ДҰҒА ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ МӘЙЕГІ
ДҰҒА ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ МӘЙЕГІ
31.03.2016 13:38
2639
0

«Дұға» – сөзі араб тілінде шақыру мағынасын береді. Ал шариғатымыздағы мағынасы пенденің Раббысынан жалбарынып сұрауы (тілеуі). Дұға пендені Раббысымен тікелей байланыстырып, пенденің арман-тілектерін, мұңы-мұқтаждығын жеткізуші. Жаратушыға дұға етумен жалбарыну біздің табиғатымызға тән нәрсе. Бұған дәлел: діннен хабарсыз адамның өзі ешкім үйретпесе де, тосын қатерлі жағдайда шыбын жаны шырқырап, Алла Тағалаға жалбарынады. Өйткені, оның басқа арашасы да, қорғаны да жоқ екендігін пенденің өзі іштей сезініп тұрады. Алла Тағалаға дұға ету – ауру, сырқаттардың емі. Адам табиғаты сондай, ол әрдайым жүрегіндегі уайым-қайғысын ең жақын адамына төгіп салып, өзінің қайғы-қасіретін жеңілдеткісі келіп тұрады. Невропатологтардың айтуынша, жүйке ауруына шалдыққан адамның көбі көңілдегі уайым-қайғысын жақын адамына шағыну арқылы айығады екен. Жүйке ауруына шалдыққан адам уайымын ешкімге айтпай, ішіне сақтап жүрсе, дерті асқынып кетеді. Ал, егер адам баласы өз қайғысын Жаратушысына айтып, Одан медет сұраса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда оның көңілі жай тауып, қайғы-қасірет салмағы жеңілдейтіні даусыз. Өйткені, ол - шын жүрек пен нық сенім арқылы Алла Тағаладан сұраса, сұрағанын беретініне мына Құран аяттары дәлел болады.

وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌ أُجِيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجِيبُوا لِي وَلْيُؤْمِنُوا بِي لَعَلَّهُمْ يَرْشُدُونَ

«Мұхаммед (ﷺ): егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді». (2:186)»

ادعوا ربكم تضرعاً وخفية إنه لا يحب المعتدين

Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді. («Ағраф» сүресі, 55-аят).

وقال ربكم ادعوني أستجب لكم إن الذين يستكبرون عن عبادتي سيدخلون جهنم داخرين

Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық tnelty  паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді. («Ғафир» сүресі, 60-аят).

وروى النعمن بن بشير عن النبي صلى الله عليه وسلم أنه قال ‏"‏ إن الدعاء هو العبادة ثم قرأ ‏"‏ ادعوني أستجب لكم ‏"

Нұғман бин Башир риуят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Расында дұға – құлшылық» ‏- деп «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын» аятын оқыды ( Асхабуль Сунан).

 ‏وقال صلى الله عليه وسلم ‏"‏ الدعاء مخ العبادة ‏"

‏Имам Термези жеткізген хадисте Әнас бин Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыз (ﷺ): «Дұға құлшылықтың мәйегі», - деген.

 وروى أبو هريرة أنه صلى الله عليه وسلم قال ‏"‏ ليس شيء أكرم على الله عز وجل من الدعاء ‏"

Абу Һұрайра (р.а.) ‏риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ұлы Құдіретті Алла Тағалаға дұғадан артық құрметті еш нәрсе жоқ», - деген. (Термези, ибн Мажа, ибн Хиббан, Хааким).

 وقال صلى الله عليه وسلم ‏"‏ إن العبد لا يخطئه من الدعاء إحدى ثلاث‏:‏ إما ذنب يغفر له وإما خير يعجل له وإما خير يدخر له

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Пенденің жасаған дұғасы мына үшеудің біріне дәл тиеді. Я, оның күнәсі кешіріледі, я, оған жақсылық тездетіледі, я, оған жақсылық сақталып қойылады.

Дұға әдептері

 

Өзінің жасайтын дұғасы үшін: жылдан Арафа күнін, айлардан рамазан айын, күндерден жүманы, тәуліктен таң сәріні таңдау.

وروى جابر بن عبد الله أن رسول الله صلى الله عليه وسلم ‏"‏ أتى الموقف بعرفة واستقبل القبلة ولم يزل يدعو حتى غربت الشمس

Жабир бин Абдулла риуаят еткен хадисте:  «Пайғамбарымыз (ﷺ): Арафада тұратын жерге келіп, қыбылаға бұрылып күн батқанша дұға етті», деген.

وبالأسحار هم يستغفر

«Олар таң сәрімен истиғфар тілейді» («Зарият»  сүресі,18-аят).

ونكان هؤلاء المحسنون قليلا من الليل ما ينامون، يُصَلُّون لربهم قانتين له، وفي أواخر الليل قبيل الفجريستغفرون الله من ذنوبهميقولون: اللهم اغفر لنا

Ол игі-жақсылар түндерінде аз ұйықтап, Раббыларына құлшылық етеді. Түндерінің соңғы уақыттары таң сәріде Раббыларынан истиғфар тілейді деген.

، رَوَاهُ الطَّبَرَانِيَّ رَبَّكُمْ حَيِيٌّ كَرِيمٌ ، يَسْتَحِي أَنْ يَمُدَّ أَحَدُكُمْ يَدَهُ إِلَيْهِ فَيَرُدَّهُ خَائِبَتَيْنِ إِنّ

Салман ал Фарси жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендердің Раббыларың аса Жомарт (Хайюн) пенделері оған қолдарын көтерген уақытта, құр қайтаруға ұялады», деген ( Әбу Дәуіт  Термези, Ибн Мажа, Хаким).

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ : كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَرْفَعُ يَدَيْهِ فِي الدُّعَاءِحَتَّى يُرَىبَ يَاضُ إِبْطَيْهِ

Әнас  ибн  Мәлік (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (ﷺ)  дұға жасағанда екі қолын  көтергені сонша, оның қолтығының ағы көрінетін  және саусақтарымен ишара жасамайтын еді,– деген (Муттафақун алайһ).

Омар (р.а.) Пайғамбарымыз (ﷺ): қашан дұғада қолдарын көтерсе, қолдарымен бетін сипамайынша түсірмейтін еді, –деген ( Термези, Хааким).

Дұға жасау барысында орташа дауыспен жаса

 

قُلِ ادْعُواْ اللَّهَ أَوِ ادْعُواْ الرَّحْمَنَ أَيًّا مَّا تَدْعُواْ فَلَهُ الأَسْمَاء الْحُسْنَى وَلاَ تَجْهَرْ بِصَلاتِكَ وَلاَ تُخَافِتْ بِهَا وَابْتَغِ بَيْنَ ذَلِكَ سَبِيلاً 

(Мұхаммед ﷺ) оларға: «Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда жариялап та, құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста» («Исра» сүресі, 110-аят).

Бұл аяттағы «صلاتك» сөзін Айша (р.а.)  анамыз дұға мағынасында,– деген.

أنأباموسى الأشعري قال قدمنامع رسولالله فلمادنونامن المدينةكبروكبرالناسورفعواأصواتهم فقالالنبي صلى الله عليه وسلم ياأيهاالناس إنالذيتدعونل يسبأصمولاغائبإنالذيتدعون بينكم وبينأعناق ركابكم

Абу Мұса әл-Ашғари: «Алла Елшісімен (ﷺ): бірге Медине қаласына жақындаған кезімізде ол тәкбір айтты. Адамдарда тәкбір айтып дауыстарын көтерді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әй, адамдар! Сендер дұға жасап жатқан ғайып, саңырау емес, деді де, расында сендердің дұға етіп жатқандарың сендердің әрі көліктеріңнің, мойындарының арасында, –деді.

Дұға жасау барысында мейлінше жасырын, әрі ықыласты болу. Ұйқас қуалаудан, жасандылықтан сақтанып шектен шықпау.

ادعواربكم تضرعاًوخفيةإنه لايح بالمعتدين

Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.

أنه رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول سيكون قوم يعتدونفي الدعاء

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жақын арада дұға жасауда шектен шығатын қауым болады», деген ( Абу Дәуіт, Ибн Мажа, Хааким).

Дұғасының қабыл болуына нық сеніп, үмітті болу

 

قال النبي صلى الله عليه وسلم: "لايقل أحدكم الله ماغفرلي إنشئت،الله مارحمن يإنشئت؛ لي عزمالمسألة؛ فإن الله لامكرهله

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендердің бірің дұға ету барысында Раббым қаласаң күнәмді кеш, Раббым қаласаң мені мейіріміңе бөле демесін. Сұрағанына нық бел бусын. Өйткені дұға етушіні мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ», деген. (Муттафақун алайһ).

ادْعُوااللَّهَ وَأَنْتُمْ مُوقِنُونَ بِالإِجَابَةِ، وَاعْلَمُواأَنَّ اللَّهَ لايَسْتَجِيبُ دُعَاءً مِنْقَلْبٍ غافلين لاهٍ

Пайғабарымыз (ﷺ): «Сендер Алла Тағалаға қабыл ететіндігіне анық сеніп дұға жасағдар. Расында Алла Тағала бейғам, қаперсіз жүрекпен жасалған дұғаларды қабыл етпейтінін біліңдер», деген (Термези, Хааким).

Дұғасына беріліп, ықыласпен қайталап сұрау.

 

عن عبدالله بن مسعودرضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم : (كَانَ إِذَادَعَ ادَعَا ثَلَاثًا، وَإِذَاسَأَلَ سَأَلَ ثَلَاثًا) رواهمسلم

Ибн Масғуд (р.а.): Пайғабарымыз (ﷺ): қашан дұға жасаса, үш мәртелеп жасайтын. Егер сұраса үш реттен сұрайтын.

Дұға жасауда әуелі Алла Тағаланы мақтап-мадақтап, соңын Пайғамбарға (ﷺ): салауат айтумен аяқтау.

عن سلمةبن الأكوع قال : " ماسمعت النبي صلى الله عليه وآله وسلم يستفتح دعاءإلااستفتحه: بسبحانربيالعلي الأعلى الوهاب 

Саламат бин Акуаа: Пайғамбарымыз (ﷺ): дұғасын: «Сыйлаушы, Ұлы, аса Биік, Раббым Пәк, деп Алла Тағаланы мадақтап бастайтын», деген (Ахмад, Хааким).

«Дұға» пендені Раббысына жақындатып, оның ішіндегі уайымын сейілтіп, Раббысынан үміттендіріп, жан-дүниесін жеген уайым-қайғысын Раббысына тапсыртатын құлшылық. Дұға жасау арқылы адамның Раббысына деген тәуекелі арта түседі. Егерде дұғасына жауап бірден қайтарылса, оның Раббысына деген махаббаты артып, қуанғаннан қуанышы қойнына сыймай кететіні анық.

عن ابن عباس ـ رضي اللهعنهما أن رسول الله صلى الله عليه وسلم بعث معاذاً إلى اليمن فقال اتق دعوة المظلوم فإنه ليس بينها وبين الله حجاب

Ибн Аббастан (р.а.)  жеткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ): «Зұлымдыққа ұшыраған адамның дұғасынан қорқыңдар. Өйткені оның дұғасымен Алла Тағаланың арасында перде болмайды», – деген. Ол адамның дұғасын Алла Тағала бірден қабыл ететінін айтады.

Сондай-ақ ата-ананың балаларына жасаған дұғасы, ораза тұтушының, ауызашар уақытында жасаған дұғасы, сапарда жүрген адамның үйіне оралмайынша жасаған дұғасы қабыл деген. Мұндай нығметтерден қапер қалу шынайы мұсылманға айып. Осындай Раббымыздан берілген мүмкіндіктерді өзіміздің пайдамызға асыру ақылды адамның ісі. Кейде адам зұлымдыққа ұшыраса, бірден залымға ашуланып, өшін алу мақсатында қабыл болғалы тұрған дұғасын өзіне, ата-анасына, бала-шағасына, туған туыстарына, еліне, жеріне, отанына, ақиретіне пайда бермейтін, қайдағы жоқ, болмас сөздермен құртып алады екен. Немесе сапарда жүрсе, үйіне жеткенінше асығып, сапар барысында дұғасының қабыл болатынын ұмытып жатады. Ораза тұтсақ тамақтануға асығып  жатамыз.  Ата-анамыздың біздерге жасайтын дұғалары қабыл болатынын біле тұра, оларды риза етіп, баталарын алудың орнына, оларды ренжітіп, тіпті қарттар үйінде тастап, Раббымыздан берілген жеңілдіктерге немқұрайлық танытып жатады екенбіз.

Пенденің, не оған аса қымбат болған адамдарының басына түскелі тұрған бәлекетке дұғадан басқа ештеңе тосқауыл бола алмайды. Ендеше өзімізді, отбасы бала-шағаларымызды, ата-аналарымызды, отандастарымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды Жаратушы Жаппар иемізден дұға арқылы түрлі жамандықтардан қорғайық ағайын. Адамның барлық құлшылық- ғибадатының қабыл болуы дұғасымен тікелей байланысты. Өйткені, дұға құлшылықтың мәйегі.

Аташов Әсет Қадырақынұлы
Алматы қаласы, 
Бостандық аудандық «Орбита-3» мешітінің Бас имамы

0 пікір