«Келетініңді біліп едім досым, рахмет!»
«Келетініңді біліп едім досым, рахмет!»
06.04.2018 15:36
3623
0

Бір әскер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге кұлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келіп, әскер:

- Жолдас капитан, досыма барып, оны алып келуге рұқсат беріңіз, - деп өтінеді. Капитан «жынданған шығарсың!» дегендей әскерге қарап:

- Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге тігіп қайтесің - дейді.

Әскер баруым керек деп тұрып алады, капитан:

- Жарайды, барсаң бар - деп рұқсат береді.

Әскер бораған оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқасына арқалап, бекініске әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соққысын тыңдады да:

Саған өміріңді қауіпке тігіп не қылмақсың деп айттым ғой? Досың бәрібір өліп қалды.

Жоқ, жолдас капитан, барғаным дұрыс болды - демін ала алмай жатыр екен.

-Қалайша дұрыс болады? Оның өлгенін көріп тұрсың ғой шырағым-ау.

- Бәрібір дұрыс болды. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі екен. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды - деді де жылап жіберді.

Сосын досының соңғы сөздерін қайталады:

- Келетініңді біліп едім! Келетініңді біліп едім досым! Рахмет.

 

Ғибрат: Адал достық. Достықтарыңызға адал, шынайы ДОС болыңыздар. Достыққа  берік болыңыздар.

0 пікір