ДӘУІТ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖАРАТУШЫҒА АРНАҒАН МАДАҚ СӨЗДЕРІ
ДӘУІТ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖАРАТУШЫҒА АРНАҒАН МАДАҚ СӨЗДЕРІ
02.04.2020 11:54
1729
0

Адам өмірі көк шөп секілді,
Даланың гүлі тәрізді гүлдейді:
Керімсал ыстық соққанда
Қурайды гүлің,
Өскен жерінен
Таппасың ізін, күлін.

Әкенің сәбиіне жаны ашығандай
Иеміз өзін қастерлегендерге
Жанашырлық танытар.

Күнәмді мойындаймын деп,
Әділетсіз екендігімді жасырмаймын деп
Иемізге ашық айтып, кешірім сұрадым.
Сонда ол барлық күнәмді кешірді,
Сондықтан оған адал боп жүргендер
Басына күн туғанда, мінәжат етсін.
Топан су іспетті апат келсе де,
Ажалдан аман-есен құтылады.

 

0 пікір