Бір сәтте байыған қыз
Бір сәтте байыған қыз
25.07.2015 14:26
22382
0

     Бірде данышпанға бір қыз келіп: «Бұл өмірде менен сорлы, менен кедей жан жоқ. Жағдайым өте қиын. Сіз маған көмектесе аласыз ба?» - дейді.
     Данышпан қыздың қолындағы сәбидің басынан бір сипады да жымиып тұрып:
     –  Кедеймін де... Егер менің көмектескенімді қаласаң, сәбиіңнің бір саусағын маған сат.
     Данышпанның бұл сөздеріне таңырқаған қыз «мына кісі мені мазақ қып тұр ма» дегендей кейіп танытты.
     Алтынға толы бір қапты ұсынған данышпан:
     –  Мен балаңның тырнағын сатып алуға да келісемін, ауруды сездіртпей аламын.
     Мына сөздерге шошып кеткен қыз баласын құшағына қаттырақ қысып кетуге асықты.
     –  Бар болғаны тырнақ қой. Оның қайта өсіп шығатынын өзің де білесің.
     Баласын бауырына тығып қашып бара жатқан қыздың артынан данышпанның:
     –  Түсіне алар емеспін. Сен қандай кедейсің? Бір қап алтынды қолыңдағы байлығыңның кішкентай ғана бөлігіне де айырбастағың келмейді! - деген сөздері естілді...

0 пікір