Бұл адам емес, мүмкін періште шығар
Бұл адам емес, мүмкін періште шығар
12.09.2017 15:48
3605
0

Бір риуаятқа сай, Зылиха Жүсіптің  пиғылын азғыру үшін, оның көзінше шешініп, суы толы алтын ваннаға түседі.
Вехб ибн Мунаббих былай айтқан:

- Зылиха Жүсіпке  аса ынтық болатын, тіпті онымен бірге төсекке де жатқан. Сол кезде қабырға ашылып, Жақыптың  бейнесі көрініп, былай деген екен: «Уа, Жүсіп! Надандар жасайтын істі жасама. Сен – пайғамбарсың!».  Сонда Жүсіп бірден төсектен тұрып кеткен екен. 

Содан кейін Жүсіп есікке қарай ұмтылады, бірақ Зылиха оны арт жағынан ұстап алып, көйлегін жыртып тастайды.

Кабул-Ахбар былай деген: Зылиханың  ұсынысынан Жүсіп  бас тартып кетіп қалғанда, ол: «Жүсіп маған қастық жасады», - деп  күйеуіне шағым жасайды. Мұны естіген Жүсіптің  қатты берекесі кетеді. Сол кезде сол бөлмеде бесікте жатқан бір сәби, Алланың қалауымен, былай деген екен:

- Егер Жүсіптің  көйлегі арт жағынан жыртылса, оның айтқаны шын.

Ал Жүсіптің көйлегі арт жағынан жыртылған болған. 

Сонда Зылиханың  күйеуі:

-  Мұның бәрі оның ісі, кешір мені, Жүсіп.

Болған оқиға туралы сыбыс  күллі Мысырға тарап кетеді.  Зылиханың он екі досы келіп оған:

- Сенің ғашық болған құлың бар екен ғой, - деп айтады. 

Зылиха оның әрқайсысының қолына өткір пышақ ұстатып, бір-бірден тәрәнжі береді. Содан кейін Жүсіпке:

- Әдемі киініп, бізге кел, - деп бұйырады. 

Жүсіп әйелдер отырған жерге кіріп келгенде, олар одан көздерін ала алмай қалады да таңғалғандарынан өз қолдарын қалай кесіп алғандарын білмей, былай деседі:

- Бұл адам емес, мүмкін періште шығар.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтады: «Ой, Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті» (12:31).

Кабул-Ахбар былай деген: Жүсіптен жұпар иіс аңқып тұратын. Оның үлкен көздері, қалың қасы мен оймақтай ғана аузы болатын. Ол күлген кезде, оның тістері жарқырап тұратын. Жүсіп  көшеде кетіп бара жатқанда, үйлердің қабырғаларын күннің сәулесіндей жарқырататын. 

Жүсіптің сұлулығы — Алланың берген сыйы еді. Сұлулықтың тең жартысын Алла Тағала Жүсіпке сыйлаған, ал қалған жартысын осы әлемге берген.  Жүсіптің жүзін көрген жандар, олардың алдында періште тұр деп ойлап қалатын болған екен. 

 

"Анварул-ашикын" кітабынан

muftyat.kz

0 пікір