Егер сиырдың жас жапасының дәмін татып көрсеңдер...
Егер сиырдың жас жапасының дәмін татып көрсеңдер...
04.04.2019 11:27
1265
0

- Алманың дәміне не жетуші еді, шіркін?! – деді Алма Құрты өз-өзінен тамсана сөйлеп.

- Қайдам? – деді оның сөзіне сенер-сенбесін білмеген Бал Арасы.

 – Мен үшін гүл шырынынан асқан ештеңе жоқ. Соны сорғанда есеңгіреп қалам!
- Өй, еңшең надан! – деп күңкілдеді осы әңгімені құлағы шалып қалған Боққоңыз, тезек домалатып бара жатып.

 – Сиырдың жас жапасына не жетсін! Иіс деп соның иісін, дәм деп соның дәмін айт! Па! Па! Бір татып көрсеңдер ғой пәтшағарлар! Екінші қайтып алма мен гүл шырынына жоламас едіңдер!

Қадыр Мырза Әлі

 

0 пікір