ЕЛГЕ ҚАНША ЖАҒЫНУҒА ТЫРЫССАМ ДА...
ЕЛГЕ ҚАНША ЖАҒЫНУҒА ТЫРЫССАМ ДА...
16.10.2020 10:06
376
0

Олар маған: «Сәл қарапайымдау болсаң қайтеді?» дегенде жылап жібердім.

Сонда олар маған: «Бәлкім, саған күлу керек шығар?» деді.

Мен күлдім. Сонда олар: «Өтірік күлдің» деді.

Мен қабағымды түйдім. Сонда олар: «Міне, міне, жасырған болмысың көріне бастады» десті.

Мен үндемедім. Сонда олар: «Тіліңді жұтып қойдың ба?» деді.

Мен сөйлеп едім, олар: «Мылжың екенсің» деді.

Мен оларға кеңдік таныттым, олар: «Қорқақ екенсің. Қайратты болсаң, кек алар ең» десті.

Мен қарсы дау айтып ем, олар: «Ақымақсың. Ақылды болсаң, текке дауласпас ең» деді.

Мен «Жоқ» десем, олар маған: «Кісікиіксің» деді.

Дегендеріне көніп, мақұлдап ем, «Екіжүздісің» деді.

Осыдан кейін елге қанша жағынуға тырыссам да, бәрібір сынға ұшырайтынымды түсіндім.

 

Имам әш-Шафиғи

0 пікір