ЖОЛАУШЫ
ЖОЛАУШЫ
24.07.2019 11:27
252
0

Өмірдің мәнін түсіну үшін дүниені аралап жүрген бір жас жігіт, бір елде білімімен танымал болған бір ғұламаға жолығады. Жолаушы жігіт, ғұламаның тұрған үйінің барлық қабырғалары кітаптарға толы екенін көреді. Үйінде кітаптың сөрелері мен бір бұрышта ескі төсек және бөлменің ортасында дөңгелек үстелден басқа ешқандай жиһаз көзге ілікпейді.

Осы бір көрініске таң қалған жігіт, ғұламадан:

- Неге жиһаз алмағансыз? Көрпе-төсек, телевизор, кілем.. дегендей. Үйіңізде түк жоқ кой, - деп сұрақ қояды.

Ғұлама бұл сұраққа қарсы сұрақ қойып жауап берді:

- Сенің арқаңда кішкентай дорбаң бар екен балам. Қалған заттарың қайда?

Саяхат жасап жүрген жігіт ақталып:

-Ата, мен жолаушымын ғой.. Маған көп заттың қажеті қанша?

 Ғұлама күлімдеді де:

- Мен де сен сияқты жолаушымын балам! - деген екен.

 

 

0 пікір