БАЙ МЕН ЖАЛШЫ
БАЙ МЕН ЖАЛШЫ
02.03.2021 14:51
435
0

Бай жалшыны сынайын деп тақиясын алып, басын сипайды. Сөйтсе жалшы оған қарап тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны: «Басқа бәле неден?» деп сұрағаны екен. Оған жалшының тілін көрсеткені: «Басқа бәле тілден» дегені екен.

Бай:

- Таппадың, жалшым, басқа бәле ағайын мен туыстан болады, - дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып:

-  Жоқ, байеке, өйтіп былшылдамаңыз, - деп қалады. Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында ілулі тұрған қамшыға ұмтыла береді.

Жалшы:

-  Сабыр, сабыр, байеке, айтпап па едім «басқа бәле тілден» деп, енді түсінген боларсың,-дейді.

Сөзден жеңілген бай белден ұрған жыландай сылқ етіп отыра кетіпті. 

 

0 пікір