ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ АЛЛАДАН ҚАЙТАРЫ СӨЗСІЗ
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ АЛЛАДАН ҚАЙТАРЫ СӨЗСІЗ
27.02.2020 09:29
1331
0

Кеше таңда  машинаммен жұмысқа бара жатқанымда көшеде кетіп бара жатқан екі əйел ауыр жүгі бар қол көтерді, «Әй балам таксисің ба? Автостанцияға апарып салшы қанша болады?»,- деді.

 Мен «Отырыңыз, мен жұмысқа бара жатырмын жолдан тастап кетемін»,- дедім.

«Сен қай баласын? Мына көшеде мен тұрғанмын, танымадым?»

«Мен 2005 жылда көшіп келгенмін».

«Мен бұл районда 47 жыл роддомда жұмыс істедім, қазір Алматыда тұрамын, бұл жерде мені танымайтын адам жоқ. Қазір қыдырып жүрмін»,- деді.

 Екеуі де көңілді, ризашылығын білдіріп батасын беріп жатыр.

Мен: «Қойыңызшы, не болыпты сонша, адамшылық деген болу керек қой»,- деймін.

Əже: «Ия балам, адамшылық ұят деген болу керек. Мен қажыға барып келгенмін. Кел батамды берейін»,- деп алғыс батасын беріп жатыр екеуіде.

Автостанцияда тоқтап Тараздың таксилеріне отырғызып жібердім, жолдарың болсын деп. Жұмысқа қарай жүріп бара жатырмын ойланып, «Қап, батасына бірдеңе бере салмай» деп. Көңілім көтеріліп қалды қуанып мен оларға емес,  олар маған жақсылық жасап жіберді. Ойланып келем, «Қайран ата бабам дұрыс айтқан екен, алтын алма алғыс ал» деп. Жақсы адамдар осы көп екен. Неге қайырымысыз болып бара жатырмыз»,- деп қоямын өзімше.

Жол бойы бір кісі қол көтерді тоқтадым. Жарты шақырым жүріп «Осы жерден түсіріп кет!»,- деп тиынын беріп жатыр, «Түс түсе бер, мынау тұрған жер не болды сонша»,- деймін. Ол «Рахмет, жолын болсын».

 Кішкене жүремін тағы орыс əже: «Сынок до почты довезешь садись бабуля». «Сколько?» Мен: «Да несколько просто по пути» деймін, шын мəнінде по пути емес.

 Сол күні жұмыстан қайтарда бір əйел кісіні жол жөнекей мінгізіп қайттым түсетін кезде ақша беріп жатыр «Қой керек емес»,-дедім.

 Ол кісі: «Жол ақысы ауыр болады, алыңыз»,- дейді.

Мен: «Кім айтты, былшылдамасын кім айтса да»,-дедім.

 Ол:«Рахмет, жолын болсын»,-деп түсіп қалды. Сол азандағы əжелердің алғысы басқа адамдарға да себепші болды. Кешке Таразға документ жіберу керек болды таксилерден беріп жібердім. Жолда мың теңге тауып алдым. Мен іштей «Ой Алла, не болды сонша кішкене жақсылық үшін!»,- деп қоямын. Тегі соңғы уақытта қашан ақша тауып алғаным есімде жоқ.

Бір адамның көңілін көтеру қажыға барғаннан да жақсы сауап дейді хадисте. Сол үшін күнде қолдан келгенше жақсылық жасайық, қайрымды болайық, жақсы сөз сөйлеп біреулердің көңілін көтеріп қояйық. Алланың разылығын табайық. Жақсы сөз садақа. Өзімізді біреуге ауыр сөз айтудан тыйсақ  та бұлда садақа.

Жақсылықтың қайтары сөзсіз Алладан.

Жұма қабыл болсын. Елімізге жұртымызға халқымызға адамдарға жақсылық жасайық қызмет қылайық қолдан келгенше. Алла разы бəріңізге.

Нұрғали Исаевтың фб-дағы парақшасынан

 

0 пікір