ДҮНИЕ-АЙНА
ДҮНИЕ-АЙНА
29.03.2020 12:23
302
0

Ерте ерте ертеде... Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішіне айнадан арнайы бөлме аштырады. Тіпті, бөлменің едені мен жоғары жағына да айна қойдырады.

Бір күні сарайдың ішіне байқаусызда сұлтанның иті кіріп кетеді. Ит айна қондырылған бөлмеге кіріп аң-таң болады. Айналасындағы каптаған иттерді көріп не істерін білмей бір орында қалшиып тұрып қалады. Жан-жанының бәрінен иттер тесіліп қарап тұр. Ол өзінің қорыққандығын сезіндірмеу үшін жай ғана тісін ақситып қойды. Бұл оның иттерді қорқытпақ болған түрі еді. Өзіне қарап тұрған иттер де тістерін ақситты. Бұл одан сайын жынданып, ырылдап айбат шегуге көшті. Олар да калыспай ырылдай бастады. Амалы таусылған ит үріп корқытпақ болып, барынша дауыс көтеріп үрді. Оған қарап тұрған иттер де одан калыспай тоқтамай үре берді. Ол қанша үрсе де әлгілерді еш тоқтата алмады. Бұл осылай жалғаса берді. Таңертең сұлтан айнаға қарамақ болып бөлмеге кіргенде итінің аузы көпіріп өліп жатқанын көрді. Бөлмеде жалғыз иттен басқа жан-пенде жоқ. Тек қана айналар бар. Шын мәнінде, итті ешкім қорқытпады, оған қарсы ешқандай ит үрген де жок. Ол бар болғаны өз-өзіне айбат шегіп, өз-өзімен арпалысып өлді.

 Міне дәл осы сияқты ішіңіздегі мыңдаған кедергілерден сүрінбей өтсеңіз сырттағы кедергілерден оп-оңай өте аласыз. Сіз қандай болсаңыз-айналаңыздағыларды солай көресіз. Дүние - ішіңіздегіні көрсететін айна екенін ешқашан естен шығарушы болмаңыз.

 

 

0 пікір