Бір Алланың құзырындағы бізге беймәлім бес нәрсе
Бір Алланың құзырындағы бізге беймәлім бес нәрсе
16.08.2019 09:43
3321
0

Адам баласына:

1.Қиямет күні,

2.жаңбырдың (қашан, қалай) жауатыны,

3.баланың жатырда қалай пайда болатыны,

4.ертең не болатыны және

5.қайда өлетіні құпия болып қалады.

Бұл 5 нәрсені білуші – бір Алла ғана.   

Бұл жайлы Қасиетті Құранда: «Расында, жалғыз Алланың құзырында ғана:

- (Қиямет) сағаты (қашан болатыны жайлы) білім бар.

-Ол (Өзі қалаған уақытта, Өзі қалаған орынға) жаңбыр жаудырады және

-(аналардың) жатырларындағы жүктерін (ұл-қыз, бақытты-бақытсыз болатынын) біледі.

-Ешбір жан ертең не болатынын біле алмайды және

-ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Тек қана, Алла – Білуші және Хабардар» делінген. («Лұқман» сүресі, 34-аят).

0 пікір