ЖҮРЕК НЕМЕН ЖҰМСАРАДЫ
ЖҮРЕК НЕМЕН ЖҰМСАРАДЫ
12.10.2021 09:32
436
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Халал табыс (намаз, ораза зекет сияқты) парыздардан кейінгі (ең маңызды) парыз». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кабир»)

Әбу Хафс Омар ибн Салих Тарсуси былай дейді:

Үлкен әулие Яхия ибн Жәлламен бірге Ахмет ибн Ханбалдің (рах.) жағдайын сұрауға бардық. Қасында дәруіштердің кейбірі болатын. Имам Ахметке: «Мырзам! Жүректегі қатыгездік қалай кетеді, жүрек қалай жұмсарады» деп сұрадым.

Имам Ахмет (рах.) қасындағы дәруіштерге «жауап бер» дегендей қарады. Олардан үн шықпаған соң біраз уақыт басын төмен салды. Ойланып болған соң: «Балам! Халал жеу арқылы» деп жауап берді.

Сосын Бишри Хафиге бардық. Оған да: «Мырзам! Жүрек немен жұмсарады?» деп сұрадым.

«... Естеріңде болсын жүректер тек қана Алланы зікір етумен тыныш табады» (Рағд сүресі, 28) аятын оқыды.

«Бұл сұрақты Имам Ахметтен (рах.) сұрағанымда «халал жеу арқылы» деп жауап берді» дедім. «Ол саған істің негізін үйреткен екен» деді.

Кейін тағы бір әулие Абдулуаххаб бин Әбул Хасанның жанына барғанымда осы сұрақты одан да сұрадым. Ол да Бишри Хафи сияқты Рағд сүресінің 28 аятын оқыды.

Мен «Имам Ахметке бардым. Одан да осы сұрақты сұрадым» дегенімде қуанып: «Ол не жауап берді» деп сұрады. «Адал ас жеу арқылы» деп жауап берді» дегенімде былай деді: «Саған неткен құнды қазына үйреткен. Істің негізі оның айтқанындай» деді.

 

0 пікір