AХМЕД ЖӘУДАТ ПАШАДАН ӨМІРЛІК ДӘРІСТЕР
AХМЕД ЖӘУДАТ ПАШАДАН ӨМІРЛІК ДӘРІСТЕР
20.12.2021 10:00
558
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Адамдар сенде көруді қаламаған (әрекеттерді) жалғыз қалғанда да жасама». (Кәнз ул-уммал)

Жәудат паша Екінші Абдулхамид ханға жеткізген тілектерінің бір тарауы Марузат атты еңбегінің соңында алған білімін, өмірлік ұстанымын және мемлекет қайраткерлерінен болсын, сұлтандардан болсын көрген жақсылығын теріс пайдаланбағанын, ашкөздік пен атақ құмарлыққа берілмегенін баяндап өлең жазған.

Жәудат паша өмірде алға басып, жоғары мансапқа жетуде ешқашан асығып-аптықпаған. Мәжәллә кітабының 99-бабындағы “Кімде-кім бірдеңені уақытынан бұрын тезірек бітіргісі келсе, одан құр қалып жазаланады” (Бір нәрсенің мерзімен бұрын, тезірек, асығыс болғанын қалаған адам одан құр қалып жазаға ұшырайды.) деген үкіміне әуелі өзі сай  болуы керектігін білдіреді.

Жәудат паша өмір бойы ұстанған өмірлік ережесін былай түсіндіреді:

“Байқадым, ойланып, ұқыппен әрекет еткеннің ақыры қашан да қайырға жеткізеді. Лап еткен от секілді бірден жарқ еткеннің болашағы тез сөнеді. Сол себепті өмірдің кедір-бұдырына, өң-қырына қарай әрекет ететіндерін көріп ғибрат алдым. Үнемі орташа қарқынмен, ықтиятпен, ақылмен іс қылдым. Несібеме риза болдым және маған берілген нығметтерге шүкіршілік айтып, Аллаға тәуекел еттім. Ықыласты мүміндер де үлкен қатерде деген ұлағаттың аңғарын көп айналып, көп қиыншылық, қатерге тап болдым, әбден қиналдым. Алайда, аманшылық туралықта жолынан таймадым, тура жолдан айнымадым. Алланың игілігімен қателікке ұрынбадым. Aлла да бұл құлын барынша қорғады.

Осылай әрекет етушілер әрдайым жан тыныштығын табады. Дүниеде қорқатын бірдеңе бар болса, ол – Алла Тағала… Әміршіден қорқу – хикмет. Ата-анадан қорқу – хикмет. Үлкендерден және басқалардан қорқу, сақтану, ұялу – хикмет. Мұның бәрі Алладан қорқудан басталады. 

 

0 пікір