ЖЕТІ САУАЛЫМ БАР
ЖЕТІ САУАЛЫМ БАР
13.09.2021 12:17
226
0

Әбу Убайдулла бин әл-Қураши былай дейді: Заманында белгілі ғалымға бір адам 7 сауалға жауап алу үшін 700 шақырым жер жүріп келген екен. Жолаушы кісі ғалымның құзырына келіп, «Жеті сауалым бар еді» – деп сұрақтарын қояды:

  1. Аспаннан да ауыр не бар?
  2. Жер бетінен де кең қандай орын бар?
  3. Тастан да қатты не нәрсе бар?
  4. Оттан да ыстық не бар?
  5. Қатты аяздан да суық тоңдыратын не бар?
  6. Теңізден де терең не бар?
  7. Удан да бетер не бар?

Сонда ғалым оның сұрақтарына былайша жауап берген екен:

  1. Кінәсіз, арлы бір адамға жағылған жала аспаннан да ауыр болмақ;
  2. Ақиқат жер бетінен де кең;
  3. Күпірге батқан жүрек тастан да бетер қатты;
  4. Адамның қайраты оттан да ыстық;
  5. Адам жақындарына мұқтаж болған кезде олардан еш нәтиже болмаса, аяздан бетер суық болмақ;
  6. Қанағатшыл жүрек теңізден де терең әрі бай болмақ;
  7. Өсек тасу барлық удан да бетер, иесін бірден улайды.

 

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

0 пікір