бiлмесе де бәрiн бiлемiз деп ойлайды.

* * *

Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.

* * *

Асығыс жасалған нәрсенің жақсы жасалуы сирек кездеседі.

 * * *

Мен сенi көруiм үшiн, сөйлегiн.

* * *

Егер сендер дауыс беру арқылы бәрiн шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның  бар иттерi атқа айналсын деп дауыс берiп көрiңдер.  

* * *

Ой қуу дегенiмiз - өлiмге дайындалу.                                     

* * *

Жалын желмен өршиді, құмарту – жақындасу арқылы.

* * *

Түсінгенімнің өзі – тамаша, түсінбегендерім одан да артық шығар.

* * *

Күнде де бір кемшілік бар: ол өзін-өзі көре алмайды.

* * *

Жақсы ақылшы бар байлықтан жақсы.

* * *

Күмiс те, оқалы киiм де – сахнаға лайығырақ, өмiрде онша керексiз.

* * *

Адамға қаншалықты аз керек болса, ол соншалықты Құдайына жақындай түскенi.

* * *

Әркiм-ақ қойларының саны мен олардың қанша тұратынын бiледi, бiрақ ешкiм достарының қанша екенiн, олардың бағасы қалай екенiн бiле бермейдi.

* * *

Жақсы бастау - ұсақ iс емес, барлық нәрсе ұсақ iстерден басталады.

* * *

Жасөспiрiмнiң адамгершiлiгi неден көрiнедi? - деп сұрағанға: “Шектен шықпаудан” деп жауап берiптi.

* * *

Айнаға жиi қарап тұруға кеңес беремiн: сұлулар сұлулығын жетiлдiрсiн, көрiксiздер тәрбие арқылы сұлулануды ойласын.

* * *

Үйiне шақырған бай қонақтарға жайған дастарханымыз жұпынылау болды деген Ксантиппаға: Олар дұрыс адамдар болса, осы дастарханға риза болады, дұрыс адамдар болып шықпаса, онда олармен бiздiң iсiмiз жоқ,- дептi.

* * *

Мен өмiр сүру үшiн тамақ жеймiн, кейбiреулер тамақ жеу үшiн өмiр сүредi.

* * *

Сайқымазақтардың сықақтарын қабылдай бiлу керек, егер ол дұрыс айтылса – адамды жөндейдi, дұрыс деп таппасаң, онда саған қатысы жоқ.

* * *

Беймаза әйел мен үшiн асау ат сияқты, оны бағындыру маған басқа адамдармен қарым-қатынас өнерiн үйретедi.

* * *

“Сен жазықсыз өлiп кеткелi тұрсың” деген достарына ол: “Сендер менiң жазықты болып өлгенiмдi қалар ма едiңдер?” деген екен. Бұл Сократтың соңғы сөзi болыпты.

Демокрит

 (біздің эрамызға дейінгі 470 яки 460 - 370-ші жылдар)

Жастыққа күш пен әсемдік жарасады, қарттыққа – сананың шұғыласы жарасады.

* * *

Қателiктiң себебi - жақсырақты танымау.

* * *

Үйренбесең өнерге де, даналыққа да қол жеткiзе алмайсың.

* * *

Өз ақылы туралы жоғары пiкiр ұстанған адамды үйреткiсi келген адам уақытын босқа жоғалтар. 

* * *

Iс бiткен соң емес, оған кiрiспес бұрын ойлан. 

* * *

Естi адам қолда жоққа қайғырмай, қолда барына қуанар.                                                   

* * *

Бiрде бiр шын досы жоқ адамға өмiр сүрiп не керек.  

* * *

Кедейлік пен байлық мұқтаждық пен молшылық деген сөздердің негізі. Кiмде әлi аз да болса мұқтаждық болса, ол бай емес, кiм ешқандай мұқтаждық сезiнбесе, ол кедей емес.  

* * *

Адамның сыртқы сұлулығы, егер ол ақылмен толықпаса, жануардікiне ұқсайды.    

 

* * *

Менiңше, өзгенi сүймегендi - өзге ешкiм де сүймейдi.

* * *

Бәрiн бiлуге ұмтылсаң, барлығынан мақрұм қаларсың. 

* * *

Адамдар жақсылықты басқара алмаған және оны тиiстi дәрежеде пайдалана алмаған жағдайда, ондай жақсылықтан жамандық  туындайды.

* * *

Нашар азаматтар өздерi алған құрметтi қызметке неғұрлым лайықсыз болса, олар соғұрлым ақымақ әрi тұрпайы бола түседi.                             

* * *

Байлық пен ақиқат барлық адам үшiн бiрдей, бiрақ одан ләззат алу барлық адам үшiн бiрдей емес.

* * *

Бақытсыздықта парызға адал болу – ең ұлы іс.

* * *

Жақсы адам болу дегеніңіз әділетсіз болмау ғана емес, әділетсіздікті тілемеу де.

* * *

Дұшпан деп сені ренжіткенді емес, сол әрекетін қасақана жасаған адамды айт.

* * *

Туыспен жауласу бөтенмен жауласудан қиынырақ.

* * *

Өзі айтып өзгені тыңдамау – менменшілдіктің белгісі. 

* * *

Бақыт күліп тұрғанда дос табу оңай, ал бақытсыздықта - өте қиын.

* * *

Жұмыстың қай түрі болса да бекер жатқаннан жақсы.

* * *

Беттің әрі айнадан көрінеді, адамдықтың әрі сөзден көрінеді.

* * *

Ұят нәрсені жасаған кісі алдымен өзінен ұялсын.

* * *

Жақсы бол, жақсы болмасаң жақсыға ұқса.

* * *

Әділетсіз іске қарсы тұр, егер қарсы тұрмасаң, онда әділетсіз іске болысқаның.

* * *

Ой бірлігі достықты туғызады.

* * *

Егер балаларды еңбекке мәжбүрлеп үйретпесе, онда олар білімге де, музыкаға да, гимнастикаға да үйренбес еді, сондай-ақ адамгершілікке үйрететін ұятты да сезінбес еді.

* * *

Жеке отырғанда да ешбір жаман істі жасама, айтпа және ойлама. Өзгелерден бұрын өзіңнен ұялуды үйрен.

* * *

Мақтау сөзге лайықпын деп санамасаң, онда ол жағымпаздық болғаны.

* * *

Қоғамға керек іспен айналыспаған адам ештеңені бүлдірмесе де, ұрлық жасамаса да, әділетсіздікке бармаса да, керексіз адам.

* * *

Көп болуын қаламасаң, аздың өзі көп көрінеді.

* * *

Шамадан шығып кетсең, жағымды нәрсенің өзі жағымсыз көрінеді. 

* * *

Өзі туралы пікірі биік адамды үйретемін деген адамның уақыты босқа кетеді.

* * *

Ақшаға өте құмар болу кедей болудан да қиынырақ, өйткені тілек өскен сайын қажеттілік те өсе береді.

* * *

Ұстамсыз, санасыз өмір сүру – жаман өмір сүру ғана емес, жайлап өлу. 

* * *

Өз кемшіліктеріңді ұмыту ұятсыздыққа бастайды.

* * *

Күншіл адам өзіне-өзі жауына жасайтындай реніш туғызады.

* * *

Күншілдік адамдардың арасы ажырауының бастауы.

* * *

Заң адамдардың өмірін жақсарту үшін жасалады. Олар орындалу үшін адамдар өз өмірлері жақсы жаққа қарай бет алуына ұмтылуы тиіс. Сондықтан заңдарға мойынсұну және оларды орындау керек.

* * *

Заңдар жақсыларға да, жамандарға да пайдасыз: жақсыларға ол керексіз, жамандар оны орындамағандықтан жаман болып жүргенін сезінбейді.

* * *

Ақиқат тереңде.

* * *

Ақылдылықтың үш ерекшелігі бар: жақсы шешім шығару, соны жақсы жеткізу және орындау.

* * *

Ақыға емес, жақсылық жасағысы келген кісі - нағыз жарылқаушы.

* * *

Біреуді жақсы көре білмеген адамды ешкім де жақсы көрмейді.

* * *

Біреудің қатесін іздегеннен өз қатеңді ізде.

* * *

Адамгершілік жасауды өз сеніміне сай жасайтын адам, оны күшпен немесе заңға сәйкес жасағаннан көп жақсы, себебі, күшпен немесе заңға сәйкес адамгершілік жасаған адам жасырын түрде онысынан ауытқуы мүмкін, ал, жанының қалауымен жасаған кісі өз әрекеттерінен ешқашанда айнымайды.

* * *

Медицина – философияның сіңлісі.

* * *

Дос болып көрінетіндердің ішінде дос еместері болатыны сияқты, дос деп танылмағандардың ішінде де нағыз достық пиғыл болуы мүмкін.

* * *

Өте ұят қылық жасап жүргендердің сөзінде мін болмауы мүмкін.

* * *

Ақылды жасөспірім мен ақылсыз қариялардың кездесіп қалатыны тәрбие мен табиғатынан.

* * *

Өз құмарлықтарын жеңе білетіндер де жауын жеңгендер секілді ержүректер қатарына жатады.

* * *

Біз достарымыздың жәрдемін оншалықты қажетсінбесек те, олардың жәрдем беруге әзір екенін ұдайы қажетсінеміз.

* * *

Жастардың үйренуі мүмкін істерінің ішіндегі ең нашары - жеңілтектік, өйткені ол берген рахаттар үлкен ақауларға алып келеді.

* * *

Қорыққаннан емес, парыз сезімінен жаман істерден аулақ жүру керек.

* * *

Істеген ісің емес, соны жасауға деген ниет сенің адамгершілік мінезіңді көрсетеді.

* * *

Топастар үйренер мектеп – бақытсыздық.

* * *

Бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмесе де болады.

* * *

Барлығын білемін деп жүріп барлық жағынан топастанып қалма.

* * *

Жақсы сөз жаман істі жасыра алмайды, ал жақсы іс жаман сөзбен былғанбайды.

* * *

Пайдасы жоқ рахаттың бәрінен без.

* * *

Біз жақсылық алатын бір нәрседен жамандық та күтуіміз және оны болдырмаудың құралын да табуымыз мүмкін. Мәселен, терең су таза, бірақ оған батып кету де мүмкін. Бірақ жүзу үйрену арқылы терең судың тек пайдалы жағы ғана қалатыны тағы рас.

* * *

Айқын сөз – еркін ойдың белгісі, бірақ айтылар жерін дұрыс таңдамасаң өзіңе қауіп.

* * *

Тәннің кеселіне қарап өмір сүру бейнесін тануға болады.

* * *

Өзгенің кемшілігін көре тұра өз кемшілігіңді білмеу ұят.

* * *

Табиғат пен тәрбие ұқсас. Тәрбие арқылы адамды өзгертіп адамның жаңа табиғаты жасалады.

* * *

Ұят іске өкіну - өзіңді құтқарудың жолы.

* * *

Мақтау сөз ақымақты есіртеді.

* * *

Сөз – істің көлеңкесі.

* * *

Әділетсіздік жасаған адам әділетсіз айыпты болған адамнан да бақытсыз.

* * *

Әділеттілік – парыздың өтелуі, әділетсіздік – жасалуы тиіс істі жасамау, өз міндетін орындаудан қашу.

* * *

Қорқыныш жағымпаздықты туғызады.

* * *

Мәселенің мәні білімнің толықтығында емес, сананың толықтығында.

* * *

Барымен базар етіп жақсы көңіл-күйде бола алатындар бақытты, байлығы тасып жатып көңіл-күйі біркелкі болмайтындар – бақытсыз.

* * *

Өз жүрегіңді жеңу қиын, оған парасат керек.

* * *

Тамақ ішуде және махаббат ләззатында шаманы білмейтіндердің рахаты ұзаққа бармайды.

* * *

Досыңның құпиясын біліп қалсаң оны жария қылма, олай етсең достыққа соққы бересің.

* * *

Жақсылықты пайдалана білмеген адамда жамандық жақсылықтан өсіп шығады.

* * *

Барлық нәрседе шекті білу өмір қуаныштарын көбейтіп, рахатты одан да мол етеді.

* * *

Жақсы кісі болу көбіне табиғатынан емес, тәрбие арқылы келеді.

* * *

Адамды істеген ісіне ғана қарап емес, оның солай етуге ұмтылысына қарап та бағалау жөн.

* * *

Құрметті орындар мен атақтарға лайық еместер неғұрлым көп жетсе, олар соғұрлым мемлекетке көбірек зиян келтіреді.

Фукидид 

(біздің эрамызға дейінгі 460 - 400-ші жылдар)

Өзі теңдестерге дес бермейтін, мықтылармен қатынаста абыройын сақтап қалатын және қорғансыздарға келгенде өзін-өзі ұстай алатындар басқалардан гөрі ұзағыраққа барады.

* * *

Достарды біз олардан алған қызметімізбен емес оларға жасаған қызметімізбен табамыз.

* * *

Адамдарға өз табиғатында алдында бас иіп тұрғандарға менменси қарау, ал, алдарында иілмегендерге құрметпен қарау тән.

* * *

Адамдар үшін жекелеген адамдардың байып, басым бөлігінің қирағанына қарағанда мемлекеттің тұтастай  өркендеуі анағұрлым пайдалы

Антифонт

 (біздің эрамызға дейінгі V ғасыр)

Адамдар үшін әділеттілікті былай пайдаланған: куә бар кезде заңдарды ұстанып, куә жоқ кезде табиғат заңдарын ұстану тиімді.

Гиппократ

 (біздің эрамызға дейінгі 460 - 370-ші жылдар)

Себепсіз шаршау – аурудың басы.

* * *

Ауырған кезде адамның рухы сақталса және тамаққа тәбеті қайтпаса, ол аурудың жазылатынының белгісі.

* * *

Дәрігер алдымен философ болуы керек, өйткені философия мен медицинаның айырмасы көп емес 

* * *

Адамның рухы өлімге дейін дамуда болады.

* * *

Өмір қысқа, өнер жолы – ұзақ жол, қолайлы жағдай өтпелі, тәжірибе алдамшы, пікір айту қиын. 

* * *

Аш адам еңбектенбесін.

* * *

Артық тамақ кеселге ұшыратады.

* * *

Көп ұйықтау да, ұйқысыздық та шамадан тыс болса кеселге ұшыратады.

Аристофан

 (біздің эрамызға дейінгі 445 - 375-ші жылдар)

Ақылдылар дұшпандарынан да көп нәрсе үйренеді.

* * *

Маған қарыз адамды ешқашан ұмытпаймын, мен біреуге қарыз болсам естен шығып кетуі мүмкін.

* * *

Астың орнына сөзбен тамақтандырма.

* * *

Көп ойды аз сөзбен жеткізе алатындар - шын ақылдылар.

* * *

Қысқа ақылдың тілі ұзын.

Антисфен 

(біздің эрамызға дейінгі 444 - 365-ші жылдар)

Жақсы адамдарды жаман адамдардан ажырата алмаған мемлекет күйрейді.

* * *

Жақсы іс істеп, жаман сөз есіту – патшалардың үлесі.

* * *

Ізгілік – ешкім тартып ала алмайтын қару.

* * *

Мен ессiздiктi рахатқа алмастыра салған болар едiм.

* * *

Жақсы көргенiң үшiн алғыс сезiмiн аямайтын әйелге күлiп қара.

* * *

Дәрiгер де ауруға қатiгез болуға мәжбүр.

* * *

Құзғынға жем болған жағымпазға жем болғаннан дұрыс: құзғын өлiктi мүжiсе, жағымпаз тiрiлердi мүжидi. 

* * *

Iзгiлiк iспен көрiнедi және ол көп сөздi қажет етпейдi. 

* * *

Iзгiлiкке ұмтылғандардың бәрi бiр-бiрiмен дос.

* * *

Iзгiлiк – ешкiм тартып ала алмайтын құрал.

* * *

Дұшпандарыңа сыр алдырма, олар сенi аңдып жүр.

* * *

Әдiл адамды туысыңнан да артық бағала 

* * *

Iзгiлiк - әсем, жамандық – көрiксiз.

* * *

Барлық жаман iстi өзiңе бөтен сана.

* * *

Сенiмдi күшпен де, алдаумен де бүлдiрме.

* * *

Адал кедейдi мақтай тұрып байларға жасырын қызғаныш сезiмiн кешетiндердi мақтамаймын.

* * *

Үйленемiн деп үйленбегендер, жолға шығамын деп шықпай қалғандар, саясатқа араласамын деп араласпай қалғандар, сарайда тұруды аңсап олай етпегендер мақтауға лайық.

* * *

Достасуға қол созып тұрып жұдырығыңды түйме.

* * *

Құдай адамдарға жеңiл өмiр сыйлаған, тәттi рахаттар, хош иiстер iздеп оны бұзған өзiмiз.

* * *

Үлкен ұрылар ұсақ ұрыларды абақтыға жаптырып жүредi.

* * *

Ол жансыз мүсiннен қайыр сұрап тұрғанын көрiп қалғандарға: “Сұрағанда бермеуге үйренбек едiм” деп түсiндiрiптi.

* * *

Ең ащы нәрсе – кәрiлiктегi кедейлiк.

* * *

Тұспал сөз – бал араласқан у секiлдi.

* * *

Маған философияның не керегі бар? – дегенге: “Сен жақсы өмір сүруге тырыспасаң, онда несіне өмір сүресің?” депті.

* * *

Ешбiр жетiстiк жаттығусыз келмейдi.

Аристипп 

(б. э. дейінгі V ғасырдың I-жартысы – IV ғасыр)

Рахаттан бас тарту емес, оған бағынбай, билік ете білу дұрыс.

* * *

Балықшы ұсақ балықтарды аулауы керектi болғаны үшiн теңiздiң суық суы бетiн шарпығанына төзедi.

* * *

Оқыған адам мен оқымаған адамның айырмасы қалай дегенге: “Үйретiлген ат пен асау аттай” деп жауап берiптi.

* * *

Әйелдермен көңiл көтеретiн үйге жасөспiрiмдермен бiрге кiргенде ол бiр жас жiгiттiң қызарып кеткенiн көрiп: “мұнда кiру айып емес, кiрiп алып, шығып кетерлiк күш таба алмау айып” дептi.

* * *

Кедей болған тоғышар болғаннан жақсы, бiрiншiсiнде ақша жоқ, ал екiншiсiнде адамгершiлiк жоқ.

* * *

Философтар неге байлардың үйлерiн жағалап жүредi? деп сұрағандарға, ол: “Дәрiгер де ауру бар үйге барады, бiрақ адамдар өздерiн аурудың кейпiнде емес, дәрiгер кейпiнде көргiсi келедi емес пе?” деген екен.

* * *

Бiрде кемеде бара жатқанда дауыл соғып, ол қатты шошып қалғанда, сонда тұрған бiр кiсi: “Сендер философтар қорқасыңдар, ал бiз қорықпаймыз” дегенде: “Бiз әрбiрiмiз жан туралы уайымдаймыз, бiрақ та, бiздердiң жанымыздың құндылығы бiрдей емес қой” деген екен.

* * *

Көп оқыдым деп мақтанған бiреуге ол: “Тамақты көп жеген кiсiнiң денсаулығы қажет мөлшерде ғана жейтiн кiсiмен салыстырғанда жақсырақ болып кетпейдi ғой, мұнда да сол секiлдi: көп оқыған емес, сол оқуын пайдаға асыра бiлетiн адам ғалым болады” дептi.

* * *

Ұлына ұстаздық етудi өтiнген бiр кiсiден ақысына бес жүз драхм сұрапты. “Мұндай ақшаға мен құл сатып алармын” дептi ол. Сонда: “Онда сенде екi құл болады да” дептi.

 

* * *

Достарымнан өзiмнiң пайдам үшiн ақша алмаймын, олар ақшаны қалай пайдалануды үйренсiн деп аламын.

* * *

Ақылды мен ақылсыздың айырмасы қалай деп сұрағанға: “Екеуiн бейтаныс адамдардың арасына тыржалаңаш жiбер, сонда бiлесiң” дептi.

* * *

Балаларға не үйрету керек? дегендерге: “өскенде керек болатын нәрсенi үйрету керек” дептi.

* * *

Өз баласынан бас тартқан бiреудi ақтай тұрып: “қарынның қалдықтары мен биттердi де бiз өзiмiзден аластап тастаймыз ғой” дептi.

* * *

Бiз тәнiмiздiң кей мүшелерiн пайдаланып тұрған кезде жақсы көретiнiмiздей, достарды да керек кезiнде жақсы көремiз.

* * *

Жалпылама нанымдардан биiк болу үшiн бiзге парасат аздық етедi, ол үшiн жасымыздан сiңген жарамсыз көңiл-күйде болу әдетiн де жеңуiмiз керек.

* * *

Достық деген санасыздардың да, ақылдылардың да арасында болмайды, бiрiншiлерде қажеттiлiк бiткен күнi достық та бiтедi, ақылды өзiне сенедi, сондықтан оларға дос керегi жоқ.

Исократ 

(біздің эрамызға дейінгі 436 - 338-ші жылдар)

 

Сенің сөзіңді сөйлегенді емес, сенің дұрыс айтылмаған сөзіңді дәлелдеп сөзіңе қарсы болғанды сенімді серік ет.

* * *

Саған сеніп айтылған құпияны саған сеніп тапсырылған мүліктен де бетер сақтай біл, антына берік боларлық мінезге ие адал адамдар тек осылай жасауы тиіс. 

* * *

Достар бақытты жағдайларда шақыртумен келуі тиіс, ал бақытсыздықта олар шақырту күтпей тез жеткені жөн.

* * *

Біреумен өзіңнің жеке ісің жайлы ақылдасқың келсе, әуелі ол өзінің жеке істерін қалай жүргізіп жатқанын аңдап ал.

* * *

Балаларың өзіңе қалай қарағанын қаласаң, ата-анаңа солай қара.

* * *

Бір адамдарға қайта-қайта бара беру қажетсіз, оларда тойыну пайда болуы мүмкін.

* * *

Бір жарамсыз іс жасап, жасырынып қалам деп ойлама, өз ұятыңнан қайда жасырынасың?

* * *

Дос болудың алғашқы міндеттемелерінің бірі – достардың өтініштерін алдын-ала болжап білу.

* * *

Екі жағдайда ғана сөз сұра: сөздің мәнін айқын ойластырғанда немесе сол сөзді айту қажет болғанда.

* * *

Ғалымдық – ащы тамырдың тәтті жемісі.

Платон 

(б.э. дейінгі 428 яки 427 – 348 яки 347-ші жылдар)

Кедейлік деп мүліктің азайғанын ғана айтпайды, тойымсыздықтың көбейгенін де айтады.

* * *

Байлық адамдардың жан-дүниесін өзінің сән-салтанатымен бұзды, кедейлік адамдарды қасіретке ұшыратып, ұятсыздыққа дейін жеткізді.

* * *

Құдай біздің өз ішімізде.

* * *

Адамдар өздері шеккен қиыншылықтарына тағдырды, Құдайды, т.с.с. кінәлауға бейім, тек қана өздерін кінәлағысы келмейді.

* * *

Бүкіл жан-дүниеңмен ақиқатқа ұмтыл.

* * *

Іспен аяқталмаған сөзде құн жоқ, әрбір іс сөздің жүзеге асуы болуы тиіс.

* * *

Ақымақтың екі белгісі болады: біріншіден, ол өзіне керексіз заттар жайлы өте көп айтады, екіншіден, одан сұрамаған нәрсені айтады.

* * *

Достықты – теңдік туғызады.

* * *

Әсемдiктiң жолы ауыр.          

* * *

Сүйікті сүюшінің көзін қарықтырады.                    

* * *

Менiңше, әрбiр естi адам өзiнен жақсы кiсiнiң қасынан табылуға тырысады.     

* * *

Үміт деп ұйықтамай көрген түсті айтады.

* * *

Топастықтың жаман болатыны топас адам тамаша болмай-ақ, игілікті болмай-ақ, саналы болмай-ақ өзіне-өзі риза сияқты болады, ештеңені қажетсінбейді және ештеңені түзетуге ұмтылмайды.

* * *

Отқа от қоспа.

* * *

Ешкім кездейсоқ жақсы адам бола салмайды.

* * *

Бос нәрсеге және керексіз заттарға оларға бөлерлік уақыттан көп уақытын кетіргісі келмейтін, сол үшін мазасызданатын, оны өзіне керексіз салмақ санайтын  адам – ақылды адам.

* * *

Барлық даналықтың негізі – төзім.

* * *

Ештеңе білмейтін және білгісі де келмейтін адам – жаман адам, өйткені онда екі кемшіліктің басы қосылып тұр.

* * *

Өзіңді жеңу – жеңістің басы. Өзіңнен жеңілсең ұят тірлік жасағаның. Біздің әрбіріміздің ішімізде өзімізбен-өзіміздің арамызда соғыс жүріп жатады.

* * *

Ойлы заңдар үлкендердің кішілерден ұялуын талап етеді, өйткені үлкендері ұятсыз болған жердің кішілері ұятсыз болуы оп-оңай.

* * *

Ақиқат тілі – қарапайым.

* * *

Темірден темірге магниттің күші қалай өтсе, музаның шабыты да ақыннан әншіге, одан тыңдаушыға өтеді.

* * *

Қанша құл болса, сонша дұшпан болғаны.

* * *

Біреудің бақыты үшін бас қатырсақ біз өз бақытымызды табамыз.

* * *

Қалың достық бір-біріне ұқсайтын адамдар арасында болады.

* * *

Достардың жақсы пікіріне ие болу үшін олардың қызметін жоғарырақ бағала, ал өзіңнің оларға қызметіңді төменірек бағала.

* * *

Істің жақсы басталуы – жартылай біткені.

* * *

Мен заңның ешқандай күшi болмайтын және жеке бiреудiң билiгiндегi  мемлекеттiң күнi санаулы екенiн айта аламын. Билеушiлер заңның құлы болатын мемлекеттің адамдарына  Құдай игілік сыйлайды.

* * *

Ұялту кезiнде айтылғанды түсiну үшiн басқаның саналы ақылы керек…                        

* * *

Даналыққа құштар еместiң Құдайлар мекенiне кiруi… мүмкiн емес, бұған тек бiлiмқұмар ғана қол жеткiзедi. 

* * *

Басқа адамға да ашулануға мүмкiндiк берiңiз. Егер сiз дауыс көтерсеңiз, оның да дауыс көтеруге құқығы бар.                

* * *

- Менiң, - дедi Агафон, - сенiмен дауласуға шамам жоқ, Сократ. Сенiң айтқаның болсын.

- Жоқ, сүйiктi Агафон, сенiң ақиқатпен дауласуға шамаң жоқ, ал Сократпен айтысу - оңай шаруа.

* * *

Қысқасы  адам  жаны  басқадан  бөлектенудi  мүлдем  бiлмейтiн  болсын,  бiрлесiп  өмiр  сүруге  дағдылансын,  барлық  адамның  өмiрi  барлық  уақытта  мүмкiндiгiнше  ұйымдасқан,  ортақ  болсын;  өйткенi  табысқа  және  жеңiске  жету  үшiн…   одан  абзал,  пайдалы  және  жақсы  жол  жоқ,  болмайды  да.

* * *

Кiм де кiм барлық нәрсенiң бастауын танығысы келсе, онда: бiрiншiден, идеяларды айыра бiлуi керек – мәселен, ұқсастық, бiрлiк, көлем, қалып, қимыл дегендердi ажырата бiлуi керек; екiншiден, идеяның негiзiне, өзiмен-өзi өмiр сүре алатын – сұлулықты, iзгiлiкті, әдiлеттiлiкті, т.с.с. қоя бiлуi керек; үшiншiден, бiлiм, шама немесе билiк секiлдi бiр-бiрiмен қарым-қатынаста өмiр сүретiн идеяларды тани бiлуi тиiс.

* * *

Әдет - ұсақ нәрсе емес.

* * *

Ең тәттiсi - ақиқатты есiту.

* * *

Барлық нәрсенiң бастауы - Құдай мен зат.

* * *

Ғалам оттан, судан, ауадан, жерден тұрады.

* * *

Уақыт – мәңгiлiктiң образы.

* * *

Жайлылық - жан жайлылығы, тән жайлылығы және сыртқы жайлылық болып бөлiнедi. Жан жайлылығы - әдiлдiк, түсiнiстiк, ержүректiк, ой тазалығы. Тән жайлылығы – сұлулық, мiнсiз мүсiн, денсаулық, күш. Сыртқы жайлылықтар – достар, отанның бақыты, байлық.

* * *

Iштарту үш түрлi болады: табиғи, жолдастық және қонақжайлық. Табиғи iштарту ата-ананың балаларға, туыстардың бiр-бiрiне iштартуы. Жолдастық - бұл туыстық қарым-қатынасы жоқ адамдардың бiр-бiрiне iштаруы. Қонақжайлық iштарту – келген қонақтармен кездескенде немесе хат арқылы болатын iштарту. Бұл үшеуiне махаббат арқылы болатын iштартуды қосуға болады.

* * *

Әдiлеттiлiк үш түрлi болады - Құдай алдында, адамдар алдында және өлгендер алдында. Храм үшiн уайымдап, қайыр-садақасын ұдайы ұмытпай бере жүретiндер - Құдай алдында әдiлеттi. Қарызын уақытылы қайтаратын, аманатқа қиянат жасамайтын адам – адамдар алдында әдiлеттi. Дүниеден өткендердi ұмытпайтын, олар туралы жаман сөз таратпайтындар – аруақтар алдында әдiлеттi.

* * *

Заң екi түрлi болады: жазылған және жазылмаған. Мемлекет соның ережелерiмен жүретiн заңдар – жазылған заңдар. Дәстүр мен рәсiмдерге негiзделген заңдар – жазылмаған заңдар.

* * *

Сөз бес түрлi болады. Бiрiншiсi – халықтық жиындарда айтылатын сөздер, олар саяси сөздер деп аталады. Екiншiсi – мадаққа, ескерту мен айыптауға негiзделген, шешендердiң аузынан шығатын сөздер, олар – риторикалық сөздер делiнедi. Үшiншiсі - қарапайым адамдардың аузынан шығатын сөздер, олар – тұрмыстық сөздер деп аталады. Төртiншi – сұрақ-жауапқа негiзделген сөздер, оларды – диалектикалық сөздер дейдi. Бесiншiсi – қолөнершiлер мен iскер адамдардың арасында қолданылатын сөздер, олар – iскерлiк сөздер деп аталады.

* * *

Тектілік төрт түрлі болады. Біріншіден, ата-бабасы әсем, мейірімді және әділетті болған болса. Екіншіден, ата-бабасында билер мен ел басқарған адамдар болса. Үшіншіден, аталарында жауға шапқан ержүрек батырлар болған болса. Ең соңғысы, адамның өзі батыр және кеңпейіл болса.

* * *

Әсемдiк үш түрлi болады: бiреуi – мақтауға тұрарлық, мәселен сүйкiмдiлiк, екiншiсi – пайда келтiретiн, мәселен - қару, үй, мүлiк, т.с.с., және үшiншi - өмiр сүруге жәрдемдесетiн, ол тәртiпке, дәстүрге байланысты айтылады.

* * *

Жан үш сипатпен белгiленедi: саналы, ынталы және құмар. Олардың саналысы ниет, пiкiр, түсiнiстiк, т.с.с. Жанның үстем сипаты тамаққа тәбеттiң келуi, жыныстық қатынасқа ықылас, т.с.с. құмар сипаты – ержүректiкке, рахатқа, қиналуға және ашулануға себеп. 

* * *

Ізгілік төрт түрлі болады: ұғынықтылық, әділеттілік, ерлік және дұрыс ойлаушылық. Олардың ішінде ұғынықтылық - өз ісін дұрыс жүргізуге итермелеуші себеп; әділеттілік – жолдастық пен алыс-берістегі дұрыс мінездің себебі; ерлік – табандылық, қиындық пен уайымдарда шегінбеушілік себебі; дұрыс ойлаушылық - өз тілектерімізді басқара білуге, рахаттың бізді бағындырып алмауына және тәртіпті өмір сүруге себеп.

* * *

Билiктi бес бөлiкке бөлуге болады: заңға сай, табиғи, дәстүрге орай, тұқым қуалайтын, зорлықпен болатын билiк. Егер билiкшi сайлау жолымен билiкке жетсе, оны – заңға сәйкес билiк дейдi. Табиғи билiк деп қауымдағы еркектiң билiгi, жануарларда кездесетiн табиғи билiк, мәселен жылқылардағы айғырдың билiгi секiлдi билiк түрлерi айтылады. Дәстүрге орай болатын билiк деп ұстаздың шәкiрттерге билiгi, тәрбиешiнiң балаларға билiгi секiлдi билiк алынады. Тұқым қуалайтын билiк деп патшаның орнын оның ұлы басқан, бiр әулеттiң немесе рудың билiгi болған кезде айтылады. Зұлымдық пен озбырлық арқылы иеленген билiк зорлықпен келген билiк саналады.

* * *

Шешендiк алты түрлi болады. Бiреумен одақ құру немесе майдандасуға шақыратын шешендiк – сендiру деп аталады. Соғыс пен одақ құрудың орнына байсалдылыққа үндейтiн шешендiк - тыныштыққа шақыру деп аталады. Шешендiктiң үшiншi түрi – айыптау. Төртiншi шешендiк - қорғану. Бесiншiсі – мадақ.  Алтыншы шешендiк - әшкерелеу деп аталады.

* * *

Сөздiң дұрыстығы төрт түрге бөлiнедi: керектiнi айту, қанша керек болса сонша айту, кiмнiң алдында айтуды бiлу және қай кезде айтуды аңғару. Керектiнi айту деп – айтушыға да, тыңдаушыға да тиiмдi етудi айтады. Қанша керектiгiн бiлу – жетерлiк мөлшерден асып кетпеу. Кiмнiң алдында айту – жас пен кәрiнiң, бiлiм деңгейi әртүрлi адамдардың алдында дұрыс сөйлей бiлу. Қашан айту – уақытынан ертерек айтылған сөз мақсатқа жеткiзбеуi мүмкiн, сондай-ақ кешiгiп айтылған сөз де мәнiн төмендетедi.

* * *

Қызмет ету төрт түрге бөлінеді: ақшамен, жеке, бiлiммен және сөзбен. Ақшамен қызмет ету деп тапшылыққа түскен адамға жәрдемдесу немесе оның қаржылық жағдайын қалпына келтiруге жәрдемдесудi айтады. Жеке қызмет деген - таяқ жеп жатқан кiсiге, суға ағып бара жатқанға жәрдемдесу. Тәрбиелеу, емдеу немесе жақсы бiр iске үйрету – бiлiм арқылы қызмет ету делiнедi. Досқа сотта немесе пiкiрталастарда жәрдем ету – сөзбен қызмет етуге жатады. 

* * *

Iстiң соңы төрт түрлi болады.  Бiр iстiң соңы заңды ұсыныс жолымен шешiм қабылдаумен аяқталады. Екiншi iс соңы табиғат заңдарымен күннiң батуы, жылдың аяқталуы секiлдi аяқталумен белгiленедi. Үшiншiсi – икемге қарай бiр шығарманың, суреттiң жасалуымен, құрылыстың салынуымен аяқталады. Төртiншi iс соңы – кездейсоқ, жоспарлағанға қарама-қайшы бiтуi.

* * *

Қабiлет төрт түрге бөлiнедi. Бiрiншiден, ол – ақылдың қабiлетi, талқылау мен болжам жасау. Екiншi тән қабiлетi – жүру, алу, беру, т.с.с.  Үшiншi – шексiз байлық пен көп әскер жинау қабiлетi. Төртiншi – жақсылық пен жамандық жасау немесе соған төзу қабiлетi, ол, мәселен – ауыру, жазылу, тәрбиелеу, т.с.с.

* * *

Сыпайыгершiлiк үш түрлi болады. Бiрiншi – сәлемдесу, кездескен кiсiмен қол алысып, ықылас таныту. Екiншi - қиындық көрiп жатқан кез-келген кiсiге жәрдемдесу. Үшiншiсi - қонақжайлық.

* * *

Бақытты бес бөлiкке бөлуге болады: бiрiншiден, қалауды шектеу, екiншiден салауатты сезiм мен бүлiнбеген тән, үшiншiден – iсте жолы болу, төртiншiден – адамдар арасындағы жақсы атақ, бесiншiден – ақшаның, өзге де өмiрге қажеттiлердiң жеткiлiктi болуы.  Қалауды шектей бiлу тәрбие мен тәжiрибе арқылы келедi. Сезiм салауаттылығы – көздiң көрiп, құлақтың естуi, иiс сезiну. Жолы болғыштық - адам не жасауға талаптанбасын, оның ойдағыдай жүзеге асуы. Жақсы атақ - кiсi жөнiнде жақсы сөздер айтылып, жақсы баға берiлуi. Жеткiлiктiлiк - өзiңе де, қажетсiнiп жүрген адамдарға да, мемлекеттiк мiндеттiлiктердi атқаруға да жетерлiк дүние болуы және оны дархандықпен, атыңа лайық жұмсау. Осылардың бәрi бар адам бақытты. 

* * *

Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол – тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнерді айтады.

* * *

Кәсiп үш түрлi болады: бiрiншiсi - өнiм шығарушының еңбегi, екiншiсi - өнiмдi ұқсату, қайта өңдеу, үшiншiсi – пайдаланушы кәсiп, атты, қаруды, музыка аспабын пайдалану арқылы кәсiп ету.

* * *

Барлық болмыс я жамандық, я игілік, я болмаса бейтарап. Жамандық деп ылғи зиян әкелетін – санасыздықты, ақылсыздықты, әділетсіздікті т.с.с. айтады. Игілік деп осыған қарама-қарсыларды айтады. Бейтарап деп, бірде зиян, бірде пайда, мысалы – ойнауды, жүруді, тамақ жеуді т.с.с. немесе я зияны, я пайдасы жоқ нәрсені айтады.

* * *

Мемлекеттегi тәртiп үш түрлi болады. Бiрiншiден, заңдар жақсы болса, тәртiп орнайды. Екiншiден, азаматтар бар заңдарға мойынсұнса, тәртiп болады. Үшiншiден, заңдарсыз да, дәстүр мен рәсiмдер арқылы мемлекетте тәртiп орнауы мүмкiн. 

* * *

Мемлекеттегi тәртiпсiздiктiң үш түрi бар. Бiрiншiден, заңдар нашар болса, тәртiпсiздiк орнайды. Екiншiден, бар заңдарға адамдар бағынбаса тәртiпсiздiк болады. Үшiншiден, заңдар жүйесi жасалмаған болса тәртiп болмайды.

* * *

Игілік үш түрлі болады: бірінші - иеленуге болатын, мәселен – әділдік, денсаулық; екінші - қатысуға болатын – демалыс, және үшінші - өзімен-өзі өмір сүретін, мысалы – қызғаншақтық.

* * *

Кеңес үш түрлі болады: өткеннен алынатын, бүгінгі мысалдармен берілетін және болашақ иелігіндегі себептерден. Мысалы, өткен уақытқа тиесілі сенімге кіргендердің кесірінен жеңіліс тапқан соғыс, осы шаққа тиесілі - қабырғаның жіңішкелігі, әскердің аздығы, дайындықтың түгел еместігі, болашақ мерзімге қатысты – ертеңгі зиянын айтып, біреуге күмәндана қарау.

Диоген 

(біздің эрамызға дейінгі 400 - 325-ші жылдар)

Жоқтан ештеңе пайда болмайды және жоққа барып ештеңе ұрынбайды.

* * *

Тәрбие жастарды ұстамды етеді, қарттарды жұбатады, кедейді байытады, байды тәубеге шақырады.

* * *

Бұл өмірден тойдан кеткендей болып кеткен жақсы: шөлдеп те қалмай, мас та болмай.

* * *

Адам іздеп жүрмін.

* * *

Халық көп, адамдар аз.

* * *

Досқа қол созып тұрып, жұдырығыңды түйіп алма.

* * *

Шындыққа отқа қарағандай қара: жақындама – күйесің, ұзап кетпе – тоңасың.

* * *

Мал бақсаң, малға қызмет етіп кетпе.

Пиррон 

(біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр)

Өзімен-өзі сөйлесіп отырғанын көріп, бұл қалай деп сұрағанда: “мейірімді болуды үйреніп отырмын” – депті.

* * *

Бiр iс бiреулер үшiн әдiлеттi болып көрiнсе, екiншi бiреуге әдiлетсiз, бiреуге жақсылық болып көрiнген iс екiншi бiреулер үшiн жамандық.

* * *

Күн алыста тұрған соң кiшкене болып көрiнедi, ол шыққан кезде басқаша, түс әлетiнде басқа, батып бара жатқанда басқа. Таулар алыстан жеп-жеңiл нәрсе болып көрiнедi.  Бiр зат орман iшiнде тұрғанда басқа, жалғыз тұрғанда басқа әсер бередi, жансыз мүсiн қалай орнатқанына байланысты әртүрлi көрiнедi, аққудың мойны иiлгенiне қарай әртүрлi күйге енедi.

* * *

Шарапты аз iшсең - бойға қуат, көп iшсең әлсiретедi, тамақ та солай.

 * * *

Әрбiр дәлел тағы бiр дәлелдеудi қажет етедi, осылай шексiздiкке дейiн.

* * *

Сезiм – алдамшы, сана – екiұшты. Осыдан да ақиқатты танып болмайды.

* * *

Табиғатта жамандық пен жақсылық болмайды. Олай болса, олар барлығына бiрдей болуы тиiс едi. Ал, қар барлығына бiрдей суық емес, т.с.с.

 * * *

Жоқтан ештеңе бар болмайды, олай болғанда дән сеппей-ақ астық оруға болар едi.

* * *

Рахаттың ең шегi – ешқандай ауырсынудың болмауы.

* * *

Саналы және әдiл өмiр сүрмей тәттi өмiр сүруге болмайды; тәттi өмiр сүрмей, саналы және әдiл өмiр сүруге болмайды. Саналы және әдiл өмiр сүруге бiр нәрсесi жетпейтiн адам тәттi өмiр сүре алмайды.

* * *

Ешбiр рахат өздiгiнен жамандық болып кетпейдi; бiрақ сол рахатқа жету жолы кейде алған рахаттан көп әурешiлiк туғызады.

* * *

Кiм тура болса, сол уайымсыз.

* * *

Жаныңды ауыртуға бастамайтын тiлектiң бәрi онша қажет нәрсе болмағаны.

* * *

Бар өмiрдiң бақыты боларлық нәрсенi беретiн ақылдың iшiндегi ең ұлысы – дос табу.

* * *

Көңiл қалауының бiрi табиғи және қажеттi, екiншiсi табиғи, бiрақ қажетсiз, үшiншiсi – табиғи емес және қажетсiз деп бөлiнедi. Табиғи және қажеттi деп уайымды жеңiлдететiн, мәселен шөлдегенде су iшу, табиғи және қажетсiз деп қанағаттануды жетiлдiретiн нәрселер, мысалы мол дастархан айтылады. Табиғи емес және қажетсiз деп қаралы гүл, құрмет жансыз мүсiндерi алынады.

Табиғи қалау оны қанағаттандырмағанда ауырсынуға алып келмейтiн болса, ол бос мерекеге құмарлықтан болады.

* * *

Әдiлетсiздiктi өздiгiнен жаман нәрсе деп қарауға болмайды, ол – iстеген әрекетi үшiн жаза алмай қалмаймын-ау деген күдiктен қорқу.

Макробий

 (біздің эрамызға дейінгі 400-ші жылдар)

Табанды еңбек бәрін жеңеді.

* * *

Ұқсас ұқсасқа қуанады.

Аристотель 

(біздің эрамызға дейінгі 384 - 322-ші жылдар)

 

 

Надан заттардың өз мәнiсiне сәйкес келетiнiне таңданады және осы таңырқау  бiлiм бастауы болады: данышпан, керiсiнше, заттар өзi бiлетiннен басқаша болса таңданар едi.                                   

 

* * *

Алғыс тез ескіреді.

 

* * *

Саналылық – артық кету мен сезімсіздіктің орта шенінде болуы тиіс.

 

* * *

Батыл болу дегеніміз – қорқыныштың аулағырақта және батылдық әкелетін барлық нәрсенің жақын болуы.

 

* * *

Құмарлықты шектей білуді ғана ақылдылық демейміз, оны корабльді немесе атты қалай басқаруды білген адам секілденіп басқара білуді де ақылдылық дейміз.

* * *

Тәрбие – кәрілікке сақтаған нәрселердің ең керектісі.

* * *

Тәрбие үш нәрсені қажет етеді: қабілет, білім, тәжірибе.

* * *

Өлімнің келмей қоймайтынын әркім-ақ біледі, бірақ оның қашан келетінін білмегендіктен ол туралы онша ойлана бермейді.

* * *

Әлемдік жүйеде бізге аз ғана мерзім өмір сүруге беріледі, ол – тамаша және биік сый. Сергектік, сезіну, ойлау қабілеті – рахатқа батыратын ең үлкен игілік. Олардың ішінде ойлана білу – рахаттың рахаты, адам үшін өмір қуанышы мен ең сүйкімді іс сол.

* * *

Мемлекеттік азамат деп билеуге де, бағынуға да қатысы бар адамды айтамыз.

* * *

Қайраткерлік іс деп теория мен тәжірибені үйлестіруді айтамыз.

* * *

Кімге абырой жай ғана нәрсе болып көрінсе, оған басқа нәрселердің бәрі солай көрінгені.

* * *

Барлығына бірдей дос болу – ешкіммен де дос болмау.

* * *

Достық деген – екі тәндегі бір жан.

* * *

Достық мүмкін нәрсеге риза болады, көңілдегіге емес.

* * *

Жақсы адам болу мен жақсы дос бола білу – бір нәрсе.

* * *

Мәңгі өмір сүретіндей қарау болу мен бүгін өліп қалатындай шашып-төгудің екеуі де жарамайды.

* * *

Ананың кемшілігі балаға жұқпай қоймайды.

* * *

Аузы бейпілдік – істі нашар атқарудың басы.

* * *

Тарихшы мен ақынның айырмашылығы – тарихшы болып өткенді айтады, ақын – болатынды айтады. Сондықтан да поэзияда философия басым.

* * *

Әркім-ақ қателесуі мүмкін, бірақ  қарысып, қатесін мойындамау – ақымаққа ғана тән.

* * *

Кім білімділікте ілгері жылжып, адамгершілікте сол орынында қалып қойса, онда оның ілгері жылжымағаны.

* * *

Көп істі нашар бітіргеннен бір істі басынан аяғына дейін жақсы атқарған жақсы.

* * *

Махаббат дегеніміз біреуге жақсылықты өзің үшін емес, сол адам үшін тілеу және құр тілеу ғана емес, соны жасау.

* * *

Өзін ғана сүйетін адам ондай мінезі жоқ адамдармен салыстырғанда күншілдеу келеді.  Қайратсыз адамдар да күншіл болады, өйткені өзгелердің жеткеніне жете алатынына сенбейді.

* * *

Білімді мен білімсіздің арасы өлі мен тірінің арасы секілді.

* * *

Ержүрек деп қорықпайтын адамды ғана емес қорыққанға шыдай білетін адамды да айтамыз.

* * *

Біз демалыс іздейміз деп демалыстан айырыламыз, бейбіт өмірді аңсап – соғысамыз.

* * *

Бір затты тану үшін оның бастапқы себептерін білу керек.

* * *

Үміт - өңдегі түс.

* * *

Жақсы бастау – барлығының жартысы.

* * *

Ылғи сүймейтін адамды сүйеді деуге болмайды.

* * *

Бос селтеңнен артық адамды аздыратын және бұзатын нәрсе жоқ.

* * *

Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әсемдігі – адамның әділеттілігінен, ержүректігінен, саналылығынан, яғни барлық ізгілікке  ие мінездерден көрінеді.

* * *

Адасу түрлі жолмен болуы мүмкін, дұрыс жасау бір ғана жолмен келеді, сондықтан да адасу оңай, дұрыс шешімге келу қиын.

* * *

Таным таңырқаудан басталады.

* * *

Барлық нәрсенің күлкілі жағын іздеу жанның ұсақтығын білдіреді, өйткені күлкілі нәрсе тереңде жатпайды.

* * *

Табиғат адамға зиялылық мінез-құлық күшін берген, сол күші аз адамдар жабайы, ұяты кем, дәм білу мен жыныстық инстинкттерде төмен болып кетеді.

* * *

Құл – құлды, мырза – мырзаны қалайды.

* * *

Сыпайылық – ұятсыздық пен ұялшақтықтың арасындағы бір нәрсе.

* * *

Теріс қылық жасау әртүрлі болады, дұрыс жасаудың бір-ақ жолы бар.

* * *

Молшылық пен жоқшылық кесірлілікке тән, осылардың орта шенінде болу – ізгілік.

* * *

Ұят дегеніміз – жақсы адамның әділетті соты.

* * *

Әділеттілік дегеніміз ізгіліктің бір бөлігі емес, соның өзі, соған қарама-қайшы әділетсіздік – кесірдің бір бөлігі емес, кесірдің өзі.

* * *

Қорқыныш дегеніміз – жамандықты күту.

* * *

Кім риза жүрсе бақыт соның жағында.

* * *

Бір игілікті иеленуден қорқатын адамды адамгершілігі жақсы деп айтуға болмайды. Олай деп барлық жақсы нәрсе ол үшін жақсы болатын, билік пен байлық секілді нәрселерде оның байырғы қалпын бұзбаған адамды айтамыз.

* * *

Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде.

* * *

Шәкірт дегеніне жету үшін алдағыларға жетіп алуға тырысады және артындағыларды күтіп жатпайды.

* * *

Балалар берген тәрбиесі үшін қарыздар болатын ұстаздар, балалар өздерін дүниеге әкелгені үшін алдында қарыздар болатын ата-анадан құрметтірек: біреуі балаларға өмір сыйласа, екіншілері оларға мағыналы өмір сыйлайды.

* * *

Адамдарды бетіне мақтау көбіне жарамсақтықтан келіп шығады.

* * *

Жақсы кітап деп жазушы жазуға тиістісін жазған, жазуға тиісті емесін жазбаған және қалай жазуы тиіс екенін білгеннен туған кітапты айтады.

* * *

Платон да, ақиқат та маған қымбат, бірақ қасиетті парыз маған ақиқатты таңдауды мегзейді.

* * *

Қоғамнан тыс адам, я – Құдай, я болмаса – аң.

* * *

Өте әрлі айтылған сөз мінезді де, ойды да айқын көрсетіп бермейді.

* * *

Абырой дегеніміз ізгілік үшін алған сый.

* * *

Айқындық – сөздің ең басты құндылығы.

* * *

Ғылымның тамыры ащы, жемiсi тәттi.

* * *

Тез қартаятын не? “Алғыс”.

* * *

Философияның нәтижесiнде мен өзгелердiң заңды орындамаудан қорыққаннан жасайтын iсiн ерiктi жасадым.

* * *

Кімде достар болса, оның досы жоқ.

* * *

Бақыт деген үш игiлiктiң бiрдей толық болуы: бiрiншi – жанның, екiншi – тәннiң, яғни денсаулықтың, күштiң, сұлулықтың, т.с.с., үшiншiден, сыртқы игiлiктiң - барлықтың, белгiлiлiктiң, даңқтың, т.с.с.

* * *

Дана да құмарлықтан тыс болмайды, бiрақ ол құмарлығын шектей бiледi.

* * *

Барлық адам өз табиғатында бiлiмге ұмтылады, оны адамның жаңа әсерлерге деген махаббатымен дәлелдеуге болады.

Демосфен

(біздің эрамызға дейінгі 384 - 322-ші жылдар)

Шешеннiң  мiндетi, оқиғаны  әуел  бастан  көре  бiлу,  оның  ағысын  аңғару  және  ол  туралы  басқаларға  ескерту  болып  табылады.  Сосын  әрбiр  iсте  бейқамдық,  кертартпалық,  түсiнбестiк,  бақкүндестiк  секiлдi  барлық  ерiктi  мемлекеттерге  тән  қашып  құтылмастай  кемшiлiктер  болады.  Осылардың  барлығын  мүмкiндiгiне  қарай  мейлiнше  азайту,  ал  керiсiнше,  азаматтарды  өзара  келiсiмге,  татулыққа,  өз  борыштарын  жан-тәнiмен  орындауға  жұмылдыру  болып  табылады.                                                             

* * *

Саяси  қайраткерлер мен шешен қандай жағдайда мейлiнше батыл қимылдау керек? - деп сұрау қояды да, оған өзi былай деп жауап бередi: «Мемлекеттiң бүтiндiгiне қандай болмасын қатер төнген және халқы дұшпанмен күрес жүргiзуiне тура келген жағдайда, мiне нақ осындай кезде нағыз ақылды және арлы азамат батыл қимылдау керек».

* * *

Ештеңеден қателеспеу Құдайдың ғана қолынан келеді.

Апеллес 

(біздің эрамызға дейінгі I V ғасырдың 2-жартысы)

Етікші етіктен басқаға баға бере алмайды.

Феофраст

 (біздің эрамызға дейінгі 372 - 287-ші жылдар)

Пайдалыдан бұл өмірде керексіз көп.

* * *

Уақыт – барлық құралдардың ішіндегі ең қымбаты.

* * *

Өмір қысқа, оны даңқ қуып босқа кетірме.

* * *

Үндемейтіндер білімсіз болса, онда ақылдының ісін істегені, егер оқымысты болса, онда ақымақтық жасағаны.

* * *

Егер сен тәрбием жеткіліксіз деп үндемей отырсаң, соның өзі тәрбиелілік, егер тәрбиелі болып, үндемесең, онда өте жақсы тәрбиеленіпсің.

* * *

Байланыссыз сөз – ауыздықсыз ат сияқты.

* * *

Ең үлкен шығын – босқа кеткен уақыт шығыны.

* * *

Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды.

Менандр 

(біздің эрамызға дейінгі 343 - 291-ші жылдар)

Алғысты дер кезінде айтқан дұрыс.

* * *

Биліктің сөзінде шындықтың таңбасы көрініп тұрсын.

* * *

Уақыт барлық жараны жазады.

* * *

Алтынды от анықтайды, досты – уақыт.

* * *

Айтылмаған сөздердің мағынасы терең.

* * *

Әйелдердің ұрыстарынан үй өртенеді.

* * *

Өзі үшін ғана өмір сүрмейтін адам нағыз өмір сүреді.

* * *

Күншіл өз еркімен таңдап алған азаптан қиналумен өзіне дұшпандық жасайды.

* * *

Ашушаң әйел – таусылмайтын мұң.

* * *

Дос пен дос еместі бірдей бағала.

* * *

Бізді жақсы көретін адам бізге қатты ашулана алмайды.

* * *

Көп іске ұмтыла берген адам көп қателік жасайды.

* * *

Жамандық жайлы ойлай бергенше, оны бетпе-бет қарсы алған дұрыс.

* * *

Күткен сайын махаббат жалындайды,

Тез суыйды керегін алғаннан соң.

* * *

Кейбіреуді сенің достығың емес, дастарханың тартып тұрады.

* * *

Барлық нәрседе барлық адамға сене беруге болмайды.

* * *

Қиыншылыққа ұшыраған кезде достан теріс айналма.

* * *

Әйелдің әсемдігі – алтын емес, ақыл мен мінез.

* * *

Лақтырған тасты қайтарып ала алмайтының секілді, айтылған сөзді де кері шақырып ала алмайсың.

* * *

Байдың асын күнде жеме. Ол саған арнап ешқандай шығын жасап жатқан жоқ. Ал, ол сенің үйіңе келсе, бар жиғаныңды бір дастарханға жұмсап, шығынға батасың.

* * *

Сөзден күшті ештеңе жоқ.

* * *

Ақымақтықтан өткен ержүректік жоқ.

* * *

Өткен ренішті есте қалдырма.

* * *

Кедеймен ешкім туыстасқысы келмейді.

* * *

Сот пен айыптаушы бір адам болмасын.

* * *

Ең алдымен тіліңе сақ болуды үйрен.

* * *

Ата-анаңды Құдаймен тең құрметте.

* * *

Уақыт барлық шындықтың есігін ашады.

* * *

Ақылды сөз мұңды емдейді.

* * *

Әділетті адам деп әділетсіздік жасамаған адамды айтпаймыз, әділетсіз болуға мүмкіндігі бола тұрып әділетсіздік жасамаған адамды айтамыз.

* * *

Бірін-бірі сүйетін адамдардың ұрысы ұзаққа бармайды.

* * *

Кәрілікке күлме - өзің де соған барасың.

* * *

Бар сырын жайып салып отыратындардан қаш.

* * *

Жақын адамыңды жоғалтқанда терең уайымға түспе. Қайтыс болған кісіңді жерлеген соң қайғыны жүрегіңнен қу. Барлық адамның соңы - өлім.

* * *

Ашуын ауыздықтай білетін адам ұят келетін істі ешқашан жасамайды.

* * *

Білімдінің тілі мүдірмейді.

Эпикур 

(біздің эрамызға дейінгі 341 - 270-ші жылдар)

Өзiң iстей алатын нәрсенi Құдайдан сұрап қайтесiң.                                     

* * *

Ізгі адам даналық пен достықты таңдайды: біреуі өтпелі игілік, екіншісі – мәңгілік.

* * *

Ылғи айналысар нәрсең жұмыс болсын.

* * *

Сүю – ылғи жасайтын іс. Әйелің мен балаларыңды өзіңнен артық сүй.

* * *

Адамдардан алғыс тілеп ештеңе жасама, сонда алғыс айтпаса да ренжімейсің.

* * *

Менмендіктің орнын ақылға толтыр.

* * *

Жатарда сол күні не істегеніңді ойланып жат.

* * *

Көңіл қалауын орындарда осыны орындағанда не болады, орындамағанда не болады? – деп өзіңнен сұра.

* * *

Әуелі өз төңірегіңді қамтамасыз ет.

* * *

Қорқынышты болып көрінетін адам қорқыныштан ерікті бола алмайды.

* * *

Аз қасіретке төзімді болса, үлкен рахаттың дәмін татасың, кей рахаттардан бас тарту ауырырақ қасіреттердің болмауына себеп болады.

* * *

Көп адамдар байлыққа жету арқылы жамандықтан құтылудың орнына оны көбейтіп алады.

* * *

Біз достардың жәрдемін қажет етуден гөрі олардың жәрдем беретініне сенімді көбірек қажет етеміз. 

* * *

Барлық жақсылықтың басы ізгілік… Ол саналы, адамгершілікті және әділетті болмай, лайықты өмір сүруге болмайтынын, және керісінше, лайықты өмір болмай саналы, адамгершілікті және әділетті болуға болмайтынын көрсетеді.

* * *

Асқазан тойымсыз емес, ашкөздік тойымсыз.

* * *

Ұсақ қызметтер жасай салудан қашпа, ол сенің ірірек қызмет жасауға да әзір екеніңді көрсетеді.

* * *

Қажеттілік – апат, оны қанағаттандырудың соңынан қуып кетпе.

* * *

Шексіз қалаудың себебіне байланыстырылған нәрсе үлкен шаттық әкелмейді.

* * *

Рахат өз алдына алғанда жамандық емес, бірақ кейбір рахаттарға жеткізерлік құралдың тынышсыздығы рахаттан асып түсуі мүмкін.

* * *

Ешқашан күндеме: жақсы адам күндеуге лайық емес, жаман адамдар бақытты болған сайын өзіне-өзі зиян келтіреді.

* * *

Өлім деген біз үшін ештеңе де емес деп ойлауға үйрен: өйткені жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де сезіммен өлшенеді, ал өлім дегеніміз – сезімнен айырылу.

* * *

Ақылдыға тағдырдың қарсы тұратыны сирек кездеседі.

* * *

Ең үлкен жамандық - өлім, бірақ оның бізге ешқандай қатысы жоқ: біз бар болсақ, өлім жоқ, ал өлім келгенде біз жоқпыз.

* * *

Жетілу дегеніміз – алған біліміңді пайдалана білу.

* * *

Жақсы өмір сүру мен жақсы өлу - екеуі бір ғылым.

Феокрит

 (б.э. дейінгі I V ғасырдың соңы - I I I ғасырдың басы)

Сүйген адамға көріксіздің өзі көрікті болып көрінеді.

Архимед 

(біздің эрамызға дейінгі 287-212-ші жылдар)

Маған сүйену нүктесін бер, мен жер шарын төңкеріп тастайын.

Бион 

(біздің эрамызға дейінгі I I ғасырдың соңы)

Бақытсыздықты көтере алмау – үлкен бақытсыздық.

* * *

Кәрілікті сөгудің қажеті жоқ: бір әрбіріміз кәрілікке жетуді армандаймыз емес пе?

* * *

Өзімбілермендік – табысқа жетуге кедергі.

* * *

Қарау адам байлыққа жетуге қаншама тырысқанымен, оның игілігін аз пайдаланады.

* * *

Абайлап әзілдес, әзіліңді түсінбей қалмасын.

* * *

Жайлы өмірді көп аңсай берген адам тынышсыздықта өмір сүреді.

* * *

Әйелдiң сұлуы жалпыға ортақ болғандықтан жаза, сұлу емесi көрiксiз болғандықтан жаза.

 * * *

Мен даңқ айбындылықтың анасы дер едiм, сұлулық пен iзгiлiк бiр-бiрiне қарама-қайшы нәрсе, байлық - барлығын iлгерi жылжытушы күш.

* * *

Бақытсыздыққа төзе алмау – бақытсыздықтың көкесi.

* * *

Жастықтың жалынын өзгелерге бер, өзгелерден алған жалынмен өмiр сүргеннен сол дұрыс.

* * *

Көп сөйлейтiн бiр кiсi одан сотта құқығын қорғауды өтiнгенде айтыпты: егер өкiлiңдi жiберiп, өзiң қатыспасаң өтiнiшiңдi орындайын. Өйткенi мен айтатын сөздiң алдын орап сен сөйлеп кетесiң бе деп қорқамын.

* * *

Бiреулер байлықты иелендiм деп жүріп, байлық оларды иеленiп кеткенiн сезбейдi.

* * *

Сенi күндеп жүргендер мұңға оранып жүрсе, я сенiң жағдайың жақсы болғаны, я болмаса оның өзiнiң жағдайы жаман.

* * *

Досыңа қарап сенi танитын болғандықтан, оларды таңдауда абайла.

Дион

 (40-80-ші жылдар)

Кір аяқтан келер зияннан топас сөзден келер зиян көп.

Плутарх 

(45-шамамен 127-ші жылдар)

Сұраққа жауап берудің үш жолы бар: керектіні айту, жылы шыраймен жауап беру және артық айтпау.

* * *

Ері аймаласқысы келгенде қабақ шытатын әйел мен ері бір шаруамен айналысып жатқанда ойнап-күлгісі келетін әйелді алып қарасақ: біріншісі – ерін жек көретін әйел, екіншісі – еріне енжар әйел. 

* * *

Күншілдік – басқаның жетістігіне өкіну. 

* * *

Ерінің достарынан өзге достары бар әйел – нашар әйел.

* * *

Өте асау биеден де тұлпар болар құлын туатыны – тәрбиелеу керектігін ешуақытта ұмытпауға мысал. 

* * *

Я барынша қысқа болсын, я барынша жағымды болсын. 

* * *

Қарға өлімтіктің көзін шұқығаны сияқты, жағымпаздар да санасыздардың байлығын біртіндеп тасиды. 

* * *

Катон өзіне мүсін қоюға тыйым жасап тұрып былай депті: «Мынау кімнің мүсіні деп сұрағаннан, менің мүсінімнің неге жоқ екенін сұрағанын қалар едім». 

* * *

Кім молшылықта өмір сүргісі келсе, жоқшылықта өмір сүруді үйренсін. 

* * *

Жағымпаздық сөздер әсем боялған қалқан сияқты: оған қарау жағымды, бірақ қажеттілігі жоқ.

* * *

Билік сеніп тапсырылғандардың аз кемшілігінің өзі үлкен болып көрінеді. 

* * *

Маған өзіммен ылғи да келісе салатын дос керек емес, оны менің көлеңкем де жасай алады. 

* * *

Теңгені үлкен-кішілігіне қарап емес, асыл-жасықтығына қарап бағалайды, сөзді де көптігіне қарап емес, ойдың аз сөзбен жеткізілуімен бағалайды. 

* * *

Біз, көбіне, біреулерге сұрақ қойғанда соған жауап алу үшін емес, сөйлескен кісіміздің сөз әуеніне қарап оны сұхбатқа шақыруды ойлап қоямыз. Сұрақ қойған кісіміздің жауабын күтпей-ақ өзіміз жауап бере кеткенде біз басқа біреудің сүюін күтіп тұрған адамды сүюге ұмтылғандай, не болмаса басқа біреуге қарап тұрғанды өзімізге қаратып алғымыз келгендей болып көрінеміз.

* * *

Тыңдай білуді үйренсең, нашар сөйлеген адамның сөзінен де пайда алатындай дәрежеге жетесің.

* * *

Көп ізгілікке аз кемшілікпен көлеңке түсіріп алуға болады.

* * *

Ерінің көңілін өзіңе барынша аударып алуды ойлаған әйел төркінінің мықтылығына, өзімен келген жасаудың молдығына, түрінің әсемдігіне емес, күнделікті, беріле, қуанышпен және көңілі қалап жасаған қызметіне, сыпайылығына, көнбістігіне сенсін.

* * *

Геродоттың: «әйел өзінің киімін шешумен бірге ұятын да жоғалтады» дегені жөн емес, қайта әйел өз ерінің алдында киімін шешу арқылы ұятқа енеді, мұндай ұят қаншалықты көп болса, махаббаттың соншалықты берік болғаны.

* * *

Үздіксіз оқи беріп кәрілікке де жеттім.

* * *

Айтылған сөздің пайдасы айтылмаған сөздің пайдасынан көп емес.

* * *

Сабан мен қоянның жүні тез тұтанып, тез сөнетіні секілді, жастық жалын мен тән сұлулығынан басталған махаббат рухани арлылыққа, жақсы мінезге ұласпаса, тез сөнеді.

* * *

Жаңа үйленген кезде ұрыс-керіске әдеттенбеген жөн: сынған көзені қайта жапсыра сала қозғасаң қайтадан қирайды да, біраз уақыт өткен соң тисең берік болып қалғанын көресің.

* * *

Сатқындар алдымен өздерін сатып тұр. 

* * *

Мінез дегеніміз ұзақ уақыттан бергі әдет.

* * *

Тәрбиенің маңызы кітап сатып алу ғана емес, сатып алған кітапты пайдалана білу.

* * *

Тыңдай бiл, сонда сен нашар сөйлейтiндерден де пайда табасың.                                                

* * *

Мен өзiмнiң әр қимылымды қайталайтын досты қажет етпеймiн: мұны менiң көлеңкем әлдеқайда жақсы жасайды.

* * *

Опасыздықты даттамаймын,  ал опасызды мақтамаймын.

* * *

Бiздi тұрақсыз не күйрек ететiн жағдайлар емес, олар тек бiздiң қандай екенiмiздi ашып көрсетедi.

* * *

Егер мен қарулы болсам, заң туралы ойлап, бас қатырып жатам ба?

* * *

Ашуға ашу қоссақ одан да көп ашуға жолығамыз.

* * *

Қызыл сөздің иесі өзін жақсы көрсетемін деп, жек көру сезіміне тап болады, қызмет етемін деп жабысқақ келеді, таңдандырамын деп күлкіге ұшырайды.

* * *

Саяси қайраткердің сөзі жастық жалынмен айтылғаны жарамайды, ол әсіре айтылғаны да жөн емес. Оның сөздерінің негізінде шыншылдық, ашықтық, ізгі мінез, іске берілу, абайшылдық, ілтипат пен қамқорлық болсын. Әрине, оның сөзі соттағы сөз емес, сондықтан ол сөздерде мысалдар, тарихи салыстырулар, ойдан шығарылған және тұспалдап айтылатын сөздер, байсалдылық пен орнына қарай сөйлеу болуы тиіс.

* * *

Батылдық – жеңістің басы.

* * *

Жанашырлық – біреудің бақытсыздығына қайғыру, күншілдік – біреудің бақытсыздығына қуану.

* * *

Нашар іс жасау – кемдік, қауіп төнбей тұрған кезде жақсылық жасау – қалыпты іс, жақсы адам тәуекел ету өзіне қиындық әкелетін жағдайда да жақсылық жасаған адам.

* * *

Өзі адал ердің әйелі өзгелерге әуестенбейді.

* * *

Адамға екі құлақ пен бір тіл берілуі – көп тыңдап аз сөйле дегенді білдіреді.

* * *

Тегі жақсылық – игілік, бірақ ол ата-бабаның игілігі.

Байлық құрметті.

* * *

Даңқ керек-ақ, бірақ ол – тұрақсыз.

* * *

Сұлулық - әсем, бірақ өтпелі.

* * *

Денсаулық бағалы, бірақ тез бұзылады.

* * *

Күшке қызыға қарайсың, бірақ ол аурулармен және кәрілікпен азаяды.

* * *

Білім – мәңгілік, ол – Құдайға да жақын.

* * *

Адам табиғатындағы ең жақсы нәрсе – сана мен сөз.

Птолемей

 (90-160-шы жылдар)

Жас кезіңде көңіл қалауыңды шекте, қартайған соң өзіңді жөндей алмайсың.

Лукиан 

(120-190-шы жылдар)

Орынсыз тасылған өсек сөздерден көп рулар жойылып, көп қалалар жермен-жексен болған, әкесі ұлына, туыстар бір-біріне қарсы шыққан, қол жұмсаған. Өсекке сену көп достарды ажыратып, көп үйлердің есігін мәңгіге жапқан.

* * *

Кітаптың мұқабасына емес мазмұнына қара.

* * *

Бастау – барлығының жартысы.

* * *

Тіліңе мөр басып қой, ондай байлықты қорғау керек.

* * *

Тыңда да үндеме.

Бабрий 

(I I ғасыр) 

Ашу ең лайықты адамның өзін құл етеді және қорлайды.

Секст Эмпирик 

(I I ғасырдыңсоңы - I I I ғасырдыңбасы)

Талқылауға қатыспау біздің я мақұлдайтынымызды, я қарсы екенімізді білмейтін жағдайда болады.

* * *

Ізденгендер іздегенін табады, не болмаса, іздегенінің орынсыз екеніне көзі жетіп мойындайды, я болмаса табандылыққа үйренеді.

* * *

Себепті білу үшін, салдарды білу керек, салдарды білу үшін себепті білу керек.

Прокл 

(410-485-ші жылдар)

Барлық ерекше нәрселер – мәңгілік.

* * *

Барлық тәннен жоғары – жанның мәні, барлық жаннан жоғары – зиялылық табиғаты, зиялылық субстанциясынан жоғары – барлығының бірлігі.

  Қазақ тіліне аударған Мырзагелді КЕМЕЛ

 

0 пікір