ЖӘШІК
ЖӘШІК
22.06.2020 11:08
2332
0

Бір қайыршы отыз жыл бойы жол бойында отырып қайыр сұрапты. Бір күні жанынан бейсауыт жиһангез өтіп бара жатады. 

— Тиын-тебен тастай кетіңізші, — деп жалынады тісі жоқ қайыршы, қолын соза түсіп. 

— Саған беретін түгім жоқ, — дейді жиһангез. Сосын қайыршыға қарап:

— Ненің үстінде отырсың? – деп сұрайды. 

— Ештеңе емес, жай, — депті қайыршы.

 — Ескі жәшік қой. Ес білгелі осы жәшіктің үстінде отырмын. 

— Ішінде не бар деп қарап көрдің бе? — деп сұрайды жиһангез. 

— Жоқ, — дейді қайыршы.

— Қарағанда не табылар дейсің? Оның ішінде дым жоқ қой. 

— Жоқ, сен ерінбей қарап көр, — деп жиһангез өтініпті.

Қайыршы жәшіктен түсіп, қақпағын ашады. Ашып ішіне үңілсе, жәшік тола алтын екен.

Мен – саған бере қояр дымы жоқ сол жиһангезбін. Бар айтарым, ішке үңіліп жүр. Бірақ жәшіктің ішіне емес, жан-дүниеңе үңіле жүр.

 

Аударған Шынар Әбілда

0 пікір