Жақсылық дегеніміз не?
Жақсылық дегеніміз не?
16.05.2019 14:51
491
0

Ғұмыр дегеніміз жақсылық жолындағы сапар.  Ал адам баласына осы ғұмыр «ізгі амалдар атқару үшін» берілген. Адамды жаратқан, нығметтерімен қауыштырған, қорғайтын, кешіртетін, мейіріміне бөлейтін Алла, «Кімнің ізгі амал жасайтынын сынау үшін»  өлім мен өмірді жаратқан. Олай болса, ғұмыр дегеніміз жақсылық жолынддағы сынақ.

Жақсылық дегеніміз-жапанда  жалғыз  қалған жанға серік, шаршап-шалдыққанға тіреу, мүсәпірге қорған бола білу. Жақсылық ол-панасыз қалғанға пана бола білу, жетім-жесірге демеу болу, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету. Жақсылық дегеніміз-ешбір міндет күтпей бере білу. Күш-қуатын, тәжірибесін, мал-мүлкін, сүйіспеншілігі мен мейірімін, дүниелік пайда көздемей бөлісе білу. Жақсылық дегеніміз ол-қанағат, жан пидалық, әділет, мейірім. Біреу үшін жасаған дұғаң, тілегің және берген сәлемің. Жақсылықтың нышаны-ол өзгелер жемісін жесін деп ағаш егуің, аш қалған жануарды тамақтандыруың да жақсылық.

Көршісіне беріп жіберген бір табақ тамақтың иісінен, не болмаса жол сұрағанға жол сілтеушінің көзінен жақсылықтың нышанын көруге болады. Араздасқан туыстың тілін тауып татуластырған жан, отбасының нәпақасын адал жолмен еңбек етіп, күндіз-түні маңдай терін төккен жан да жақсылық жасауда.

0 пікір