Болмашы бір перде үшін еңкейгеніңді қаламаймын!
Болмашы бір перде үшін  еңкейгеніңді қаламаймын!
27.11.2019 03:12
6309
0

Омар Әл-Мұxтардың (رحمة الله تعالى) әйелі қайтыс болғанда, ол көзіне жас алып жылаған еді,

Сонда одан:

" Неге сонша көп жылайсың Уа, Омар?" деп сұрады

Ол:

"Менің әйелім көзі тірісінде, мен соғыстан келгенімде әрдайым мені кірсін деп, есіктің пердесін көтеріп  ашып тұратын еді

Бір күні мен одан:

"Сен неге бұлай жасайсың? - деп сұрағанымда

Ол:

"Сенің әрқашанда басыңды тік көтеріп жүргеніңді қалаймын және болмашы бір  перде үшін еңкейгеніңді қаламаймын..."деп айтқан еді- деді.

Әрбір  алыптың артында әйел тұрады. Еркекті ер қылатын да, жер қылатында əйелдеріміз!

0 пікір