КЕШКЕ ДЕЙІН ӨМІР СҮРЕМ БЕ, ЖОҚ ПА?
КЕШКЕ ДЕЙІН ӨМІР СҮРЕМ БЕ, ЖОҚ ПА?
16.04.2020 00:29
999
0

Қасиетті Мекке. Жасы келген қартаң кісі мен жап-жас бір жігіт әңгіме дүкен құрып отыр. Сол-ақ екен  әдемі киінген сымбатты бір азамат қастарына келді де, жас жігіттің алдына бір кесе алтынды қоя салды.

-         Жоқ, керегі жоқ, Алтынға мұқтаж емеспін, - деп жігіт алмай қойды.

Мұны күтпеген әлгі азамат: «Жоқ, сен мұны алшы. Қаласаң, өзіңе жұмсарсың. Болмаса, кедей-кепшіктерге таратып берерсің. Артықтық етпейді ғой» деп жата кеп жабысты. Қастарындағы ақсақал бәрін өз көзімен көріп отыр.

        Жігіт келісімін беріп, алтынды алды да, іле-шала өзі танитын жарлы-жақыбайларға түп-түгел таратып берді. Кеш бата бастады. Енді жігіттің өзіне де қаражат керек болып әлгінде қасында отырған ақсалға барды.

-         Айналайын-ау, қолыңда бір кесе алтын тұрғанда, керегіңді алып қалмадың ба? Деп таң қалды ақсақал. Сонда әр нәрсеге иман көзімен қарайтын жігіт:

-         Ақсақал-ау, «лепес кірсе бар, шықса жоқ дейді емес пе?» Кешке дейін бар-жоғымды қайдан білейін? - деп жауап қатқан екен.

 

 

0 пікір