Бақшадағы ең соңғы гүл
Бақшадағы ең соңғы гүл
25.06.2015 11:23
5493
0
Ертеде ай десе аузы, күн десе көзі бар ғажайып сұлу бір қыз өмір сүріпті. Дүниенің түкпір-түкпірінен жігіт сұлтандары келіп осы қызды бір көруге құмартады екен. Қандай мырзалар келіп сөз салса да, ажарына сенген қыз олардың ешбіріне көңіл бөле қоймапты. Өз ауылында атақты бір азамат ойын білдірген екен, ол да оң пікір ести қоймапты. Қапа болып ол да басқа қалаға көшіп кетеді. Отау тігіп, шаңырақ көтереді. Балалы-шағалы, немерелі болады. Арада жылдар өтеді. Күндердің күнінде бұл өзінің бұрынғы ауылына жолы түсіп келіп қалады. Баяғы өзі ғашық болған қыздың үйіне жақындаған уақытта өткен істері есіне түсіп кетіп, сұлу қыздың үйі жайлы сұрастыра бастайды. Көршілері ол қыздың тұрмыс құрып кеткенін айтады. Мұның ішінде: "Қайтсем де, маған тимеген қыз кімге бұйырғанын көруім керек" деген ой туады. Бір шетте жасырынып отырып, қыздың күйеуін үйден шығып жатқан кезінде көріп қалады. Қараса оның таңдаған ері жардай семіз, басы таз және түрі де ұсқынсыздау біреу екен. Өз көзіне өзі сенбейді.

Күйеуі кете салысымен қақпаны қағады. Үйден шыққан әйелді тани кетіп, неге осындай адамға тұрмысқа шыққанын сұрайды. Әйел: «Мына үйдің артындағы бақшадан ең әдемі гүлді таңдап, жұлып әкеп берсең, сұрағыңа жауап беремін. Бірақ бір шартым бар. Бақшадан гүл таңдағанда, артыңа қарамай тек қана алға жылжып отырасың» дейді. Бақшаға  кірсе гүлдер бірінен бірі өткен көркем. Біреуін жұлайын десе, екіншісі одан әсем көрінеді. Сөйтіп алға қарай жылжи береді, жылжи береді. Қараса бақшаның ең соңында жалғыз ғана гүл қалғанын байқайды. Түсі оңып, солып қалған болса да, шарт бойынша соны жұлуға мәжбүр болады. Мұны көрген қыз: «Көрдің бе, жақсыдан жақсыны таңдаймын деп жүргенде, өмір өтіп кетіп, ең жаманына да разы болуға мәжбүр болады екенсің», - дейді де үйіне кіріп кетеді.

    

 Ғибратнама    

Екі бірдей жаза
Нағыз демократия осы емес пе?
Қатемді айтар ма екен?...
Иманына қарай кезекке тұру
Маған көздің қажеті не?
Көздің ғұсылы
Бұйырған кетпейді
Жұмсақтыққа жәрдем келеді
Түшкірудің хикаясы
Ақ қағаздағы қара нүкте
Өмірдің мәнін іздеген адам
Адал жар (ОҚИҒА)
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Мына бір есепті қараңыз
Тәубешіл құлдың үш тілегі
ҮШ ДЕРТКЕ БІР ЕМ
Ықылас
Адам мен Ібіліс
Өлімді ұмытпа, Омар!
БҰРЫНҒЫ КЕЗІМДІ ЕСКЕРТКЕНІҢЕ РАХМЕТ
Мас кісі Халифа Омарға (р.а.) қандай өсиет айтты?
Түсімде патша едім...
Отқа табынушының жәннатқа кіруі
Қайсы итті бақсаң, сол жеңеді

Опасыз сырқат және сайтан

 

0 пікір