Журналист Шынар Әбілдадан 5 кеңес
Журналист Шынар Әбілдадан 5 кеңес
07.02.2017 14:31
3266
0

Не істесең де, тек шын ниетіңмен істе. Шын ниетпен, махаббатпен жасалған, жазылған дүние жүректерден орын алады. Сөз киелі. Киесі қонады.

Не ексең, соны орасың. Әр жазбада жақсылықтың, ізгіліктің нышаны болсын. Өзің үшін де, өзге үшін де жасай алар жақсылығың сол.

Әр адам әр түрлі. Ешкімнің қас-қабағына қарама. Тек ішкі дауысыңды, жүрегіңді тыңдап жаз. Сенің жазуың – сенің жан пернең. Ешкімге ұқсама.

Салыстыр. Кешегі өзің және бүгінгі өзің. Басқа салыстыру артық. Қажетсіз.

Өмір өткінші. Әр қателіктен сабақ түйіп дағдылан. Шеңберді бұз. Әркімнің өз жолы, өзінің табысы бар. Әр адамның өмірлік мақсаты бөлек. Жан-жақты болған адамға әлемді түсіну жеңілдеу.

0 пікір