БӘРІНЕ БІРДЕЙ ҚАРАҒАНДА..
БӘРІНЕ БІРДЕЙ ҚАРАҒАНДА..
06.04.2020 09:50
321
0

Бір ғұлама шәкірттерімен шөл далада отырып: «Қараңғы күн мен жарық күнді қалай ажыратасыңдар? Осы күн қай уақытта қараяды да, қай уақытта айдын болады? – деп сұрайды.

Шәкірттердің біреуі: «Көкжиекке қараймын, қойды ешкіден ажырата алмаған кезімде күн қарайды деп түсінем», - дейді.

Тағы бір шәкірті: «Ұстаз, інжір ағашын зәйтүн ағашынан ажырата алатындай анық көргенімде таң атты деп түсінемін», - депті.

Ғұлама үндемей біраз ойланды. Шәкірттері не жайлы ойлағанын білгісі келіп: «Сіз қалай ойлайсыз, ұстаз?» - деп сұрайды.

Ғұлама сол кезде: «Бір әйелді көрген кезде, сұлу ма, сұлу емес пе, қара ма, ақ па деп бөлмей, бәріне бірдей «қарындас» дей алғанымызда және де сол сияқты алдымыздан шыққан ер кісіге қарап бай-кедей деп емес, ұлтына, жүзіне, дініне қарамастан, бәріне бірдей «бауырым» дей алғанымызда таң атты, айналам АЙДЫН болды деп түсінемін, - деп жауап береді.

 

0 пікір