АҚШӘМСЕДДИН (Қ.С.) НАСИХАТТАРЫ
АҚШӘМСЕДДИН (Қ.С.) НАСИХАТТАРЫ
16.01.2023 11:08
150
0

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: لَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَنْفُخُ فِي طَعَامٍ وَلَا شَرَابٍ وَلَا يَتَنَفَّسُ فِي الْإِنَاءِ. (هـ)

Ибн Аббас (р.анһума) риуаятында былай дейді:

 «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ішкен асына үрлемейтін және ыдысына да дем алмайтын». (Сүнән ибн Мажә)

-Кез келген істі бисмилләһпен баста. Әрдайым дәретің болсын, таза жүр.

-Намаздарыңа немқұрайлы қарама. Дүниенің өткінші ләззаты алдап жүрмесін. Түнде тұрып намаз бен зікірге уақыт бөл, таң сәріде Құран оқы. Алла тағалаға үнемі мадақ айтып, Оның азабынан қорық. Күні-түні Алла тағалаға дұға етіп, жалбарын. Өлімді ешқашан есіңнен шығарма.

-Саған берілген нығметке шүкір ет, басыңа түскен бәлеге сабыр ет; Алла тағалаға қарсы шығудан абай бол. Басқа түскен кез келген нәрсенің Алладан екенін біл, иләһи тағдырға ризашылық таныт.

-Бауырыңа бұйырған нығметті ешқашан қызғанба. Бауырыңның бір кемшілігін байқасаң, оны бетіне баспай, жөнімен түзетуге тырыс. Ешкімді жамандама, жалған мен жаладан сақтан. Ешкімді ренжітпе. Өзің де біреуге ренжіп мінез көрсетпе.

-Ата-анаңа қайырлы дұға жасауды ұмытпа. Өзіңнен үлкен біреудің алдына түсіп жүрме.

-Көп ұйықтама. Өйткені көп ұйқы ауруға себеп.

-Жалғыз өзің жолға шықпа. Салих кісілермен жолдас бол.

-Өзіңді жұртқа мақтама. Әміршінің де ілтипат-марапатына мастанып, мақтанба.

-Ізгілігің мен сыйың мол болсын, садақаны ұмытпа. Әрдайым әдепті бол, өзің жақсылық жасаған адамға да кішіпейіл бол.

-Сырыңды жұртқа жайма.

-Бүгін ертеңгі күннің уайымына батпа.

-Намахрамға қараушы болма, оған қарау ғапылдық пен зұлымдыққа ұрындырады.

-Дастарханнан түскен нан қиқымын жеу байлыққа себепші болады.

-Тырнағыңмен тісіңді шұқылама.

-Үйіңді таза ұста, үйіңе өрмекші тор құрып жүрмесін.

-Алла Тағалаға наразы болудан сақтан, жадың мен зейінің күшейсін.

0 пікір