Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас! (Абай)
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас!  (Абай)
23.05.2019 16:15
494
0

Күндер, айлар, жылдар сусып ағуда.  Уақыт баршамызды тағдыр деген сапардың соңына апарады. Біз ғұмырымыздың түрлі кезеңдерінде жылдам қадам бассақ та ғұмыр деген қазынамыз таусылып бара жатыр. Ғұмыр жайлы: «Малға сат, пайдаға сат қылығыңды,

Ылайла ылай оймен тұнығыңды,

 -Сонда өмірден алдамшы бола алмассың,

Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды»,-деп Абай атамыз қандай керемет сипаттаған.

Дүниедегі өмір кез-келген тіршілік иесі үшін –Пәни. Демімімз санаулы. Соған қарамастан адам баласы қолындағы қаншама нығметтерді еш қам-қаперсіз тұтынып, қаншама  даму сатыларынан өтуде.

 Мәңгілік ғұмырға дайындық жасау үшін берілген дәл осы сәтте барлығымыз  өмір сүріп жатқан мына қысқа ғана ғұмыр деген қазына қаншама жауапкершіліксіздер мен ысыраптарға санасыз күйде құрбан етілуде...

Ғұмырымыздың әр сағаты, әр минуты тіптен әр сәтін еш күмәнсіз салиқалы амалдармен табысқа айналдыра білсек ғой шіркін! Бұл дүниеден ақыретке апарарымыз игі амалдарымыз бен пайдалы істеріміз ғана екендігін бәріміз де білеміз  емес пе?!.

Олай болса тағы бір күннің соңына жетелеп әкеле жатқан дәл қазіргі ғұмырымызды сараптап, ақыретіміз үшін азығымызды арттыра түсуге неге тырыспайды екенбіз!..

 Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Ћәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

 Сағаттың өзі — ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

 Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр,

Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр.

 Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл,

Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

0 пікір