Егер сендер күнә жасамасаңдар!..
Егер сендер күнә жасамасаңдар!..
10.01.2018 10:55
2451
0

Кейде мүлтіксіз құлшылық жасауда және Алла Тағаланың бұйырғандарын бұлжытпай орындауда өзгелерге қатысты біз сабырсызданып, тыныштығымыздан айырылып жатамыз. Өйткені жүрегіміздің бір жағын дамыта отырып, екінші жағынан бас тарта бастаймыз. Демек, өзгелерді де бас тартқызғымыз келіп кетеді. Осылайша, аңдаусыз пайда болған тәкаппарлық негізі қалана бастайды, басқаларға деген агрессия мен жек көрушілік туындайды. Мұндай салдарға әкеліп соғатын себеп — теріске шығару. Біз кемелімізге жеткен адам болғымыз келеді, ал кемеліне жету — мінсіздік, яғни әулиелік, ол адамға тән емес.

Алла Тағала адамды жақсы да,  жаман да істер жасайтын «жағымды» әрі «жағымсыз» жақтарымен бірге жаратты. Қане, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  оқиғасын есімізге алайықшы. Періштелер оның жүрегін кеудесінен алып, «шайтанның үлесінен» жуып-тазалағанда ол бар-жоғы үш-ақ (!) жаста болатын. Екінші рет оның жүрегі Түнгі сапардың алдында Зәм-зәм суымен тазаланып, жуылған болатын. Сонда да ол былай айтатын: «Расында менің жүрегім оранып қалады, расында, мен күніне 100 рет Алладан кешірім сұраймын». (Ахмад, Мүслим, Әбу Дәуд) Міне, Алла Елшісі (с.ғ.с) осылай айтқанда, пайғамбар да, елші де емес, тек қарапайым мұсылман болып жаратылған бізге не сорым?  Өзіміздің күнәдан пәк еместігіміз бізді қорқытпауы керек, керісінше, біз бірден түсіне қоймайтын мұнда бір мейірімділік бар. Өйткені Алла Тағала біздің күшіміз жетпейтін немесе аса ауыр нәрсені талап етпейді. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Алла Тағала  сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды» (2: 185).

Адамдардың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай айтқан: «Жеңілдетіңдер де ауыртпалық тудырмаңдар, жақсы хабармен адамдарды қуантыңдар да Исламға деген жиіркенушілік тудырмаңдар» (Бұхари).

Біз өзіміздің пиғылдарымыз бен қылықтарымызды бақылай алмаймыз. Санамыздағы көп нәрсе біздің бақылауымызға жатпайды әрі саусағымызды қимылдату арқылы оны түзей алмаймыз. Бірақ Алла Тағалаға жақындау ниетіміз бола тұра, бұлар бізді өзгелерге қатысты ашулануға не болмаса торығуға әкелмеуі керек. Керісінше – сыңар жақ кетпей, мұны қабылдап, бойұсыну қажет. Күнә жасаудан ешкім де қашып құтыла алмайтыны сөзсіз. Бірақ адамдарды Жұмаққа әулиелік кіргізбейді, олардың Аллаға берілгендігі мен шалыс басқан соң Оған қайта қайтуы кіргізеді. Әбу Аййюбке (р.а)  ажал келгенде, оның былай айтқандығы келтірілген: «Осы күнге дейін сендерден Алла Елшісінен (с.ғ.с)  естігенімді жасырып келіп едім. Ол мына сөз болатын: «Егер сендер күнә жасамасаңдар, онда Алла міндетті түрде күнә жасайтындарды жаратушы еді де Өзі оларды кешірер еді!» (Ахмад, Мүслим, ат-Тирмизи).

Ал ғалымдар былай айтқан:

 «Хадис мағынасы Алла күнә жасауға рұқсат бергенінде емес, жоқ, Алла күнәларға тыйым салған, алайда, күнәлардың болатынын Алла біледі, олар тәубеге келгенде, Ол кімдікін қаласа соның күнәсін өшіреді және кімдікін қаласа, соның күнәсін кешіреді. Сондай-ақ, хадисте былай келтірілген, күнәдан адам қашып құтылмайды, болуы керек болған соң болғанын білсін,  иман келтірген торықпасын, Алладан кешірім сұрап тәубеге келуге асықсын, өйткені Алла тәубелерді қабыл етуші. Және де Алланың күнәні білуі ешкімді де ақтамайды, алайда бұл сен үмітіңді үзбей, торықпай, Алла алдында тәубеге келуің үшін. Өйткені бұл Алланың саған әрі өзгелерге берген жазмышы, сондықтан да торықпай, тәубеге келуге асық, Алла тәубеге келгендерді кешіреді, Ол ерекше Мейірімді әрі аса Кешірімшіл. Жындар мен адамдардың арасында күнә жасалып тұратынын Ол білді,  Ол тәубеге келгендердің тәубесін қабыл алып, қайтпай, табандылықпен Одан кешірім сұрағандардың күнәларын өшіреді, бұл да Оның жаратқандарына деген Мейірімділігі мен Қайырымдылығы, Жаратушының осындай қасиеттеріне байланысты Оның келесідей көркем есімдер белгілі: ат-Таууаб, ар-Рахим, әл-Афуу, әл-Ғафур». Иман келтірген жан күнә болып табылатын жаман әдеттерге бейім болып келетін де жағдайлар болады, бірақ бұл да оны кешірім мен хайырлы соңғы сәтке ие болу мүмкіндігінен айырылған Алладан алыс абыржыған әрі жатсынған адам ретінде таңбалауға болмайды. 

 Бұхаридің Сахихінде Омардан (р.а)  келтірілген мына бір оқиға баяндалған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  заманында Абдулла есімді адам өмір сүрген екен, оның лақап аты химар (есек) болған әрі ол Алла Елшісін(с.ғ.с) күлдіртіп жүретін.

Алла Елшісі(с.ғ.с) оны ішкені үшін жазалаған болатын, күндердің күнінде кезекті рет оны жазалатуға алып келгенде, бір адам:

 «Уа, Алла, оған лағынет жаудыршы», - дейді,  бірақ Пайғамбарымыз,(с.ғ.с) былай айтқан:

«Қарғама оны, Алламен ант етемін, ол Алланы және Оның Елшісін сүйетінін білемін». (Бұхари)

Бұл Алланың Өз жаратқандарына қандай мейірімді, қайырымды әрі рақымды екенін көрсетеді. Ол бізді шаршатып,ақыр соңында әлімізден айыратын әулиелілік пен «дінмен бәсекелесуді» талап етпейді, керісінше, Ол біздің титтей де болсын жасаған игі амалдарымыз, адал ниетіміз, тәубеміз және түзелуіміз үшін бізге сауап беріп, кешіруге дайын. 

Алла Тағала Өз жаратқандарына жақсылық қалайды әрі Ол бізді қолдайды. Ал осы ақиқатты түсіну бізді игі амалдарға итермелеп, бізді өзімізге және өзгелерге қатысты  қарапайым, кішіпейіл әрі ұнамды етеді. 

 asyldin.kz

0 пікір