Алланың әр ісінде хикмет бар!
Алланың әр ісінде хикмет бар!
30.10.2019 10:33
4559
0

Бір күні мұхитқа жол тартқан бір кеме апатқа ұшырап, батып кетеді. Кемеден так қана бір адам аман қалады. Толқындар бұл адамды адам аяғы баспайтын бір кішкентай аралға шығарып тастайды. Адам бастапқы күндері өзін құтқаруы үшін Аллаға жалбарынып дұға етті және қандай да бір көмек болар деген үмітпен жоғарыға қараумен болды. Бірақ келіп-кеткен ешкім болмады.

Кейін желден, жаңбырдан және жабайы аңдардан қорғану үшін ағаш бұтақтары мен жапырақтарынан өзіне күрке жасап алды. Судың жағасында табылған кемеден қалып кеткен консервленген тамақтар, компас, т.б. заттарды осы күркесіне жинап қойды. Күндер осылай жылжып өте берді. Балық аулап пісіріп жейді және қайта көкке көз тігеді. Аллаға жалбарынып дұға етеді.

Бір күні тұщы су әкелу үшін кеткен еді. Қайтып келгенінде күркесінің отқа оранып, жанып кеткенін көреді. Бұл адамның қазіргі жағдайында басына төнген ең жаман, ең қиын нәрсе болды.

Өкпелі және ренішті халде бір орында тұрып қалды. Енді тірі жан болмаған бұл аралда баспана болатын күркесі де қалмады.

"Алла Тағала неге маған бұлай жасады?" деп бар даусымен қатты айқайлады. Түнді өкпе-реніш ішінде өткізді. Сонша дұға еткенінде басына осындай жағдай төндіргені үшін Аллаға шағымданды.

Ертеңіне таң атпастан аралға жақындап қалған кеменің дабылының даусынан оянып кетті. Бұны құтқару үшін келген екен. Әл-дәрмені құрып тұрған адам өзін құтқарғандардан:

- Менің бұл жерде екенімді қайдан білдіңіздер?- деп сұрады.

Алған жауабы оны бір жағынан таңқалдырса, екінші жағынан қатты ұялтқан еді:

- Түтін арқылы білдірген белгіңізді көрдік.

Алланың әрбір ісінде хикмет бар! Соңында не болатынын білмей Оған қарсы келмейік!..

 

0 пікір