БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ, СҰРАҢЫЗ...
БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ, СҰРАҢЫЗ...
14.01.2020 09:54
254
0

Бiр күннiң мәнiсiн бiлгiңiз келсе - ауырып ажалын күтiп жатқан науқастан сұраңыз. 

Қаншама жылдар бойы бiр жанды күтудi бiлгiңiз келсе - балалар үйiндегi терезеге телмiре қараған сәбиден сұраңыз. 

Күннiң калай өтпейтiнiн бiлгiңiз келсе - қарттар үйiндегi ойынан жаңылған қариядан сұраңыз. 

Екi адамның арман-мақсатымен өмiр сүргеннiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе - аяғы ауыр әйелден сұраңыз. 

Ұйқыны мың бөлудiң қандай екенiн бiлгiңiз келсе - өзi тоңса жамылмағанмен, қасындағы сәбиi ашылып қалмады ма деп түн ұйқысын бөлетiн Анадан сұраңыз. 

Бiреудi шексiз сүю қандай екенiн бiлгiңiз келсе - Аллаға сансыз құлшылық ететiн жаннан сұраңыз.

 

0 пікір