Әзіл мен Сүйікті кәсіп
Әзіл мен Сүйікті кәсіп
26.07.2017 14:16
1711
0

Әзіл мен Сүйікті кәсіп – жанға дәру екені дәлелденген.

1. Ешкім басын боққа тығып отырғысы келмейді, әсіресе гүлдер, сондықтан олар тез өседі. 

2. Жетістікке жетудің басты шарты – ойлағаныңды жүзеге асырудың мүмкін еместігін білмеу. 

3. Адамдар – қызық жаратылыс. Ғажайып тола өмірден ішпысуды ғана ойлап-тауып алады. 

4. Бүгін таққа отырғанда мадақтаған тобыр, ертең тақтан түскенде басыңды алатын халық екенін ұмытпа. Бұ жұрт қойылым көруді жақсы көреді. 

5. Жеккөрушілік — сырт айналған махаббат. 

6. Күнә — адамға зат сияқты қарағаның. 

7. Сатып алуға болатын адамның түк құны жоқ. 

8. Жақсы өмірді адам өзіне өзі жасайды. Жасай алмаса, торда өмір сүреді. 

9. Жұмыстың бәрі қызық сияқты. Өзің бастап кіріскенше. 

10. Қорқақтардан мықты стратегтер шығады.

11. Кей адамды жазалау үшін адамгершілік танытасың. 

12. Аяғына нық тұрған адам ғана орындалмас армандарға қол созады. 

13. Қалыпты еместің бәріне уақыт берсең, қалыптыға айналады. 

14. Сен үшін шын маңызды дүниені ешқашан жазып алмайсың, өйткені маңызды нәрсе үнемі санаңда сайрап тұрады. 

15. Хаос әрдайым тәртіпті жеңеді, себебі, тым жинақы.

16. Тілек тілегенде абай бол. Оны кім еститінін білмейсің ғой. Немесе не естіп қоятынын.

Терри Пратчет 

Аударған Шынар Әбілдә

0 пікір