Байлық туралы бір ауыз сөз
Байлық туралы бір ауыз сөз
01.08.2019 11:30
1011
0

Үлкен жиында бір бай кісі малының көптігін айтып мақтанып, отырғандарға қыр көрсетіпті. Сонда көпті көрген ақ сақалды  қария баппен сөз бастап:

-Байеке, алыс сапарға шығып, құм аралап жолаушылап келе жатып қатты шөлдеп, тарығып өлер халге жеткенде, біреу бір кесе суды көрсетіп «Малыңның бәрін қисаңыз осы суды беремін» десе, сіз не айтар едіңіз?»-деп сұрақ қояды.

-Бір жұтым су үшін малымның бәрін беретін едім, әрине,-депті бай кісі.

-Көп малыңыздың құны-бір-ақ жұтым су болса, ондай байлықтың несіне мақтанып отырсыз?-деп қария басын шайқаған екен.

 

0 пікір