Ібіліс кімге қуанды?..
Ібіліс кімге қуанды?..
13.02.2018 14:29
966
0

Қасиетті Құранда «Бүлік шығару-кісі өлтіруден де ауыр күнә»,-дейді.

Бір күні Ібілістің үш баласы адамзатқа жасаған жаман іс-әрекеттерін анасына жарыса жеткізеді.

Біріншісі:

 - Ей, ана! Мен бір мұсылманның үйін өртеп жібердім, - дегенде, оған анасы қуанбай:

- Ертең оған он мұсылман одан да жақсы үй салып береді, - депті.

Екінші баласы келіп:

- Ей, ана! Мен бір мұсылман баласының өліміне себеп болдым, - дейді. Сонда анасы оған:

 - Мұсылман әйел оған он мұсылман бала тауып береді, - деді.

Үшінші баласы келіп:

 - Ей, ана! Мен екі мұсылманның арасына бүлік салып, төбелестіріп қойдым, - деді.

Сонда анасы үшінші баласының басынан сипап:

 - Ей, сүйікті жан балам! – деп қуаныпты.

0 пікір