Бақыттың суреті
Бақыттың суреті
29.08.2019 08:53
2827
0

 Бір күні халқының арасында ерекше беделі бар бір патша бақыт деген нәрсенің ең керемет суретін салған өнерпазға мол сыйлық беретінін жария етеді.

Жан-жақтан бармақтарынан бал тамған небір хас шеберлер ағылып келеді. Бірінен бірі асырып суреттер салады.

Сөйтіп бәрі өз туындыларын патшаға ұсынады. Шығармаларды мұқият қарап шыққан патша сонша суреттің арасынан тек екеуін ғана ұнатады. Бірақ екеуінің қайсысына бас жүлде берерін білмей қиналады.

Ол суреттердің бірінде тұп-тұнық, тып-тыныш айдын көл бейнеленіпті. Айнадай жарқыраған көл биік-биік таулардың бейнесін шағылыстырып тұр екен. Жоғарыда мақтадай ақ ұлпа бұлттар көктің жүзін сәндеп тұр.

Суретке кім қараса да, ерекше сезімге бөленіп өзін бақытты сезінетін болыпты.

Екінші суретте де таулар салыныпты. Еңселі, биік, заңғар таулар. Аспаннан жерге өкпелегендей нөсер төгіп, найзағай ойнап тұр. Таудың етегінде аппақ көбігі шашыраған сарқырама ағып жатыр. Қысқасы, бұл сурет көрген адамға бақыт сыйлайды деп айту қиын.

Бірақ патша бұл суретке қарағанда сарқыраманың арғы жағындағы жартасқа біткен бұтасы мол шілікті жерді байқап қалады, Қалың шіліктің үстінде ана торғай балапанын қанатымен бүркеп отырғандай көрінді. Қатты ағып жатқан судың үстінде ана баласы мен ұясын қорғап бағуда.

Ерекше бақыт пен тыныштық үлгісі еді.
    Сонымен жүлдеге кім ие болды дейсіз ғой. Екінші сурет. Оны патша былай деп түсіндірді: «Бақыт деген у-шу, ұрыс-керістің немесе зорлық-зомбылықтың болмауы және қиыншылық жоқ жер деген сөз емес. Бәлкім, нағыз бақыт сондай шуылдар мен ауыртпашылықтардың арасында жүректің тыныш болуы».

  Иә, осы айтылған анықтама құп рас.

 

  Ғибратнама   

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз
Тәубешіл құлдың үш тілегі
ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
Ықылас
Адам мен Ібіліс
Өлімді ұмытпа, Омар!
БҰРЫНҒЫ КЕЗІМДІ ЕСКЕРТКЕНІҢЕ РАХМЕТ
Мас кісі Халифа Омарға (р.а.) қандай өсиет айтты?
Түсімде патша едім...
Отқа табынушының жәннатқа кіруі
Қайсы итті бақсаң, сол жеңеді

Опасыз сырқат және сайтан
Бақшадағы ең соңғы гүл
Қатты адасуға мыналар жатады:
Ұстаз бен шәкірт
Дауысы жұмақтан шыққан сахаба
Жұмақтағы көрші
Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Жетпіс шейіттің сауабы
Жетімді жебеген әйел

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір