Алладан қорқасыз ба, әлде ...?
Алладан қорқасыз ба, әлде ...?
31.01.2019 14:44
411
0

Барлық мақтаулар Аллаға болсын!

 Ата бабаларымыздын елімізге жерімізге жасаған дұғасымен егеменді ел болып тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл болды. Елімізде тыныштық болу үшін заңымыз қабылданып,іске асып жатқан жайы бар. Бірақта, өкінішке орай заң бұзушылық, жемқорлық мәселесі әлі де жалғасын табуда. Соның бірі жолдағы көлік жүргізушілеріміз тәртіп сақшыларын көрсе жол ережесін сақтап, жол сақшылары жоқ болса «Кім көріп тұр дейсін?»,- деп жылдамдықты асырып, кейін орны толмас өкінішке ұрынып жататыны тағы бар. Немесе  жол ережесін бұзып сақшыларға ұсталған сәтте тәртіп сақшыларына ақша беріп жататындары да бар. «Алла көріп тұр!»,- деген сөзге мән бермей, «Бұл жерде бейнебақылау істеп тұр!»,- дегенде ғана аяғын андап басып, иығында «Екі періште сөздеріңді жазып жатыр!»,- дегенге құлақ аспай, «Үнтаспаға жазып жатыр!»,- дегенде ғана сөзін көркемдеп, артық ештене айтпауға тырысатындарда бар.        

Алла Тағала Құранда: «Алла Тағала көздердің ұрлана қарағанын да адамдардын көкірегінде жатқан барлық құпияны да толық біледі»,- деп баяндайды.  Халифа Омар (p.a)- дын кезінде сүт сатушыларға сүтке су қосып сатуға тыйым салынады. Қаланын тәртібін бақылау үшін бір күні түнде Халифа Мәдинә қаласын аралап жүріп қатты шаршайды да біраз тынығып алу үшін бір үйдін қабырғасына сүйеніп отырады. Сөйтіп отырып ол үйдін ішіндегі анасымен қызының әңгімесін естиді.

-Қәне қызым тұр да сүтке су қос. қызы:

-Халифанын сүтке су қосып сатуға тыйым салғанын естімеп пе едіңіз? Анасы:  -Естідім.

 Қызы: -Онда халифа тыйым салған нәрсені қалай орындаймын?

Анасы: -Омар сені көріп тұрған жоққой,тұр да сүтке су қос.

Қызы: -Омар көрмесе де Алла көріп тұр ғой. Мен Омардың көзінше жасамайтын ісімді ол жоқ жерде де жасамайтыныма ант беремін.

Хазіретті Омар мына әңгімені естіген сон үндемей үйіне қайтады да аз күннен сон дініне берік иманы түзу бұл кедей қызды өзінің баласы Асымға айттырып алып беріпті.

Бұл оқиғадан ұғып қорытынды жасасақ Алла Тағала сізбен біздің жасырын және әшкере жасаған ниет амалдарымыздан толық хабардар.

Алла Тағала баршамызды екіжүзділіктен сақтап, дүниенің құлы емес Алланың сүйікті құлы болып, адамдардан қорқатындардан емес, Алладан қорқатын момын мұсылмандардан болуымызды нәсіп етсін.

 

 Амиров Абылай

 «Қасым қажы» мешіті наиб имамы

 

 

0 пікір