ӘДІЛДІК СОТЫ!
ӘДІЛДІК СОТЫ!
03.10.2019 16:49
529
0

"1935- жылы Нью-Иорк қаласындағы "нан сататын дүкеннің иесі", бір қаусаған қарт кемпірді - "Екі бөлке Нан ұрлағаны үшін" сотқа берген көрінеді. Кемпір, сотта тұрып, нұры сөнген көзінен жас ағыза-жалғыз қызының күйеуі өліп үйге қайтып келгенін жəнеде соңғы уақыттары жұмыс істеуге шамасы келмей - үйде төсек тартып ауырып жатқанын, ал немерелерінің əлі кішкентай екенін, міне соларды тамақтандыру үшін "нан ұрлағанын" айтып, ақталып зар жылайды.

 Бірақ, тас жүрек дүкен иесі дегенінен қайтпай, " ұрлықтың қылмыс екенін жəне оның жазалануы керек екенін айтып, арызын қайтарып алмай қойыпты.

Сот басталған кезден ақ дегбірі қашып, жүрегі ауырып отырған Фьорелло Генри Ла Гуардиа есімді Сот төрағасы амалсыздан:

 - Мен сізге "қылмыс жасағаныңыз үшін 1 доллар көлемінде айыппұл саламын деп үкім шығарады да, қалтасынан 1 доллар алып кемпірге:

 - Мынаны кассаға апарып өткізіңіз дейді.

Содан кейін орнынан тұрып, сотты тамашалап отырған адамдарға:

 - Мен сіздерді жəне өзімді де "осы секілді " қарттарды сорлатып, нан ұрлату" дəрежесіне дейін түсіріп жіберген қалада тұрып жатқанымыз үшін жауапқа тартып, 10 доллар көлемінде айыппұл саламын- дейді.

 Соттың бұл сөзін бəрі құп көріп, қалталарынан ақшаларын шығарыпты. Нəтижесінде, 800 доллардай ақшаны жинап алған сот орындаушысы Филлераның нұсқауымен, жиналған қаржыны манағы "нан ұрлаған" кемпірдің қолына ұстатқан дейді...

 Бұл кісі уақыт өте келе Нью Иорк қаласының мэрі болып тағайындалады. Бұл кісінің атында көптеген көшелер, мектептер жəне бір əуежай бар.

 

Бибібатима Қадырованың фб парақшасынан

0 пікір