Әр үмбеттің куәгері
Әр үмбеттің куәгері
03.03.2016 15:18
1964
0

Бір жолы Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Масғұдқа (р.а.): «Маған Құран оқышы, тыңдайын», - дейді. Ибн Масғұд: «Құран өзіңізге түсті ғой, мен оны сізге қалай оқимын?» - деп сұрағанда,

Алла елшісі: «Мен Құранды басқадан тыңдағанды ұнатамын», - деп жауап береді. Ибн Масғұд «Ниса» сүресінен бастап оқи бастайды. «Әр үмбетті (пайғамбарларымен тірілтіп) әкелгенімізде, сол күн қандай күн болады десеңші?» деген 41-аятқа жеткенде, Ақиық елшінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) көз шарасы жасқа толып, жүрегі өрекпіп, қолымен «Жә, жетер, тоқтат!» дегендей ишара жасады...

 

Қ.БАҒАШАР

 

0 пікір