ЕКІ МҰСЫЛМАННЫҢ ОҚИҒАСЫ
ЕКІ МҰСЫЛМАННЫҢ ОҚИҒАСЫ
22.01.2020 11:20
841
0

Мына бір екі мұсылманның істеген істерін қалай бағалайсыз, естігенін айтып отырған  Құрбан Рамазанов деген кавказ азаматы.

Мен сіздерге өзіме ұнаған екі мұсылманның  ұлағатты істерінен мағлұмат берейін дейді Құрбан. Бұл сонау Кеңес одағының соңғы жылдарында болған екі мұсылман аварец пен лезгин арасындағы оқиға болса керекті.

Бір күні бір шаруасымен Аварец бір совхозға келіп Лезгинге жолығыпты. Жүзім  алқабын қоршайтын шағын бағаналармен провулканы көрсетіп:

 « Мына заттардан маған бере аласың ба мен сатып алар едім » депті. Сонда Лезгин «Жоқ, жоқ мен мұны бер алмаймын бұл совхоздың заттары ғой» деп қарсылық білдіріпті.

Аварец  айтады:

 «Мен мешіт қоршайын деп едім соған керек болып еді» деп шынын айтты. Сол кезде бұл сөз жүрегіне дық ете қалған Лезгин:

 «А, олай болса, бұл заттардан мешітке  қанша керек сонша ал,  сіздердің мешіттеріңізге менің атымнан қосқаным болсын» депті.

Аварец:

 «Ол не дегеніңіз сіздің атыңыздан керек емес мен ақшасын төлеп аламын»,- десе Лезгин:

 «Мен мұсылманмын  мен сізге мешіттеріңізге қосқан үлесім өз атымнан деп айттым ба болды,  машинаңа керегінше тиеп алып кете бер, еркек бір сөйлеуге тиіс» деп шорт кесіпті. Аварец керек затын көлігіне тиеп алып аулына келген соң бастығына болған оқиғаның  бәрін айтып:

 «Сіз мына менің әкелген қоршайтын бағана, пасенкалар мен сымдардың ақшасын есептетіп менің айлығымнан ұстаңыз. Мен біреуден әшейін әкеліп мешітті қоршай алмаймын» депті.

Сонда бастығы ұзақ ойланып отырып:

 «Сен осы заттарды списайт ете аласың ба» десе Аварец: «Списайт ете аламын» депті.

«Онда сен списайт ет мен қол қояйын, менде мұсылманмын ғой меніңде мешітке қосқан үлесім болсын» депті бастығы.

Сонымен арада он жыл өтті Совет өкіметі құлады әркім өз күн көрісімен кетті. Лезгинде сондай аласапыранның бірінде қасында бір жолдасымен алма сатуға Астраханға барыпты. Астраханда алма көп бұлардың алмасы айтарлықтай болмай өткізе алмай бір жеті сандалып жүріп қалыпты. Бір күні сондай көңілсіз күндердің бірінде Лезгин базарда баяғы Аварец досымен  кездесіп қалыпты. Ескі таныс екеуі құшақтасып амандасып болып хал жағдай сұрасады сонда Лезгин алмаларының өтпей мазалары болмай жүргенін базарда алма 15 – сом, енді бұлар  10- сомға өткізіп ең болмаса жол пұлдары шықса қайтқылары келіп жүргенін айтады.

Сонда Аварец:

 «Мен сенің алмаңды 25- сомнан сатып аламын» дейді.

 Лезгин шошып кетіп:

 «Жоқ, жоқ базарда алманың алды он бес сом менікі көп тұрып қалды маған он сом болады, жол пұл шықса ауылға қайтамыз» дейді. Сонда Аваре:

 «Сен баяғыда маған мешіт қоршауға зат алғанымда не дедің мен мұсылманмын және мен еркекпін ендеше мұсылман адам бір сөйлеуге  тиісті деп менің ақшамды алмадың. Ендеше менде мұсылманмын және еркекпін айттым бітті. Алмаңды өткізде еліңе қайта бер » деп көнбепті. Сонымен Лезгин  Аварецтің берген ақшасын санамай алып қайтайын деп вокзалға келеді.

Бұл кезде Аварецтің екі баласы әкесіне реніштерін білдіріп жатыр еді. «Әке базардың алды он бес сом, мына алмалар 25- сомға тұрмайды ғой» десе, әкесі:

 «Балдарым алма  тұрмайды, бірақ оның есесіне ана мұсылман адам   неге болса да тұрады» деп жауап беріпті.

Сонымен Лезгинмен жолдасы пойызға билет сатып алып отырып екеуі ақылдасыпты.

«Біздегі мына ақша біраз ақша қазір пойызда да, жолда да рэкеттер толып жүр. Біз ақшадан айырылып қалмай тұрғанда почтаға барып өткізіп ауылға почта арқылы жіберейік, Өзіміз сол кезде ештеңені уайымдамай қара басымыз елге жетеміз» деп шешіп вокзалдың почтасын тауып белдеріндегі ақшасын өткізейін деп санаса 500- сом артық дейді. ( Ол кездері бес жүз сом көп ақша болса керекті).

Лезгин ойланып қалады, бұл қалай Аварец қателесіп кеткені ме енді мен бұны қалай апарып берем оны қайдан табам деп ойланады. Ақыры ары ойлап, бері ойлап алған билеттерін өткізіп базарға қайта келіп Аварецті  іздейді таба алмайды. Табандарынан таусылып іздеп жүргендерінде үш күн өтеді,сол үшінші күні дегенде Аварецпен кездесіп Лезгин өкпесін айтады:

«Ау бауырым ау сен маған артық бес жүз сом беріп  проблема жасадың ғой. Сол артық ақшаңды қайтып берейін деп билетімді өткізіп сені іздегеніме үш күн болды неге сен бүйттің» дейді. Сонда Аварец айтты:

 «Мен сенің қайтып келетініңді білгенмін. Мен бұны балдарыма нағыз мұсылман қандай  болатынын көрсету үшін әдейі істедім. Сенен алманы 25- сомнан алғанымда балдарым маған ренжіді алма бұл бағаға тұрмайды ғой  деп, сонда мен алма бұл бағаға тұрмағанмен анау мұсылман  адам  тұрады деп едім. Сен менің балдарыма нағыз мұсылман, нағыз ер адам қандай болып, сөзге қалай берік болу  керек екенін көрсеттің» депті.

Міне осымен бұл оқиға бітіп,  Құрбан Рамазановт екі мұсылманның істеген ісі туралы әңгімесін аяқтады.

Мына мұсылмандардың ісі ұлағатты іс пе, Сіз қалай ойлайсыз?

(Орысшадан аударылды)

Жантөре Әбдірейімұлы

0 пікір