ЕКІ ТӘМСІЛ
ЕКІ ТӘМСІЛ
24.02.2020 01:31
225
0

Ол президент болатын еді...

әмсіл)

Бірде бір елдің президенті әйелімен күтпеген жерден кешкі ас ішуге мейрамханаға баратын болды. Екеуі үстелге отырғанда, мейрамхана иесі президенттің оққағарынан:
- Елдің бірінші ханымымен жеке сөйлесуіме болады ма?! - деп сұрайды.
Президент келісіп, Бірінші ханым мен мейрамхана иесі сұхбаттасады. Сұхбаттан соң президент әйелінен:
- Ол кім еді?! Не үшін сенімен сөйлесуге қызықты?! - деп сұрады.
- Ол мектеп кезінде маған сөз салған адам, - деп жауап береді әйелі.
- Егер сен оған тұрмысқа шыққаныңда, қазір мынадай керемет мейрамхананың иесі болатын едің, солай ма?! - деп сұрады президент.
- Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанымда, ол президент болатын еді, - деп жауап берді әйелі.

ТҮЙІН: Жақсы әйел - жаман еркекті жақсы етеді, жаман әйел - жақсы еркектің түбіне жетеді....

Әкем маған үйлен деді...

әмсіл)

Бір күні әкем менен:
- Неге үйленбей жүрсің, балам? - деп сұрады.
- Аяққа нық тұрғанымда, жеке үйім, көлігім, тұрақты жұмысым болған кезде үйленемін! - деп сенімді жауап бердім мен.
- Ақымақ! - деді әкем. - Қазір, ештеңең жоқ кезде үйлен. Қалғанына бірге жетесіңдер. Мен ойланып қалдым...

ТҮЙІН: Қазір түгің жоқ кезде үйленсең сүйіктіңнің сені шын жақсы көріп, құрметтегенінен тұрмысқа шыққанына сенімді боласың. Егер өз жоспарларыңды іске асырғаныңнан соң үйленем десең, саған қандай қыз тұрмысқа шығуға келіспейді?! Кез-келген қыз саған тұрмысқа шығады! Тіпті қуана-қуана! Ал сенің байлығың жоғалғанында, әйеліңнің де сонымен қоса жоғалмасына кім кепіл?! Өз ақшаңды оның сұлулығына айырбастама. Сұлулық жойылады, байлық жоғалады. Ал шын махаббат бағалай білсең, сенімен бірге қалады.

 

0 пікір