Жүрек көктеміне қауышайық!
Жүрек көктеміне қауышайық!
28.11.2017 15:32
2079
0

Мухаммад Сағид Рамазан Əл-Бути рахимаһулла: «Бұл менің əкем»,- деген кітабында:

«Жас кезімде əкемнің үйіне жақын жерде кішкентай үйде өз отбасыммен жеке тұратынмын. Бір күні үйіме Дамаск қаласының кілең ізгілерін жинап Мəуліт оқытып, салауат айтып, сұхбат жасадық. Өте əсерлі, рухани отырыс болды. Сол күні түнде Əкем қатты науқастанып қалды. Барлық балалары дұға қылып, жалбарындық.

Балам Тауфиқ атасының тез жазылуы үшін садақа жасапты.

Қарындасым Зейнеп (екінші əйелінен) ораза нəзір қылыпты.

Менде Пайғампарымызға (с.а.у) оқыған мəулітімізді қабыл етіп, Пайғампарымыздың (с.а.у) құрметіне Əкеме шипа бере көр - деп Аллаға дұға қылдым.

Біраз күннен соң əкем тəуір болды. Ауырып жатқан кезде көрген түсін айтып берді. Түсінде алдына көптеген қорапшалармен сыйлықтар əкелінеді. Əр қорап берілген кезде мынау немерең Тауфиқтан, мынау қызың Зейнептен, мынау пəленшеден - деп əр-бір жанұямыздың мүшелерінің аты аталған екен. Ең соңында ерекше үлкен қорап "мынау ұлың Мухаммад Сағид"-тан деп тапсырылған екен. Осы жағдай Мəулітті шын ниетпен, дұрыс мақсатпен оқудың құптарлық сауапты іс екендігіне деген сенімімді одан сайын қуаттай түсті деген», - екен марқұм кітабында.

«Рабиғ» - сөзі  «Көктем» мағынасын береді. Осы айда Пайғампарымызға (с.а.у) көп салауат айтып, жүрек көктеміне қауышайық.

 

Бердібек Оянғанұлының фб парақшасынан

0 пікір