Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
Ақылыңды көрсетсең, Алланы көрсетейін
20.03.2019 12:08
704
0

Құдайға сенбейтін атеист біреу имам Әбу Ханифаға келіп: «Әй, Нұғман! Сен Алланы көресің бе?», - деді. Әбу Ханифа: «Алла бүкіл кемшіліктен пәк, Оны ешбір көз көре алмайды» деп жауап қайырды. Одан кейінгі әңгіме былай өрбіді:

-          Сен Алланы естисің бе? Сен Оны сезе аласың ба? Иісін сезе аласың ба? Сен Оны қолыңмен ұстай аласың ба?
-          Раббым бүкіл кемшіліктен пәк! Аллаға ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ және Ол Бәрін Есітуші һәм Бәрін Көруші!
-          Сен Оны көрмесең, есітпесең, сезбесең, иісін сезбесең, Оның бар екеніне қалай сенесің?
-          Ал енді сен айтшы, сенің ақылыңды көре аласың ба?
-          Жоқ!
-          Ақылыңды сезе аласың ба?
-          Жоқ!
-          Ақылыңды ести аласың ба?
-          Жоқ!
-          Қолыңмен ұстай аласың ба?
-          Жоқ.
-          Сонда сен ақылдысың ба, ақымақ жындысың ба?
-          Ол не дегенің, ақылдымын.
-          Ақылың қайда сонда?
-          Бар ғой, бар!
-          Міне, сол секілді Алла да бар. Алла барлық нәрседен жоғары. Одан үстем ештеңе жоқ. Ол шексіз ілімімен (және шексіз Құдіретімен) барлық нәрсені түгел қамтып тұрады.  Аллаға ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ және Ол Бәрін Есітуші һәм Бәрін Көруші!

 Құдайсыз құл үндей алмай қала береді.

0 пікір