БІР ЖҰЛДЫЗ ӨЗІН АЙНАЛЫП ТҰРАТЫН ПЛАНЕТАНЫ ЖҰТТЫ. ЖЕР ПЛАНЕТАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЕЛЕСТЕЙДІ.
БІР ЖҰЛДЫЗ ӨЗІН АЙНАЛЫП ТҰРАТЫН ПЛАНЕТАНЫ ЖҰТТЫ. ЖЕР ПЛАНЕТАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЕЛЕСТЕЙДІ.
12.05.2023 10:37
694
0

Астрономдар алғаш рет бізден он екі мың жарық жылы ұзақтығында орналасқан, өзінің инфрақызыл сәулесімен жарығы жүз есеге артқан және өлуге айналған бір жұлдыздың өзінің орбитасындағы планеталарының бірін жұтуының нәтижесінде пайда болған жарылысқа куә болып отыр. 


Мұндай құбылыстың мүмкін нәрсе екендігі теориялық тұрғыда қабыл етілгенімен, көзбен көрілмеген жайт-тын. Алайда астрономдардың бұрын-соңды кездестірмеген бұл жаңалық - әлдебір жұлдыздың жүздеген есеге ісіп, кейін кездескен нәрсенің бәрін жұтып жатқанда, планета жүйесіне не болатындығын түсінуге үлкен септігін тигізді. 

Болашақта Күн жұлдызының ақыры қалай өрбитінің түсіндірген теориялармен ұштасатын бұл жаңалық, келешекте «Құс жолы» галактикасының санаулы күндері қалғанда не болатыны жайында бізге кеңірек пікір қалыптастырады.

Массачусетс штатындағы «астрофизика және ғарышты зерттеу институтының» астрофизикші маманы Кишалай Де: «Жер планетасының болашағын көріп тұрғандаймыз» дей келе, аталмыш құбылысқа қарай отырып, жердің ақыры әлгі жұтылған планетанікіне ұқсас болуы мүмкін екендігін білдірген:

«Күн жерді жұтып жатқанда басқа бір цивилизация бізді 10 мың жарық жылына тең келер ұзақтықтан бақылап тұратын болса, тура біз көргендей Күннің де кенеттен жап-жарық болып, кейін айналасында шаң бұрқ еткендей көрініс пайда болып, артынан қайта бұрынғы қалпына оралғанын көрер еді» - дейді ол. (Суретте планетаның жұлдызға жұтылу көрінісінің үш кезеңі бейнеленген).

Күн сияқты алып жұлдыздардың өлуі айтарлықтай қорқынышты процесс. Құс жолы галактикасындағы өзге жұлдыздардың өмірі кезеңімен бақыланып, «жұлдыздың өлу» процесінің қалай жүзеге асатындығын көрсетті. 

Әлдебір жұлдыздың ядросында жанатын сутегі отыны таусылғанда, синтездің сыртқы қысымы мен ауырлық күшінің ішкі қысымы арасындағы нәзік тепе-теңдік бұзыла бастайды. Соның салдарынан ядросы қысылады, кейін көп мөлшерде сутегі жұлдыздың сыртқы қабаттарынан, орталыққа қарай тасымалданып, жұлдыздың ядро ​​айналасындағы қыртыста шоғырланады. Жоғары температура мен қысымның әсерінен бұл сутегі қатпары біте-қайнасып, жұлдыздың сыртқы қабаттарын жүздеген көп есеге ісіретін қосымша жоғары температура шығарады. Бірақ әлсіз болып келетін сыртқы қабаттары спектрдің қызыл шетіне қарай салқындап, нәтижесінде «Қызыл алып» (красный гигант) деп аталатын құбылыс пайда болады. Міне осы ісіп, кеңею процессі кезінде жұлдыз кездескен нәрсесін жұтады.

Күн жүйесінде бұл процесс бірнеше миллиард жыл ішінде болады деп күтілуде. Ол кезде Күн Марс орбитасына дейін кеңейіп, Меркурийді, Венераны және Жерді жұтатындығы күтілуде...

Астроном ғалымдарының айтысына қарағанда, әлдебір жұлдыздың өз серігін (спутник) жұтуы жылда бірнеше мәрте орын алып тұратын құбылыс екен. Бірақ оның жүзеге асу процесінің көрінісіне алғаш рет қол жеткізіліп отырғанға ұқсайды. Енді бұдан былай «жұлдыз жұту» құбылысына жиі куә болып тұратындығымыз анық1.


1  Ceyda Yetim, «Bir yıldız gezegeni yuttu: 'Dünya’nın geleceğini görüyoruz'» атты мақаладан ықшамдалынып алынды. Түрік тілінде.

 

Дереккөз:Ислам.кз

0 пікір