Жастық шақтың кілті не?
Жастық шақтың кілті не?
10.02.2019 13:06
404
0

Ертеде шағын ауылдардың бірінде Кəрім деген жас жігіт өмір сүреді. Ол өте сымбатты, епті еңбекқор екен. Бір ғана кемшілігі үйіндегі бала-шағасының әр істеген ісі өзіне жақпай ұрса жөнеліп, өзінен басқаның ісі көңілден шықпайды екен.

Күндердің күнінде оның үйіне көрші ауылдың тұрғыны ат басын тірейді. Əлгі кісі Кəрімге əртүрлі елдердегі керемет қызықтарды əңгімелейді. Өзінде сатуға арналған баянды жастық шақтың кілті бар екендігін де айтады. Мұны естіген Кəрім мысқылдап күледі.

Арада біраз жыл өтеді. Кəрімнің денсаулығы нашарлайды. Достары да азая бастайды. Əйелі де баяғыдай бәйек болып, асты-үстіне түспейді. Балалары да жан-жақа тарап кетеді. Көңіліне кірбің ұялаған Кəрім баяғы жолаушыны есіне түсіреді.

Сапарға шығып, сол кісіні тауып алып, кілтті сатуын өтінеді. Сонда данышпан қарт: ” Еее, балам-ай, ол кілт баяғыда-ақ жарамсыз болып қалған. Менің сөзіме құлақ аспай, ол мүмкіндікті жіберіп алдың. Тəнің мен жаныңның ұзақ уақыт бойы жас болуын қаласаң, күн сайын əйеліңді еркелетіп, оның жүзіне күліп қарап, балаларыңның көңіліне қаяу салмай, дұрыс тәрбие беруің керек еді. Сонда кілттің иесі сен болған болар едің. Менің сатып бермек болған кілтім де осы еді” деп жауап берген екен.

 

 

 

0 пікір