Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
29.04.2015 16:14
6209
0
Аударған Асылбек Әуезханұлы

 Бір кісі атының құйрық-жалын тарап жұмыс істеп тұрса, екінші кісі келіп оны былапыт сөздің астына ала бастайды. Түгін қалдырмай боқтай береді. Бұл кісі үндемей жұмысын жасап тұра береді. Соны байқаған үшінші бір кісі келіп, әлгі балағаттап тұрған адамды тоқтады. «Үндемей тұрған пендеде нең бар! Бар, өз жолыңды тап!» деп қуып жібереді. Сөйтеді үндемей тұрған адамға қарайды: «Өзіңді боқтатып үндемей тұрғаның не? Басындырмай жауап қайтарып тастамайсың ба?» деп әңгімеге тартады. Сонда ол: «Мен Алланың жәрдемін жұмсақтықта тапқан адаммын. Міне, қазір сен де мен жұмсақ болған соң маған көмек беріп тұрған жоқсың ба?» дейді күлімсіреп.

ТҰЖЫРЫМ:

Иә, көбінесе, «Ә десе, мә деуге» құмбыл тұрамыз-ау! Бір ауыз сөзден қалысқымыз келмейді. Бірақ Құдайдың жәрдемі мінезі жұмсақтар  мен сабырлыларға екен ғой! Алланың жәрдемі келген адамға кім не зиян тигізе алады?!

 

Ұқсас материалдар

Екі бірдей жаза

Нағыз демократия осы емес пе?

Қатемді айтар ма екен?...

Иманына қарай кезекке тұру

Маған көздің қажеті не?

Көздің ғұсылы

Бұйырған кетпейді

0 пікір