АЙТАР СӨЗІМІЗДІҢ ҮШ СҮЗГІСІ
АЙТАР СӨЗІМІЗДІҢ ҮШ СҮЗГІСІ
25.02.2021 10:23
620
0

 Бір жігіт ұстазына келіп:
-         Ұстаз, мен сізге бір нәрсе айтқым келеді, -дейді.
-         Тоқтай тұр, - дейді ұстазы. Айтар сөздеріңді алдымен үш сүзгіден өткізіп ал.
-         Үш сүзгі?
-         Иә. Ең бірінші – шындық сүзгісі. Маған айтқалы тұрғандарың шындық екеніне сенімдісің бе?
-         Жоқ, өзгелерден естігенім...
-         Жақсы. Яғни сен оның ақиқат екенін білмейсің. Екінші – жақсылықтың сүзгісі. Ол адам жайлы маған жақсы нәрсе айтқың келе ме?
-         Жоқ, керісінше...
-         Сонда сен шындықты білмесең де ол туралы жаман нәрсе айтпақсың. Ең соңғысы – игілік сүзгісі. Сенің айтқың келген нәрсеңнің маған, өзіңе пайдасы бар ма?
-         Жоқ, жай, айтқым келіп...
-         Сонымен, сенің маған айтқың келгеніңде шындық та, жақсылық та, пайдасы да жоқ. Онда оны айтудың қажеті қанша?

0 пікір